Аналарға 8 наурызға не сыйлауға болады: 5 ерекше сыйлық
Жарияланған күні:
Аналарға 8 наурызға сыйлықты өз қолымызбен жасап, тарту еткен абзал. Алиша Бадкар, Татьяна Дорошенко және Елена Каминская айтулы мерекеде ардақты аналарымызға не сыйлауға болатынын айтты.
Салфетка салуға арналған органайзер
Органайзерді дайындау үшін:
- 22х11х7 см картон қорап;
- 5 м жұт арқан; шілтер;
- қайшы;
- желім пистолеті;
- майлықтар.
Органайзерді әзірлеуді төмендегі видеодан көре аласыз:
Шай мен кәмпиттерден жасалған торт
Анаңыз үшін ерекше торт жинап көріңіз. Ол үшін сізге қажет нәрселер:
- кәмпиттер;
- пакетиктегі шайлар;
- лента;
- әдемі моншақ;
- пенопласт;
- желім пистолеті;
- гофрирді қағаз;
- қайшы.
Ерекше тортты дайындау әдісін видеосын көріп, біле аласыздар:
Фотоальбом
Қарапайым фотоальбомды бірегей естелік затқа айналдырып, анаңызға 8 наурызға сыйға тартыңыз. Ерекше сыйлықты жасауға қажет нәрселер:
- фотоальбом;
- замша;
- картон;
- жұқа мата;
- анкерлер;
- кесінділер;
- скраб қағаз;
- жылу тасымалдағыш пленка;
- қайшы;
- желім.
Фотоальбом жасау әдісін келесі видеодан көріп, біле аласыздар:
Бьюти-бокстер
Сұлулық боксы - 8 наурызға арналған керемет сыйлық болмақ.
Алиша Бадкардың айтуынша, бұл күтім немесе сәндік косметика болуы мүмкін. Сыйлықты әзірлеу үшін, сізге:
- қорап;
- тері мен шашты күтуге арналған құралдар;
- қағаз жоңқалары;
- ашықхат;
- бирка -ашық хаттар қажет.
Флорариум
Флорариум – гүл шоқтарына тамаша балама болмақ. Ол үшін дискінің қораптарын пайдалана отырып, өз қолыңызбен мөлдір ыдыс жасаңыз және анаңызға 8 наурызға сыйлыққа ұсыныңыз.
Оған мынадай материалдар керек:
- диск қораптары - 11 дана;
- сызғыш;
- кеңсе пышағы;
- маркер;
- желім пистолеті;
- қайшы;
- қара жабысқақ таспа;
- маска таспасы;
- шпатель;
- топырақ;
- суккулентті өсімдіктер, кактустар;
- аквариум тастары.
Ең бастысы анаңызға сыйлық сыйларда, оған қажетті, көңілінен шығатын тарту-таралғы алуға тырысыңыз. Десе де анаңыз сіз қандай сыйлық сыйласа да, сізге дән риза болатынын естен шығармаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2011975-analarga-8-nauryzga-ne-syilauga-bolady-5-erekse-syilyq/