jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ер адам 12 күн ішінде Диснейдің дүниежүзіндегі барлық филиалын аралап шықты

Диснейді шарлаған ер адам
Көңілді ер адам. Фото: Youtube / Fox35 Orlando

Диснейдің Натан Фэйршитс есімді жанкүйері 12 күн ішінде әлемнің әр жерінде орналасқан компанияның 12 филиалын аралап шықты. Ол бұл сапарынан ерекше әсер алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ fox35orlando сайтына сілтеме жасап.

Натан Фэйршитс өзінің Disney Global Ride челленджін 8 наурыз күні Париждегі Диснейлендтен бастап, сапарын жексенбі күні Флоридадағы "Сиқырлы Патшалық" паркінде аяқтаған.

Сол аралықта Фэйршитс Диснейдің Walt Disney Studios, Shanghai Disneyland, Hong Kong Disneyland, Tokyo Disneyland, Tokyo DisneySea, Disneyland, Disney California Adventure, Epcot, Animal Kingdom және Hollywood Studios сынды филиалдарына да барып үлгерген.

Натан KTLA-TV арнасына берген сұхбатында:

"Бұл өте керемет және таңғажайып саяхат болды. Қолымнан келгеніне әлі сене алмай отырмын", – деген болатын.

Фэйршитстің айтуынша, ол Диснейге қарасты барлық 216 аттракционға мініпті.

Ол ерекше саяхатына қанша қаражат жұмсағаны туралы ақпаратты жария еткен жоқ.

Ер адам 12 күн ішінде Диснейдің дүниежүзіндегі барлық филиалын аралап шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.