jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Испаниялық әйел бұрынғы күйеуінен 25 жыл үй шаруасын атқарғаны үшін ақы өндіріп алды

Кір жуып жатқан әйел
Кір жуып жатқан әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Испаниялық әйел сот арқылы бұрынғы күйеуінен 25 жыл отбасы болып тұрған кезде үй шаруасындағы еңбегі үшін ақы өндіріп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Испания соты ер адамды 25 жыл бойы ақысыз үй шаруаларын атқарғаны үшін бұрынғы әйеліне шамамен 200 мыңдай еуро төлеуге міндеттеген.

Осы уақыт аралығында ерлі-зайыптылар екі қыз тәрбиелеп өсірген. Сот шешімінде әйел бар уақытын отбасына және үй шаруаларына арнағаны айтылған.

Басылымның жазуынша, ерлі-зайыптылар некеге тұрған кезде мүлікті бөлу режимі болған, яғни, оған сәйкес әрқайсысының тапқаны тек өзіне ғана тиесілі болуы тиіс.

Алайда бір шаңырақ астында бірге өмір сүрген жылдары ештеңеге қол жеткізе алмаған әйел ажырасу кезінде де ештеңе ала алмаған.

48 жастағы Ивана Мораль өзінің жағдайын түсініп, адвокатқа жүгінген. Олар бірлесе отырып, некелескен 25 жылда ең төменгі жалақымен есептегенде Ивананың 204 624 еуро алуға мүмкіндігі барын анықтаған.

Дәл осы соманы Малага соты Ивананың бұрынғы күйеуіне төлеуге міндеттеген.

Испаниялық әйел бұрынғы күйеуінен 25 жыл үй шаруасын атқарғаны үшін ақы өндіріп алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.