Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған

Жарияланған күні:

Шық
Көктем. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақ халқы ауа райының қандай болатынын табиғаттағы түрлі құбылыстар арқылы біліп отырған. Осыған орай, бүгін назарларыңызға ел арасында көпшілік көп біле бермейтін, ауа райын болжауға байланысты ырым-жоралғыларды ұсынбақпыз.

Тарихта қазақ халқы ауа райын болжау арқылы алдағы тұрмыс-салтын соған қарай икемдеген дерек бар. Мәселен халқымыз ауа райын болжауда аспандағы жұлдыздарға қараған.

National Digital History ұсынған мәліметтерге сай, көшпенділер дәл осы аспандағы жұлдызға қарап, алдағы уақыттағы ауа райы мен табиғат құбылыстарын болжаған екен. Әсіресе олар жапан далада көшіп-қонып жүрген кезде, дәл осы жұлдыздардың жарығының қалай түсіп тұрғанын, осы жұлдыздар арқылы түнде жол, арық, мал тұратын жерлерді анықтаған.

Тіпті кей деректерде халық арасында ауа райын болжайтын "есепшілер" болған деген аңыз бар. Олар өз болжамдарын ұрпақтан ұрпаққа таратып, ауа райын, маусымдық егу жұмыс кезеңдерін, қыстаудан жайлауға, жаулаудан қыстауға көшетін кезді, кібісе жылын анықтаған. Сондай-ақ олар жұлдызға қатысты да болжам жасаған.

Қазақ халқының болжамы бойынша төрт түлік малдың ішінде түрлі табиғи-климаттық өзгерісті сезетін үй жануары қой екені айтылады. Мысалы егер, қойлар кешке қарай шөпті бір жаққа қарай шайнап тұрса, онда ертеңінде боран болады деп болжаған. Сонымен бірге жануарлар табиғаттағы өзгерістерді де түрліше болжай алады екен сенім бар. Мысалы, жылқы ауа райының бір жылда, қой жарты жылда, сиыр 2-3 күнде болатын өзгерістерін болжай алатын көрінеді.

Жылқы малы. Көрнекі сурет
Жылқы малы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сол сияқты қазақ халқында көктем мезгіліндегі ауа райына байланысты да түрлі болжам көп. Мысалы, түркі халықтары 21 наурыз күн мен түн теңелген күн деген деп сенген. Бұл күні есепшілер күннің қалай шыққанына қарап, алдағы күнгі ауа райын болжаған.

Мәселен, егер күннің беті сұрқай тартса, онда осы жылы жаңбыр мол жауып, егін бітік шығады деп сенген. Ал егер, керісінше күннің түсі қызғылт-сары түсті болса, онда бұл жылы құрғақшылық болады деп болжаған немесе мұндай жылдары таулы жерлерде жаңбыр жиі жауып, ал ормандарда өрт қаупі көп болады деген.

Астрономиялық айлар дегеніміз не?

Қазақ күнтізбесінде наурыздан басқа да маңызды астрономиялық айлар болған. Есепшілер наурыз айының басында малдың іс-қимылына қарап та алдағы көктемнің қандай болатынын болжаған.

Мысалы, егер ақпанның соңғы күнінде қойлар жайылымнан тез қайтса, онда көктем ерте келеді деп болжаған. Сол сияқты түйе ернін көп жыбырлатып, жылқы жиі кісінесе де көктем ерте келеді деген сенім болған. Одан бөлек, қойлар қардың астында қалып жатса, онда көктем 40 күннен кейін түседі деп сенген.

Ал егер қойдың жүні қатты өспей, бірқалыпты болса онда егін бітік шығып, жер құнарлы болады деген сөз.

Сонымен бірге қыстың соңғы күнінде жылқы жиі ықылықтап, құлындар тыныс алғанда ішпен демалса, онда көктем ерте келеді деп ойлаған.

Аспандағы жұлдыздар мен Ай. Көрнекі сурет
Аспандағы жұлдыздар мен Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақ халқы, сонымен қатар, көктемнің қандай болатынын Шолпан жұлдызының тууына қарап та болжаған. Олар Шолпан туғанда, алғашқы күндері оның беті сұр түске енсе, онда жаз жауынды болады деп болжаған. Бұған қоса қазақ халқын Үркер, Үшар қар-таразы және Сүмбіле сияқты үш жұлдызға баса мән берген. Халық арасында осы үш жұлдыз туралы «үш айда туып, бір айда, тіпті бір түнде батады» деген аталы сөз қалған.

Сол себепті қазақтар Үркер аспанда анық көрінсе, онда күн суытып, алда аяз күтіп тұр деген болжам жасаған. Ал егер Үркер түнгі 11-12-де аспанда анық көрініп тұрса, онда көктем туады деген түсінік болған.

Сол сияқты қазақ халқы ауа райын өзен, көлдердің деңгейіне қарап та болжаған. Мысалы егер торғайлар суда шомылатын болса немесе сиырлар түске дейін мөңіресе, жаңбыр жауады деп ырымдаған. Егер қозылар мен ешкілер секіріп ойнап жүрсе жаңбыр күткен.

Жайылымдағы қойлар. Көрнекі сурет
Жайылымдағы қойлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сол сияқты егер кешке батпақты жерлердегі бақалар ұзақ уақыт бойы бақылдаса, келесі күні ауа райы ашық болады деген болжам бар. Егер бақалар судан немесе балшықтан тек тұмсықтарының ұштарын шығарып жатса, онда ол ауа-райының нашарлауын білдірді.

Қазақ халқы ауа райын құстардың қимылына қарап та болжаған. Мысалы, егер тауықтар жаңбыр жауғанда жем, тамақ іздесе, онда жаңбыр ұзаққа созылады деген сөз. Егер қаздар қаңқылдаса, онда жылы ауа райы күтіледі, ал егер қаздар аяғын бүгін алып жатса, онда ауа райының салқындауын немесе боранды күтіңіз. Ал егер сіз көшеде көкектің дауысын жиі естісеңіз, онда алдағы күндер жауын-шашынсыз, ашық болады деген наным болған. Сол сияқты егер шағалалар көл бетінде ұшып жүрсе, онда күн ашық болмақ. Ал егер олар жағалауда жүрсе, онда бұл ауа райының қолайсыздығының белгісі.

Халқымыз, сонымен бірге, ауа райын жәндіктердің жүрісіне қарап та болжай алған. Мәселен, қатты желдің алдында құмырсқалар ары-бері көп жүріп, мазасы қашқан. Егер көктемде құмырсқаның ұясының солтүстік жағындағы қар ерісе, жаз жылы, ұзақ және шуақты болады деп күтілген.

Егер Шолпан жарқын болса, онда жазда өсімдіктер көп болады деп болжаған. Егер бір топ торғай қанаттарын жиі қақса, онда ол жаңбырлы жаздың бен қолайсыз қыстың белгісі саналған. Егер ашық күндері тиін ормандағы інінен шықпай қойса, бұл ауа райының нашарлауын білдірген.

Көптеген мұсылман халқы сияқты, қазақтар үшін де Айдың орны ерекше болған. Егер Ай шалқайып туса, онда ауа райы суық болады деп күтілген, ал егер ай еңкейіп туылса, онда осы айда күн жылы және ашық болады деген сөз. Егер ай әдеттегіден үлкен болып көрінсе және қызыл жарықпен шағылысса, онда жаңбыр күтілді. Егер Ай әдеттегіден үлкен әрі түсі қызғылт болып туылса, онда жаңбыр көп жауады деген мағынаны білдірген.

Әбдекей дегеніміз не?

Еліміздің Шығыс өңірінде 14 наурыз - "Әбдекей" күні деген түсінік бар. Жергілікті халықтың айтуынша, осы күні торғай еріген қар суынан су іше алса, онда алдағы 40 күнде күн жылынып, көктем уақытымен жетеді деген сөз. Ал егер керісінше, бұл күні суық болып, еріген қар суы мұз болып қатып жатса, онда алдағы 40 күн бойы күн суық болады деген ырым бар. Жалпы шығыс қазақстандықтар бұл күні асыға күтеді. Себебі, осы күннің ауа райына байланысты, халық көктемнің уақытылы немесе кеш жететінін болжайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2011973-abdekei-degen-ne-qazaq-xalqy-aua-raiyn-qalai-bolzagan/