Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таро құпиясы: карта арқылы қалай болжам жасауға болады

Жарияланған күні:

Таро құптясы: карта арқылы қалай болжам жасауға болады
Таро картасының колодасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарым-қатынас, денсаулық және ақшаға қатысты болжам жасау сіздің өткен шаққа, бүгінгі күнге және болашаққа зер салуыңызға көмектеседі. Таро картасының қай тарауы жағдайды басқаларына қарағанда жақсырақ көрсететінін білгіңіз келе ме? Бұл сұраққа жауап алу үшін картаның нақты түсіндірмесіне және тарологтар Дональд Тайсон, Елена Саратовцева және Анна Новикова ұсынған сипаттамаға жүгініп көруге болады.

"Күн картасы" болжамы

Тародағы таратылымды бір карта арқылы қалай оқуға болады? Тароның ең қарапайым түрі "Күн картасы" деп аталады және бұл адамның өзіне болжам жасау үшін қолданылады. Толық колодадан бір картаны алып, оны талдап көріңіз. Колодаға арналған нұсқауларды және арканның түсіндірмесін тік тұрған қалпында пайдаланыңыз. Карта болжамының 24 сағатқа ғана жарамды екеніне мән беріңіз, ал төңкерілген аркан осы уақыт аралығында қырағы және мұқият болу қажет екеніне ескерту болып саналады.

Тостаған бейнесіндегі карта (күштер) болжам жасаушының эмоциясын ашады, Бесбұрыштар (тиындар) бейнесі материалдық және жердегі құндылықтарды білдіреді. Қылыштар бейнесі ақыл-ой жұмысын, ал Таяқтар бейнесі (асатаяқ) іс-әрекетті көрсетеді.

Таро құпиясы: карта арқылы қалай болжам жасауға болады
Таро арқылы болжам жасаған әйелдің қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Картадағы басты аркан күндізгі ойлар мен сөздердің, іс-әрекеттің маңыздылығы және олардың адамның болашағына әсері жайлы хабар береді. "Таро - просто как раз, два, три" кітабының авторы Дональд Тайсон он алты сарай картасы туралы (барлық картадағы Паж, Патшайым, Патша және Тұз бейнелері) жазады. Олар сіз болжам жасаған күні араласатын адамды бейнелейді.

"Күн картасы" болжам жасауды жаңадан бастағандарға және картаның қыр-сырын өздігінен үйренетін тарологтарға ыңғайлы. Ол үшін ең алдымен колода сатып алып, оны мұқият зерттеу керек. Анна Новикова "Карты вам в руки. Как стать профессиональным тарологом?" кітабында мынадай кеңестерді ұсынады:

  • Картада бейнеленген сюжетті оқу.
  • Арканды қолыңызда ұстаған кездегі сезіміңізді бағалау.
  • Картаны күнделікті таныс дүниелермен салыстыру арқылы ассоциацияларды талдау.

Келешекке үш карта арқылы болжам жасау

Болашаққа арналған Taро таратылымын қалай жасауға болады? Алдағы уақытқа арналған ең қарапайым Taроның таратылымы үш картадан тұрады. Ол бүкіл колоданы немесе тек негізгі арканды пайдаланады. Қатар тізілген карталарды орналастырып, өткен шақты, қазіргі жағдайды және болашақта болуы мүмкін оқиғаларға талдау жасалады.

Таратылым жасамас бұрын колоданы жақсылап араластырыңыз. Егер сіз өзіңіз үшін немесе басқа адам үшін болжам жасағалы отырсаңыз, ойша немесе дауыстап карталардан өмірдегі үш маңызды кезеңді көрсетуді сұраңыз. Колодадан бір картадан алып, оларды бір қатарға, бетін төмен қаратып, солдан оңға қарай үш қатарға қойыңыз.

Нәтижесінде мынадай реттілік шығуы керек:

  1. Қазіргі өмірге әсер ететін өткен шақтағы оқиғалар.
  2. Қазіргі уақытта болып жатқан оқиғалар.
  3. Болашақта орындалуы ықтимал болжам.

Егер позициялардың кез келгенінде негізгі аркан түссе, онда бұл тағдыршешті жағдайды білдіреді. Мәселен Ұстамдылық арканы өмірдің тыныш өтіп жатқаны туралы баяндайды, Мұнара арканы стереотиптердің жойылатынын білдіреді, ал Есалаң (ақымақ) - жаңа жолдың басталуы жайлы хабар береді. Кіші аркандар күнделікті оқиғалардың эмоционалдық бояуын, материалдық және рухани мәнін көрсетеді.

Таро құпиясы: карта арқылы қалай болжам жасауға болады
Карталар бейнесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Таға" арқылы болжам жасау

"Таға" таратылымы қалай жасалады? Ол арман-тілектің орындалуын болжау үшін бес картаның көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір позиция тілектің ұтымды және эмоционалдық жағын, оның шынайы мәнін, сондай-ақ жоспарды жүзеге асырудағы кедергілер мен берілетін көмек туралы сипаттайды. Тағаның көрінуі сізге белгілі бір уақытта тілегіңіздің оңай орындалатынын білдіреді. Колоданы араластырыңыз және одан бес картаның бетін төмен қаратыңыз:

  • Бірінші карта - логикадағы тілекті білдіреді.
  • Екінші карта - жан-дүниеңіздің сезімін көрсетеді.
  • Үшінші карта - тілектің шынайы мәні (пайдасы немесе зияны).
  • Төртінші карта - мақсатқа жету жолындағы кедергілер.
  • Бесінші карта - жетістікке жетуге көмектесу.

Негізгі аркан арқылы таратылған түзу карталар адамның жұмсаған күш-жігері бекер емес екенін, тілектің орындалатынын және өмірге оң өзгерістер әкелетінін көрсетеді. Мұндай үлкен аркандарға мыналар жатады:

  • Сиқыршы, Жоғарғы Абыз және Абыз әйел.
  • Патша мен Патшайым.
  • Әділеттілік және күш.
  • Сәттілік дөңгелегі және әлем.
  • Жұлдыз, Күн және Сот.

Үлкен аркандар туралы Райдер-Уэйттің классикалық Таро колодасынан үйренген абзал. "Простое Таро. Самоучитель гадания на Таро Уэйта" кітабының авторы Елена Саратовцева үлкен аркандар туралы нақты түсіндірмелер берген. Ол колодаға арналған сұрақтарды медитацияға ұқсатады, себебі болжам жасау кезінде адам өзінің ішкі әлеміне бойлап кетеді.

"Таға" таратылымын кешенді түрде оқып көріңіз, өйткені жайлы немесе теріс карталар бірнеше позицияға түсіп кетсе, бірін-бірі нығайтады.

"Лемниската" - махаббатқа жасалатын болжам

Махаббатқа болжам жасау үшін Таро әлеміне зер салатындар көп. "Лемниската" Таро карталарын қалай оқуға болады? Қызығушылық танытқан адаммен қарым-қатынас қалай өрбитіні туралы сұрақ қойыңыз. Сегіз картаны шексіздік белгісі түрінде орналастырыңыз. Позицияларды жұп бойынша түсіндіріңіз.

Колоданы дайындап, карталарды бір-бірден шығару керек, содан соң солдан оңға қарай орналастырыңыз, көлденең күйде сегіздік пішінін салғандай шексіздік белгісін жасаңыз. Шеңберлердің әрқайсысы серіктердің бірін бейнелейді. Олардың қиылысы үш және жетінші позиция болып саналады.

Ол үшін мына сызбаны пайдаланыңыз:

  • Бірінші және бесінші позициялар - жұпты ажыратады, қандай да бір ортадағы күш оларды бір-бірінен алыстатады.
  • Екінші және алтыншы позиция - ниет, тілек және негізгі мақсат.
  • Үшінші және жетінші позициялар - қарым-қатынас нүктесі, жұпқа ортақ дүниелер, олардың татуласу және біріктіру жолы.
  • Төртінші және сегізінші – ішкі қажеттілік, қарым-қатынастың қозғаушы күші.

