Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 19 наурыз күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал. Көрнекі фото: pixabay.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін балаларыңызға қаталдық танытпаңыз. Бұл олардың сізге деген көзқарасына жақсы әсер етпейді.

Егер балаларыңыздың сабақ үлгерімі нашар болса, өзіңізді де, балаңызды да еш кінәламаңыз. Тым болмаса, жеке ұстаз жалдап, оның білімін толықтыруға септесіп жіберіңіз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Күн қарбалас, оқиғаларға толы және қызықты болады. Толассыз тіршіліктен бос минутыңыз болмайды. Жоспардан тыс сапарлар болуы мүмкін, бірақ олар еш қиындық тудырмайды.

Сүйіктіңізді қуанту үшін оның не қалайтынын сұрау - әбестік емес. Бұл жақын адамыңыздың көңілін көтереді және осылайша арақатынасыңыз жақсарады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Адамдармен тіл табысу тұрғысынан сәттілік күтіп тұр. Пайдалы ақпарат қолыңызға түседі, болашақта кәдеге жарар жаңа дағдыны үйренесіз. Қиялға ерік беріңіз және армандаудан қорықпаңыз. Түстен кейін бұрынғы тірліктеріңізді жалғастырсаңыз болады.

Егер сіз ұзақ уақыт бойы досыңыздың сізге айтқан сөздеріне немесе әрекетіне ренжіген болсаңыз, мәселені шешудің уақыты келді.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз, балаңызбен бірге үй тапсырмасын орындаңыз, қызықты іспен айналысыңыз, сөйлесіңіз.

Өзіңізді де, жақындарыңызды да қолайсыз ауа райында қолшатырсыз жүрмеуге үйретіңіз: бұл суық тигізудің алдын алады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Өзіңізге немесе үйіңізге әдемі зат сатып алыңыз.

Бүгін физикалық белсенділік үшін аса ыңғайлы күн емес, шаршап, жарақат алу қаупі бар.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Туыстармен көбірек араласыңыз, отбасындағы мәселелерді бірге шешіңіз. Бұл жинлып қалған өкпе-ренішті ұмытуға көмектеседі.

Ескі достарға уақыт табыңыз, оларды кездесуге өзіңіз шақырыңыз. Бастаманы өз қолыңызға алыңыз, сізді бәрі жақсы қабылдайтын болады.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін жоғары сапалы тері күтімі косметикасын таңдау үшін қолайлы күн: сіз жақсы нәтиже беретін өнімді таба аласыз.

Достарыңыздың бірінің аспаздық рецептін қолданыңыз және жақындарыңызды жаңа тағаммен таң қалдырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Сіз бәрін жүрегіңізбен қабылдайсыз. Кез келген ескерту, жай ғана әзіл, айналада болып жатқанның бәрі көңіліңізге қаяу түсіреді. Ашық жанжалдардан аулақ болыңыз, қарым-қатынасты сақтау үшін ымыраға келіңіз.

Ұсақ-түйектерге ренжімеңіз, ұзақ мерзімді жоспарлаумен айналысыңыз. Тәжірибені зерттеңіз, басқалардан қаншалықты жақсы екеніңізді ойлаңыз, басшыларға инновациялық идея ұсыныңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Бүгін сүйіктіңізбен қарым-қатынасты өз қолыңызға алатын күн. Араңыз суып қалса, онда қарым-қатынасты өзіңіз жандандырыңыз.

Жанжалдар мен ұрыстардан аулақ болыңыз. Өкпе-реніш көп болса да, бүгін мәселені шешудің оңтайлы уақыты емес.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Ұйқыңызды қалыпқа келтіруге тырысыңыз. Бұл сіздің күш-қуатыңызды арттырып, өміріңіздің сапасын айтарлықтай жақсартады.

Жақын жандарыңызға қатысты сабырлылық танытыңыз. "Айтқан сөз - атылған оқ" екенін ұмытпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Жағымсыз естеліктер шақыратын заттардан арылыңыз. Осылайша айналаңыздағы кеңістікті жағымды эмоциялар үшін тазартасыз және бұл қадамыңызға еш өкінбейтін боласыз.

Егер сізге немесе сіздің жақындарыңызға дәрі-дәрмек тағайындалған болса, тек дозаға ғана емес, сонымен қатар қабылдау шарттарына да назар аударыңыз: таңертең немесе кешке, аш қарынға немесе тамақтану кезінде және т.б. Бұл препараттың тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Асқазаныңызды күтіңіз: артық тамақтанбаңыз, қуырылған тағамдар мен консервілерге алданып қалмаңыз.

Тазалық жинау, апталық тамақ дайындау, супермаркетте сауда жасау, туыстарға көмектесу - барлық үй шаруасы және жақын адамдарға қамқорлық қанағат әкеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2013270-bugingi-zuldyz-zoramal-19-nauryz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel