Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңізден ақшаны қалай дұрыс сұрау керек: психологтардан арнайы кеңес

Опубликовано:

Ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет
Ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қай заманда болса ақша тақырыбы өзекті мәселелердің бірі. Сонымен бірге көпшілікте "Әйел адамға ерінен ақша сұрау өзін төмендету сияқты көрінеді, немесе оны меркантильді етіп көрсетеді" деген ұғым қалыптасқан. Психолог мамандар Павел Колесов пен Александр Шахов бұл стереотиптерді жою мақсатында ақшаны дұрыс сұрау жолдарымен бөліседі.

Ер адамнан ақшаны қалай сұрау керек?

Психолог Татьяна Хисамованың айтуынша ер адамнан ақша сұрау көп әйелдер үшін нағыз сынақ. Бала кезден қыз баланы тәуелсіз болуға, ешкімге жалтақтамай өмір сүруге үйретеді. "Нож" журналының жазуынша: "Ақша сұрау әйелді төмендетіп, оны еріне тәуелді етіп көрсетеді". Психолог Павел Колесовтың пікірінше бұл қате түсінік және ер азаматтан ақша сұрау ешқандай тәуелділіктің белгісі емес.

Сүйіктіңіз болмаса өзіңіз араласатын ерлер арасынан азғантай сомада ақша сұрасаңыз болады. Сұрайтын адамыңыздың қаржылық жағдайын және сізге ол адамның кім болып келетінін ескергеніңіз жөн (мысалы: дос, туыс немесе жұмыстағы әріптесіңіз). Жеке өзінен сұрап, не үшін және қандай сома керек екенін анық түсіндіріп, сұраңыз. Сіздің жағдайыңызды ашып айтпай, жанашырлық сезімін оятпай, тым эмоцияға берілмеген абзал.

Ал егер сізге қомақты қаражат керек болса, оны күйеуіңізден, туысыңыздан немесе жақын досыңыздан сұраңыз. Ақшаны қайтару уақытыңызды бірден айтыңыз, ал егер қайтаратын ойыңыз болмаса оны да бірден ашып айтқан жөн. Суыққанды, сабырлы сұраңыз. Ол сіздің ақшаны алу мүмкіндігіңізді жоғарылатады.

Қаражат сұрауды заман ағымына қарай креативті жасауға да болады. Мысалы, кез келген месенджерде өтініш хатын қалдырып, қажет сомаңызды сұраңыз немесе жалаң аяқ фотоңызды түсіріп жіберіп, "аяқ киім алуға қаражат іздеймін", - деп жазып жіберсеңіз болады.

Әмияндағы банк картасы. Көрнекі сурет
Әмияндағы банк картасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күйеуіңізден ақшаны қалай дұрыс сұрау керек? Психолог Александр Шахов келесідей ережелерді ұстануға кеңес береді:

  • Барынша ойыңызды анық жеткізіңіз. Ер адамдар әйелінің не армандайтынын білмейді, олардың көріпкелдік қасиеті жок. Сондықтан сізге не қажет екенін анық айтып, не үшін екенін түсіндіріп беріңіз. Қысым көрсетуден, манипуляция жасаудан аулақ болыңыз.
  • Ақша сұрайтың уақытты дұрыс таңдаңыз. Күйеуіңіздің қарны тоқ, сабырлы болса жомарт болады. Ақша сұрауды сәлемдескеннен кейін бірден бастамаңыз. Ең алдымен тамақтандырып алыңыз, көңіл-күйін көтеріп, жұмыстан кейінгі стрессті басыңыз. Содан соң ғана қаржылық көмек сұраңыз.
  • Күйеуіңізді бір мақтап алыңыз. Ер адамдарға мақтау айтып, оларды көтеру өте маңызды. Мақтауды аямаңыз. "Сен өте жомартсың және түсінігің мол" деп айтсаңыз, ол сол сөздерді дәлелдеу мақсатында сіздің өтінішіңізді жерде тастамайды.
  • Мысықтың стратегиясын ұстаныңыз. Егер сіздің жарыңыз бірінші реттен өтінішіңізді орындамаса, біраз уақыт өткен соң, ашуланбай қайтадан барып сұрап көріңіз.
  • Рахмет айтуды ұмытпаңыз. Күйеуіңіздің кез-келген көмегіне алғыс айтыңыз. Әрқашан сіздің жарыңыздың ең жомарт, ең жанашыр екенін қайталап жүріңіз. Ондай сөздерді естіп жүрген ер азаматтар соны дәлелдеп, өтініштеріңізді қолдайды.
Ер адамның қолындағы ақша. Көрнекі сурет
Ер адамның қолындағы ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Досыңыздан немесе жұмыстағы әріптесіңізден ақша сұрасаңыз оны жалақы түсетін күні жасаңыз. Ондай уақытта ерлер өте жомарт болады. Бірақ ақша сұраудың шегін де білгеніңіз жөн.

Ерлерден ақша сұрау үшін қолданылатын "дұрыс сөздер"

Негізінен әйел адамы қаншалықты тәуелсіз болса да, ер адамнан көмек сұрау, материалдық немесе қаржылық көмек сұрау қалыпты жағдай. "Мен өзім" тіркесін ұмытып, қажет жағдайда өзіңіздің екінші жартыңыздан көмек сұрай біліңіз. Солай сіз ер адамның күшін сезініп, қолдауға ие боласыз. Қажет сомаңызды алу үшін мақтап, өз қалауыңызды анық айта білу керек. Ақша сұрау үшін келесідей сөйлемдерді пайдаланған жөн:

  • Қымбаттым, менің саған кішігірім өтінішім бар...
  • Егер сен қолдасаң, мен қатты қуанар едім...
  • Ол жайлы айтуым дұрыс па, бұрыс па білмеймін. Бірақ маған...
  • Қымбаттым, маған тек сен ғана көмектесе аласың...
  • Мен саған сыйлық дайындап жүрмін. Сен оны өте қатты жақсы көресің...Ал сен маған сыйлық жасағың келе ма? Мысалы мен сенен ...
  • Әрине, сенің мені қолдамауың мүмкін екендігін түсінемін. Бірақ сенен сұрағым келгені...
  • Менің көңіл-күйімнің жоқтығын білесің... Саған айтуым дұрыс па, бұрыс па білмеймін. Саған бір өтінішім бар. Көмектесе аласың ба?
  • Сен жомарт кезіңде сондай сүйкімдісің...
  • Менің бүгін түсіме кірді (сіздің өтінішіңіз)... Сол түстің өмірде де орындалғанын қалаймын!
  • Қыс келіп қалды. Ал менің киетін жылы киімім жоқ. Жылы күртешеге ақша жинағанша, жұқа күртемді тағы бірнеше ай киіп жүре тұрайын...
  • Маған қатты ұнайды, сенің ....
  • Барлық достарым қызғанатын болады, егер сен маған...
  • Қымбаттым, сенің маған ..... қалар едім.

Әйелдің мақсаты - өтінішін барынша байыпты, әдепті түрде білдіру. Жеке тренер Марина Началова: "Белгілі бір талап қоюға, дауыс көтеруге, бұйрық түрінде сөйлеуге, ультиматум қоюға болмайды" деп кеңес береді. Ол ұрыстың болмауына, ер адамның әйеліне шын ниетімен жақсылық жасауына себепші болады.

Көп әйелдер ақша сұрауда қиыншылықтарға тап болады. Бірақ, ондай өтініштер ерінің өзіне деген сенімділігін, жауапкершілігін арттырады. Өтініш жасау кезінде дұрыс сөздер қолданған дұрыс, сонда ғана әрі қарай ұрысқа айналып кетпей, мәселе оң шешімін табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2013224-kuieuinizden-aqsany-qalai-durys-surau-kerek-psixologtardan-arnaiy-kenes/