Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 26 ақпан күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдызды аспан. Көрнекі сурет
Жұлдызды аспан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Өз жартысын іздеп жүргендер үшін бүгін ешкіммен кездеспеген абзал. Өзіңіздің серігіңізбен кездесу туралы келіспес бұрын, алдын ала оның қандай адам екенін біліп алыңыз.

Махаббатқа немқұрайлы қараудан қашыңыз, байыпты болуға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Үйдегі спа-процедуралар үшін бір сағат уақыт бөліңіз: қарапайым хош иісті ванна қабылдағаныңыздың өзі сіздің көңіл-күйіңізді көтереді.

Достарыңызға тәуелді болмауға тырысыңыз: олардың өз өмірі бар, оларда сізбен сөйлесуге уақыт пен күш-жігер жеткіліксіз болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Бұл күнді жеке өзіңізге арнаңыз: өзіңіз үшін күндізгі немесе кешкі мәдени ойын-сауық бағдарламасын ойлап табыңыз және жеке өзіңізге арналған уақыттан рахат алыңыз. Бұл сізге өзіңізді көбірек бағалауға және жақсы көруге көмектеседі.

Естелік үшін достарыңызбен көбірек суретке түсіңіз, жасқа жас қосылған сайын, бірге өткізілген уақыттан естеліктер құнды бола түседі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Серіктесіңіздің ашық әңгімесі сізге кері әсерін тигізуі мүмкін болса, онда оның сырын тыңдамай-ақ қойыңыз. Түрлі даулардан сақ болыңыз.

Егер сізді қандай да бір мәселе алаңдатса, мүмкіндігінше достарыңыз бен таныстарыңыздың пікірін сұраңыз. Сонда ғана сіз шынымен нақты шешім қабылдай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Жасқа байланысты өзгерістер туралы аз алаңдауға тырысыңыз: олар мүлдем табиғи, оларда ұят немесе жағымсыз ештеңе жоқ. Есіңізде болсын, сұлулықтың «жас» стандарттары тек пайда табуға бағытталған.

Бүгін достарыңызға сіздің сыныңыздан гөрі қолдауыңыз қажет болар. Хабарласып, жылы сөз айтып көріңіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Бүгін сыртқы келбетіңізге кез келген өзгерістер жасау үшін ең қолайлы күн.

Бүгін ащы, майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз: зиянды тағамды тұтынудың жағымсыз салдары болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Таңғы уақытта жұмысты ауыр тапсырмалардан бастаңыз, күннің соңына қарай оларды шешуге күшіңіз жетпеуі мүмкін.

Қарым-қатынаста шынайы болыңыз, өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге тырыспаңыз. Болмысыңыздан алшақтап кетпеңіз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Мектептен/жұмыстан үйге әдеттегіден басқа жолмен жетуге тырысыңыз, бұл - күнделікті күйбең тіршіліктен жалыққанда жақсы.

Күтпеген ұсыныстар, сыйлықтар, жағымды тосын сыйлар болуы мүмкін. Маңызды қаржылық мәселелерді шешуге тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз.

Кейде дос деп жүрген адам әділ әрі турасын айтамын деп сіздің көңіліңізді түсіруі мүмкін. Әдейі айтатындар бар екенін естен шығармаңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Бүгін биік өкшелі емес ыңғайлы аяқ киімді таңдаңыз: күннің соңына қарай сіз өзіңізге риза боласыз.

Барлық жақыныңыздың есіне оларды қаншалықты жақсы көретініңізді салыңыз, бұл кез келген жанжалдың алдын алады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Ақшаға келіп тірелетін жұмыстарда қателік жіберуіңіз мүмкін. Қаржылық құжаттарды мұқият оқып шықпайынша, оларға қол қоймаңыз.

Достарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Мазаңыз болмай жүрсе, оларға барлығын ашық айтыңыз. Бірақ оларға да өзіңіз қолдау көрсетуге дайын болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін отбасыңызда тамаша түсіністік орнайтын күн. Жақындарыңызға деген ерекше жылылық пайда болып, қарым-қатынастарыңыз беки түседі.

Бүгін өзіңізге жаңа маусымдық зат сатып алудың тамаша күні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2010708-bugingi-zuldyz-zoramal-26-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel