Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 6 наурыз күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

жұлдыз
Көрнекі фото: pexels.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін жақындарыңыздың бірі сізді қатты қуантады. Алғыс айтуға дайын болыңыз.

Қиын күннен кейін массаж, су процедуралары және жайлы музыка миыңыздың тынығып, денеңіздің босаңсуына көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Ұйқыдан ояна сала төсегіңізді жинауды әдетке айналдырыңыз: бұл күніңіздің өнімді болуына септігін тигізеді.

Кір жуу, киім үтіктеуді кейінге қалдырыңыз, одан да дене мен бет күтіміне уақыт бөлген дұрыс.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Күрделі және ауқымды істерге кірісерде сақ болыңыз. Жоспар жасаңыз және сіздің нұсқаларыңызды ел дұрыс бағалайтынына көз жеткізіңіз.

Дос ретінде көмек көрсетуге дайын болыңыз, бұл жақсылығыңыздың қайтарымы болады.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Егер диетаға отыруға батылыңыз бармай жүрсе және сізге жоғарыдан белгі қажет болса - міне. Ең бастысы – аштықпен өзіңізді қинамаңыз, жай ғана дұрыс тамақтаныңыз.

Достарыңызды жинап, шағын саяхатқа шығыңыз. Оларға жол көрсетуші болыңыз, бұл сізге ұнайды және бәрі де қуанады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек.

Жақындарыңызбен естелікке толы жылы кеш өткізіңіз, ескі суреттерді ақтарып, альбом қараңыз. Болмаса сүйікті отбасылық фильмді бірге қараңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Жұмыста үзілістерге кететін уақытыңызды қадағалаңыз, әйтпесе бүгін маңызды міндеттерді шешуге уақытыңыз болмауы мүмкін.

Кішігірім қиындықтар кедергі болмайды. Ең бастысы - басқаларға мұқият болу. Кімнен көмек сұрайтыныңызды алдын ала ойластырыңыз. Тәжірибелі адамдарды тыңдаңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Кешкі астан кейін тәніңізге назар аударыңыз. Жеңіл тағамдар, спорттық жаттығулар, сауықтыру процедуралары пайдасын тигізеді.

Негативке назар аударуды қойып, достарыңызға қоңырау шалсаңыз, көңіл күйіңіз бірден көтеріледі.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Достарыңызға моральдық қолдау көрсету қазір сізге қиын болса, мұны жасырмаңыз, бірақ жағдайды жұмсақ түрде түсіндіріп айтыңыз, оның мәселелерін талқылауды екеуіңізге де ыңғайлы уақытқа жылжытуды ұсыныңыз.

Өзіңізге әдемі үй киімдерін сатып алыңыз: үйде «ескі-құсқы» киіммен жүру - өзіңізді сыйламау және бағаламау.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Үйіңізді тазалаңыз және қоқыстардан арылыңыз. Бұл жан-дүниеңіздегі тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі. Үй жинау кезінде жақындарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Олар сізге қуана көмектеседі.

Қызғанышқа бой алдырып, арақатынасыңызды бұзып алуға жол бермеңіз, сүйіктіңізге сенуді үйреніңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Күрмеуі шешілмеген мәселелерді шешіп, серіктеспен қарым-қатынасты жақсартыңыз, жұмсақ әрі мейірімді болыңыз.

Бүгін өзіңізді зиянды тағамдармен қуантуға тырыспаңыз, әйтпесе кейін ар-ұжданыңыз мазалайтын болады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Күннің екінші жартысы жеке қарым-қатынасқа ұнайтын өзгерістер әкеледі. Жұлдыздар сіздің жағыңызда, сондықтан бастаманы өз қолыңызға алудан қорықпаңыз.

Бүгін суретке түсу үшін тамаша күн: сіз сәтті ракурстарды оңай тауып, өзіңізге ұнайтын фотосуреттер жасай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін көңіл-күйіңіз керемет болады, жақындарыңыздың бірі сізді қуантады.

Ұйықтар алдында ұйқыңыз тыныш болуы үшін үй жануарымен немесе жақын адамыңызбен серуендеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2011598-bugingi-zuldyz-zoramal-6-nauryz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/