Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зодиак белгілерінің жағымсыз жақтары: шоқжұлдыздардың ұнамсыз қылықтары туралы не білесіз

Опубликовано:

От пен су
Адамның қолы арқылы бейнеленген от пен су. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әр адамның бойында жағымды қасиеттерімен қоса, жағымсыз тұстары да болады. Осы мақалада әрбір зодиак белгісінің құпиясын, бізге беймәлім мінез-құлқын қарастыратын боламыз.

Зодиак белгілерінің бойында жасырынып жатқан "құбыжықтар" қандай? Тоқтының жағымсыз қасиеттерін - Малефисента, Торпақты - Халк, Егіздерді - құбылғыш бейне, Шаянды - Пеннивайз басқарады. Арыстанның ішінде Доккэби гоблині, ал Бикеште химеран, Таразыда Дарт Вейдер, Сарышаянда Ганнибал Лектер жасырынып жатыр. Мергендерде кентавр өмір сүреді, Суқұйғышта Волан-де-Морт, Тауешкіде Фредди Крюгер, ал Балықтарда Джокер жасырынған.

Тоқты

Сиқыршы Малефисента – типтік Тоқтының мінсіз түпбейнесі. Мейірімді және бейбітшілікті сүйетін ол әп-сәтте қанішер құбыжыққа айнала алады. Метаморфозаның (өзгеру) себебі оның адами тұрғыда өтініштер мен еңбекке немқұрайлы қарауы болса керек. Мұндай күйде Тоқты ашулы және агрессивті болады. Осындай сәтте онымен бетпе-бет жолыққан кез келген адам қарғыс естіп, тіпті қол жұмсаудың құрбаны болуы мүмкін. Тоқтымен, сондай-ақ сиқыршы Малефисентамен қалжыңдаспаған дұрыс.

Торпақ

Қандай зодиак белгісі комикс құбыжығы болып саналады? Marvel Comics супер қаһарманы, қызбаланғыш Халк Торпақтың мәнін жақсы суреттейді. Ол – данышпан доктор Брюс Баннер, сондықтан да оған ішіндегі жасыл құбыжықты басқару қажет.

Тұлғаның күңгірт жақтарын сақтай алмаудан қорқатын Торпақтар Халк сияқты күшті қарым-қатынас жасай алмайды. Екеуі де болжамды беталыстан тоқтамайды, ал Торпақ-Халк өзін ренжіткендерді ұмытып кетеді.

Егіздер

Егіздер ұшқалақтығы үшін әлдебіреу жазғырған кезде ренжиді. Егер олар ойын, жоспарын, талғамын, хоббиін және сүйіктісін көйлектен де жиі ауыстырса не істеу керек? Әдеттегі Егіздерді қорқынышты фильмдердегі нағыз қасқыр-құбылғыш бейнесі деуге болады.

Альберт университетінің (Канада) доценті Джейсон Уоллиннің айтуынша, адамдар бұрын қасқырды ашуын тізгіндей алмайтын қатыгез қанішер құбыжық ретінде көрді. Ал жазушы Джоан Роулинг бұл бейнені өзгертті: оның қасқырлары мейірімді болды, олар өз еркімен ғана өзгереді және ақыл-ойды басшылыққа алады. Бірақ Егіздердің ішінде жасырынып жатқан азулы құбыжықты оятпаған абзал, өйткені оның жан-дүниесінде не бар екенін ешқашан білмейміз.

Қасқыр кейпіндегі құбылғыш бейне
Түнде аспанға қарап ұлып тұрған қасқыр. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаян

Су белгілері күшті түйсікке ие және адамдарға айла-шарғысын жасайды. Әрбір қамкөңіл Шаянның ішінде Стивен Кингтің "Оно" фильмінің кейіпкері Пеннивайз сайқымазағы өмір сүреді.

Ол айналадағылардың жан-дүниесі мен санасындағы әлсіздікті тауып, оларды сезімі мен қорқынышын басқару үшін пайдаланады. Шаян Пеннивайз сияқты жағымсыз эмоциялармен қоректенеді, басқалардың қайғы-қасіретінен ләззат алады және жеке ұласпалы депрессияны бастан жеңіл кешіреді.

Арыстан

Арыстандар арам ниетті емес, бірақ менмендігін сөз еткендерді ұнатпайды. Олар қатты әзілдесе алады, кекесінді қабылдай біледі. Бұл жағынан кәріс гоблині Доккэбиге (Токкэби) ұқсайды.

Fandom мәліметтері бойынша Доккэби адамға ұқсайды, бірақ қызғылт сары шашы, мүйізі мен азу тістері қалың, ұзындығы 9 футқа дейін жетеді. Оның бұлшықетті денесі тәнсіз, олар көбінесе арыстанның немесе барыс терісінің астында жасырылады, ал оның бетінде пері бетпердесін киеді. Ол екіжүзді Арыстанға ұқсайды.

