Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз бен жігіт туралы танымал анекдоттар

Опубликовано:

Күліп отырған қыз бен жігіт
Әзілі жарасып күліп отырған қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өз орнымен айтылған әзілде кек жоқ деген сөз бар. Қым-қуыт тіршілікте ара-тұра әзілдесіп күлуге де ерік берген жөн болар. Бұл жолы қыз бен жігіт туралы қызықты анекдоттар топтамасын ұсынамыз. Оқып отырып көңіліңізді бір көтеріп алыңыз.

Қыз бен жігіт туралы қандай танымал анекдоттар бар?

Қыз бен жігітке қатысты айтылатын әзілдер жетіп артылады. Солардың ішінде мына анекдоттар езуіңізге күлкі үйіреді деген ойдамыз:

Екі жігіт махаббат тақырыбында әңгімелесіп отыр. Бірі екіншісіне:

– Адам үйленген соң қатты өзгереді екен. Білесің бе, бұрын әлемнің барлық сұлуы менікі болса ғой деп армандайтынмын. Ал қазір бір әйелге кем болса екен деп жүрмін.

***

Қыз бен жігіттің әңгімесі:

– Мен сенің өміріңдегі құлай сүйген алғашқы ер адаммын ба?

– Әрине, сен біріншісің! Қызық, неге барлық жігіт осы сұрақты қояды екен?

***

– Бойжеткен, сізге сұрақ қойсам бола ма?

– Сұраңыз.

– Сізді қайтадан көруге мүмкіндік бересіз бе?

– Әрине, бірақ сұрағыңыз қандай?

***

– Сұлу қыз, мен сізді бұрын көрген сияқтымын.

– Иә, талай рет көрдіңіз. Тіпті, үйленемін деп уәде бергенсіз.

– Кешіріңіз, сізді біреумен шатастырып алдым.

***

Қызықты дерек: жігіт қызбен кездесе бастағаннан кейін оның компьютерінде 30 гигабайтқа дейін орын босайды.

***

Әйел заты ұқыптылығымен ерекшеленбейді. Мен құрбы қызыма қоңырау шалдым, ол маған:

"5 минуттан кейін келемін деді, сондықтан жарты сағат сайын қоңырау шалудың қажеті жоқ!"

Шар ұстап тұрған қыз
Күн батып бара жатқан сәтте шар ұстап секірген қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

— Қызбен таласып қалғанда қалай жеңуге болады?

— Сен бірінші боп жылайсың.

***

Жігіт қызға банктегі шотын көрсеткеннен кейін қыз оны жақсы көретінін түсінді.

***

Жігіт қызға:

— Көзілдірігіңді шешсең, әдемірек көрінесің! Ал мен көзілдірік кимесем, сен одан сайын сұлу боп кетесің!

***

Қыздардың екі мәселесі: "Маған неге көз алмай қарап тұрсың?" және "Неге маған ешкім назар аудармайды?"

***

Қыз жігіті екеуі ажырасып кетсе де, оны қызғануы мүмкін.

***

Қыз жігіттің қолынан ақырын ғана ұстады.

"Мені жақсы көреді екен ғой!" - деп ойлады жігіт.

Ал қыз болса: "Жер көктайғақ қой!" - деді.

Көшеде күліп келе жатқан жұп
Көше бойында көңілді келе жатқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

– Мен миллионнан бір арумын!

– Демек, сіз сияқты сегіз мыңға жуық адам бар.

***

Бір ай бұрын құрым ақшасы және көлігі бар жігітті қалайтынын айтты. Енді ол инкассатор жүргізушісімен дос бола бастады.

***

– Бір жерге барайық! Кинотеатр, мейрамхана, клуб? Таңдау өзіңде! Қайда барамын десең, сонда барамыз.

– Керемет! Онда АХАЖ бөліміне барайық!

***

Жігітің болса мәселе де көп, жігітің жоқ болса, "жігіт жоқ" деген бір ғана мәселе бар.

