Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ психологтары бейәдеп фильмдер қарау қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін анықтады

Опубликовано:

Теледидар пультін қолға алған бойжеткен
Теледидар пульті. Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-тың Юта штатындағы Бригам Янг университетінің психологтары жыныстық қатынасты ашық көрсететін бейәдеп фильмдерді қарау ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына кері әсер ететінін анықтады. Олардың зерттеу нәтижелері The Journal of Sex Research журналында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-тың Бригам Янг діни университетінің мамандары бейәдеп фильмдерді қарау қарым-қатынастың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін деген қорытынды шығарып, зерттеу нәтижелерін оқу орнының сайтында жария еткен.

Неке тұрақтылығына әсер ететін факторларды бағалау үшін психологтар Брайан Уиллоуби мен Карсон Довер ұзақмерзімді қарым-қатынастағы 3500-ден астам америкалық ерлі-зайыптыдан сауалнама алған. Сауалнама нәтижелері The Journal of Sex Research журналында жарияланды.

Сауалнаманы жіті зерттеген психологтар жыныстық қатынасты ашық көрсететін бейәдеп фильмдерді көп қарау адамгершілік құндылықтар мен қарым-қатынасты құлдыратады деген тоқтамға келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2012635-aqs-psixologtary-beiadep-filmder-qarau-qarym-qatynasqa-qalai-aser-etetinin-anyqtady/

pixel