Бикеш

Ұйымшыл әрі ақылды Бикеш кейде босаңсиды. Ол қараңғыдағы періні, жауыз химераны сыртқа шығарады, ал оның айналасындағылар оған жармасады. Химера өлмейді, ал Бикештер ұзақ өмір сүруді армандай отырып, салауатты өмір салтын ұстанады. "Книга вымышленных существ" кітабының авторы Хорхе Луис Борхес бұл арыстанның басы, ешкінің қарны және жыланның құйрығы бар мифологиялық құбыжық деп жазады. Химера – апаттың хабаршысы. Мұндай қараңғы күш Бикешке қауіпті алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.

Таразы

Тазылардың басты проблемасы - таңдау жасауды білмейді. Олар үнемі әр нәрседен бір күмәндана береді. Таразыны "Звездные войны" фильміндегі Дарт Вейдер дәл сипаттайды.

Дарт Вейдер бейнесі
Дарт Вейдер және оның жанатын қылышы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарышаян

Қызбаланғыш және өмірге құштар Сарышаян ешқашан өкпе-ренішті кешірмейді әрі кекшіл, қатыгез боп келеді. Ол ойланбастан өзін ренжіткендерге бетпердесінің астынан зұлым көздерімен қарап, тіпті сол адамды тістеп алудан тайынбайды.

Бұл жағынан ол Америкалық кино институты ғасырдың ең үлкен зұлым адамы деп атаған Ганнибал Лектерге ұқсайды. Сарышаян сияқты күшті және қауіпті қарсылас үшін ол өте қолайлы түптұлға болып есептеледі.

Мерген

Шаршауды білмейтін Мерген үнемі қозғалыста жүреді. Еркіндікті, тәуелсіз болғанды жақсы көреді, шытырман оқиғаларды іздеп жүреді. Бұл жағынан ол ежелгі грек кентаврына өте ұқсас.

Мерген ақылды, бірақ отты темперамент оны асығыс әрекеттерге жиі итермелейді. Ол қаһарына мінген кезде аттағы адамның басы мен денесі бар мақұлыққа айналады. Мұндай сәттерде Мерген қорқынышты көрінеді және ешкімді аямайды.

Тауешкі

Ақылды, эмоционалдық жағынан суық және сақ Тауешкі кез келген қауіптен аулақ жүре алады. Егер сіз оның жолында тұрсаңыз, ол Фредди Крюгер сияқты зұлым, жауыз және кекшіл бола салады. Ол ұстараның орнына пышақтан да ауыр тиетін қатыгез сөздер айтуы мүмкін.

Ең ауыр тартыстар мансаптық өсу негізінде болады. Өзі қадірлейтін ұстанымы үшін Тауешкі кез келген қарсыласты моральдық тұрғыдан өлтіруге дайын, ол айналасындағыларды Фредди Крюгер секілді өзінен қорқатын, дәрменсіз құрбанға айналдырады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштың жаны түнек тәрізді. Сыртқы қарым-қатынасқа, ашықтыққа қарағанда ол жалғыз қалғанды ұнатады, сезімін білдірмейді және ең жақын адамдарына да сенбейді. Ол қаһарлы әрі эмоцияға сараң Волан-де-Морт сияқты болады.

Ашуға мінген кезде Суқұйғыш қоғамдық пікірді шебер басқарады, өзін ренжіткен адамды қудалау объектісіне айналдырады. Суқұйғышқа менсінбей қараған адамға сиқырлы таяқша да, кешірім де, пара да көмектеспейді.

Балықтар

Балықтар – аспандағы ең көне шоқжұлдыздардың бірі. Олар – шындықтан алшақтау жүретін қиялшылдар. Екі жақты сипатқа ие болғандықтан, көбінесе есалаң Джокер сияқты әрекет етеді.

Мысқыл, сауық-сайран құруға әуестік, ешкімге ұқсамайтын ерекше киім кию дәл Балықтар мен Джокерге тән қасиеттер. Олар құрбанын ұзақ аңдиды, бұл тұрғыдан ол қауіпті аңдушыға айнала алады.

Есалаң Джокер бейнесі
Есалаң Джокер костюміндегі бейне. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адамдардың ішінде ешкімге беймәлім "қара" әлемі болатыны жасырын емес. Құбыжыққа тән мінезді оятып алмау үшін зодиак белгісі бойынша сізді және басқа адамдарды жағымсыз қасиеттерін біліп жүргеніңіз абзал. Осылайша артық агрессия тудырмай, сау қарым-қатынас тудыру мүмкіндігі мол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2013058-zodiak-belgilerinin-zagymsyz-zaqtary-soqzuldyzdardyn-unamsyz-qylyqtary-turaly-ne-bilesiz/

pixel