***

Егер қыз ұзақ уақыт бойы жігіттің хабарламаларына жауап бермесе, бұл оның одан әрі әрекет ету стратегиясы мен жоспарын әзірлеу үшін құрбылар кеңесін өткізіп жатқанын білдіреді.

***

Қызға өтірік айту жақсы емес, ал өтірікті әдемілеп жеткізу - өнер.

***

Қызға хабарлама жіберген кезде оның құрбыларымен де скриншот арқылы сөйлесіп отырғаныңызды естен шығармаңыз.

***

Қыздардың екі түрі бар:

– Ал жігітім маған iPhone сатып алып берді. Мен бұл телефонды қатты жақсы көремін.

– Маған жігітім шоколад әкеліп берді. Жігітімді сондай жақсы көремін!

Жүрек пішініндегі шоколад
Жүрек пішініндегі қорапқа салынған шоколадтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыз бен жігітке арналған қандай жеңіл әзілдер бар?

Әзілдің зілсіз әрі әдептен аспағаны абзал. Қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынасты көрсететін мына анекдоттарды да оқып көріңіз:

– Бойжеткен, сенімен танысуға болады ма?

– Жоқ.

– Неге?

– Тым жақсы сияқтысың, өміріңнің мәнін кетірмей-ақ қояйын!

***

Жігіт қызға хабарлама жолдады:

"Абонент сізге тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіруде!"

Жауап:

"Ол үшін сіздің қаражатыңыз жеткіліксіз!"

***

Қыз бен жігіт кинотеатрға келіп, махаббат туралы фильм көріп отыр. Кенет қыз жігіттен:

– Қалай ойлайсың, бұл жұп соңында үйлене ме екен? - деп сұрайды.

Жігіт:

– Әрине, киноның бәрі сондай трагедиямен аяқталмайтын ба еді!

***

Ол қыздың арманын білгенше ол менің арманым болатын.

***

Гераклдың он үшінші ерлігі: ол сүйікті қызына оның қателескенін дәлелдеді.

***

– Жер планетасында менің сенен артық сүйетін қызым жоқ.

– Басқа планеталарда ше?

Теміржол бойында тұрған жұп
Теміржол бойында тұрған қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кез келген жігіттің бұрын үйленуге асыққан, ал қазір тырнақ әрлеумен айналысатын бұрынғы сыныптас құрбысының болмауы екіталай шығар.

***

– Мен мысықтар соншалықты қатты қорылдайды деп ойламадым. Олар сүйкімді жаратылысқа ұқсайды, - деді қыз.

– Ал мен қыздар туралы да солай айтар едім.

***

– Дәрігер менің жігітім сағат 20:00 ұйықтайды, хабарламаларыма жауап бермейді.

– Сіздің жігітіңіздің әйелі бар сияқты.

***

– Мені кешір, мүлдем ақымақ болдым.

– Бірдеңе өзгергендей айтасың.

***

Маған ұнаған қыз үшін спортпен айналыса бастадым. Екі жылдан кейін ол маған назар аудара бастаған кезде ол үшін тым керемет екенімді түсіндім.

***

– Неліктен модель әйелдердің түрі жыртқыш сияқты көрінеді?

– Олар тамақ ішпейді.

***

– Бойжеткен, неліктен сонша жылайсың?

– Менің сөмкем ұрланды.

– Мүмкін оның ішінде құнды заттар болған шығар?

– Жоқ.

– Онда неге жылайсың?

– Оның іші шашылып жатыр еді, содан қатты ұялып отырмын.

***

– Мен сондай сұлумын. Сен маған лайық емессің.

– Макияжыңды жуып тастаған соң сөйлесейік.

Шашына гүл таққан қыз
Шашына гүл тағып алған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде қыз бен жігіттің қарым-қатынасына байланысты әзілдер баршылық. Әзілдерді топтастырған кітаптар да жоқ емес. Ретімен айтылатын қалжыңның арақатынасқа да оң әсерін беретіні сөзсіз. Сондықтан да арасында жақын құрбыңызбен немесе сүйікті досыңызбен қалжыңдасып тұрған да жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2013962-qyz-ben-zigit-turaly-tanymal-anekdottar/

pixel