Карталарды кезең-кезеңімен түсіндіріңіз:

  1. Үшінші және жетінші жалпы позициядан бастаңыз. Егер түскен карталар бір-біріне диаметралік жағынан қарама-қарсы болса, онда үйлесімді жұп болу ықтималдығы нөлге жақын. Мысалы Сот пен Есалаң немесе Ыдыс тұзы және Қылыш жетілігі бір адамның ниетінің ауырлығын, екіншісінің айлакерлігін әрі кемелденбегенін айтады.
  2. Бірінші және бесінші карталар сізге бұл қайшылықтардың мәні неде екенінен хабар береді.
  3. Екінші және алтыншы карталар жұптың әрқайсысының себебін түсінуге көмектеседі.
  4. Төрт және сегізінші карталар ең маңызды болып саналады, өйткені бұлар адамдардың санадан тыс өмір сарынын көрсетеді.

Бұл таратылым жаңа адаммен қарым-қатынас үшін немесе қазіргі серігіңізбен татуласу, бұрынғы сүйіктіңізбен қайта қосылуға қатысты болжам жасауға көмектеседі.

Таро құпиясы: карта арқылы қалай болжам жасауға болады
Қарым-қатынасқа болжам жасау. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Кельт кіресі" карталары

Тародағы "Кельт кіресі" карталарын қалай оқуға болады? Бұл адамның саналы және түпсаналық себептерін, оның өткенін, бүгінін, болашағын және жағдайдың ықтимал нәтижесін талдай отырып, күрделі түрде оқылатын, бірақ өте мағыналы таратылым болып саналады. Ол мүлік сатып алу, жұмысты өзгерту, некеге тұру немесе ажырасу туралы сұрақтарға жауап беруге, сондай-ақ кез келген өмірлік жағдайларды шешуге көмектеседі. Мұндай карталар бүкіл колоданы және он позицияны қамтиды.

Позицияларды қалай түсіндіруге болады:

  1. Жағдай, тақырып, тарату мәселесі.
  2. Жағдайға сыртқы күштердің (адамдар, өмірлік жағдайлар) әсері.
  3. Адамның әлденені ойлап, жүзеге асыруы.
  4. Оның іштей сезген дүниесін аңғаруы.
  5. Артта қалған өткен өмір.
  6. Енді басталатын алдағы өмір.
  7. Адамның сұраққа қатынасы, оған әсері.
  8. Жағдайға басқа адамдардың көзқарасы мен әсері.
  9. Үміт (оң карта) немесе қорқыныш (теріс карта).
  10. Карта қорытындысы, оның болашағы және нәтижесі.

Карта таратылымын қалай түсінуге болады? Мысалы егер кверент Бесбұрыштардың патшасы немесе Патшайым позициясына түссе, оның жағдайы тұрақты және ақша немесе жұмысқа байланысты алаңдауға негіз жоқ. Мұнара арканының пайда болуы әлденені жоғалтатынын болжайды (жұмыстан шығып қалу, қарым-қатынасты бұзу, мүлікті жоғалту). Мұнараның да позитивтік рөлі бар: ол ешқашан жақсылықты жоймайды, тек өмірден ескірген нәрсені алып тастайды.

Таро құпиясы: карта арқылы қалай болжам жасауға болады
Таро карталары және гүл. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егер Мұнарадан кейін Әлем, Күн немесе Бесбұрыштар тұзы тұрса, онда адамды керемет сәттілік, және оның жоспарларының орындалуы күтіп тұр, өйткені бұл аркандар өмірдегі жарқын энергияны бейнелейді, ал Бесбұрыштар тұзы - бұл колодадағы бақытты көрсететін карта. Осыдан кейін бәрі жақсы болатынын түсініп, карталарды жабуға болады.

Көкейдегі сұрақтарға жауап алу үшін танымал карта таратылымын қолданыңыз. Ықтимал болжам жүріс-тұрыс жолын дұрыс жасауға, тығырықтан шығуға және кикілжіңнен аулақ болуға көмектеседі. Карталарды тарату кезінде пайда болатын нұсқаулар мен ойша бейнелерге сәйкес әрқайсысының мағынасын түсіндіріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2010758-taro-qupiyasy-karta-arqyly-qalai-bolzam-zasauga-bolady/