Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айының ережелері: ауыз бекітуге қатысты құнды кеңестер

Опубликовано:

Құран кітап. Көрнекі сурет
Құран кітап. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ораза ұстау Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбарымызға деген ілтипаттың белгісі. Ораза ұстаудың шарттары Мұхаммед Пайғамбар өмір сүрген дәуірден бастап бекітіліп, ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып келеді. ҚМДБ Рамазан айының шарттары мен ұстау ережелерін түсіндіріп өтті.

Рамазан айының басты ережелері

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ресми сайтында биыл қасиетті ай 23 наурыз күні басталып, тура 29 күнге созылады деп хабарланған. Рамазанның соңғы күні 20 сәуірге келіп, 21 сәуірден бастап Ораза айт мейрамымен жалғасады. Ал Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні деп көрсетілген.

Рамазан – барлық мұсылмандар үшін ұлы мереке және мұсылмандардың бес парызының бірі. Бұл айда сенімділік орнап, өзіңізді сабырға шақырған абзал. Ораза ұстау - рухани тазарып, нәпсіңізді тыйып, жаныңызға тыныштық орнатады.

Рухани тазару

Бұл айда басты назарыңызды рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек корсетуге бұрыңыз. Өзіңіздің жүріс-тұрысыңызды, ойларыңызды бақылауда ұстаңыз. Рамазан айында не жасауға болмайды? Ашулануға, ұрысуға, басқаларға кесіріңді тигізуге, өтірік айтып, жала жабуға тыйым салынады. Барлық араздасқан жандармен бір мәмлеге келу шарт. Күндіз ішке ештеңе қабылдауға болмайды. Күндіз дұға тілеген жөн.

Рамазан айында не оқу керек? Құран немесе тауарих сүрелерін оқу рухани тазаруыңызға ықпал етеді. Бұл қосымша Рамазан айында ғана оқылатын сүре болып табылады. Мұсылмандар бұл дұғаны Ораза айында күнделікті оқу, жасаған күнәларының кешірілуіне септігін тигізеді деп сенеді.

Дәстүр бойынша күнәлардың кешіріліп, дұға тілеу түні Қасиетті Қадір түнімен сәйкес келеді. Бұл түнді барша мұсылмандар ұйықтамай, дұға-тілектерінің орындалуын сұрап, Аллаға сыйынумен өткізеді.

Ауызашарға арналған тәттілер. Көрнекі сурет
Ауызашарға арналған тәттілер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Рамазан айына қатысты дінде қандай тыйымдар бар?

Аузын бекітіп, ораза ұстаған жандар үшін арнайы ережелер бекітілген. Мынадай әрекеттерге тыйым бар:

  • тамақтану, су ішу, дәрі қабылдау (екпеден басқа);
  • сағыз шайнау;
  • темекі шегу, түтінді, буды әдейі жұту.

Бұл шарттарды белгілі себептерге байланысты орындай алмайтындарға арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы жол жүретін болса немесе сырқаттанған жағдайда қарыз күндерін келесі Рамазан айына дейін өтеуге тиіс деген шарт бар.

Ал егер денсаулық жағдайына байланысты мүлдем аузын бекіте алмайтын болса, арнайы фидью садақасын берсе болады. Мұндай адамдарға қарттар, кәмелетке толмағандар, емізулі,аяғы ауыр әйелдер жатады.

Садақаны мұқтаж жандарға ақшалай немесе тамақ түрінде де берсе болады. Күндізгі уақытта жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынады. Бұл шартты бұзғандар оразаны 60 күн ұстауға, немесе 60 кедейді тамақтандыруға міндеттеледі. Рамазан айы біткен соң, артынан Ораза айт мейрамы келеді. Бұл айтта барлық мұсылмандар пітір садақасын беруе міндетті.

ҚМДБ сайтында 2023 жылы пітір садақа мөлшері жан басына 535 теңге деп бекітілді. Барлық отбасы мүшелері атынан бұл садақаны бір адам берсе де болады. Бұл - ораза ұстау кезінде жіберілген ұсақ-түйек қателіктері үшін кешірім сұрау мақсатында берілетін садақа түрі.

Құран Кәрім кітабы. Көрнекі сурет
Құран Кәрім кітабы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ораза ұстаудың ерекшеліктері

Күндізгі уақытта ораза ұстау Құранда жазылған шарт. Себебі түнде адам ұйықтайды, ал күндіз өз нәпсіңізді жеңіп, барлық тыйымды орындасаңыз, Құран оқып, арнайы дұға-тілектеріңізді оқып, иманға келесіз. Бұл сіздің жаман ойлардан құтылып, рухани тазаруыңызға әкелетін қасиетті ай. Бастапқыда өзіңізді барлық жағынан тыю ауыр болып көрінгенімен, сол ауыртпашылықтың барлығын жеңудің сауабы мол.

Оразаны қалай бастаймыз? Мұсылмандардың аузын бекітуі екі нәрседен тұрады: ол ниет және тыйылу. Бұрын ниетті күнделікті жасау қажет болса, қазір айдың басында ғана жасаса жеткілікті. Ауызды күн шықпай тұрып, 10-30 минут бұрын бекіткен жөн.

Оразаны қалай дұрыс ұстау керек? Күндіз тамақтанбағаныңызды таңертеңгі (сухур) және кешкі аспен (ифтар) толықтықтыруға болады. Тамақтануды келесідей ұйымдастыруға кеңеc береміз:

  • Таңертеңге кештен қалған тамақты қабылдаған жөн. Дәндер немесе макарон тағамдары көпке дейін тоқ жүруге мүмкіндік береді. Кофенің орынан сүтті сусындарды пайдаланған жөн.
  • Ауызашарда тамақты аз-аздап қабылдаңыз. Бірден тамақты қабылдау асқазанға ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан сұйық тағам, кептірілген жемістер жегеніңіз пайдалы.
  • Асты демалып-демалып ішіңіз. Әртүрлі астан ауыз тиіңіз. Ақуызға, көмірсуларға, майға бай тамақтарды өз мөлшерімен қабылдаған жөн.
  • Түнде ащы, тәтті, қуырылған тағамдарды қолданбаңыз.
  • Түнгі уақытта су, айран, қымыз, сүтті көп ішіңіз. Сүт тағамдары ас қорыту жүйесін жақсартуға көмектеседі.
Ауызашар дастарханы. Көрнекі сурет
Ауызашар дастарханы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ораза ұстау уақытында қатты шаршамау үшін:

  • Кең, табиғи таза маталардан тігілген киімдер киген ыңғайлы.
  • Күн ыстық болса, күн көзінен қорғайтын бас киімдер киіңіз.
  • Күнделікті бөлмеңізді шаңнан тазалап отырған жөн.
  • Бөлме температурасының қалыпты болуын қадағалаңыз.

Қарапайым кеңестерге құлақ асып, ережелерді ұстану оразаның жеңіл өтуіне септігін тигізеді. Өзіңізді жайлы сезінуіңіз бен Рамазан айының рухани қасиетіне көбірек көңіл бөлуіңізге ықпал етеді.

Рамазан айы – шынайы ниет еткендер үшін кішігірім мереке. Олар бір-бірін құттықтап, Алладан тілеген дұға-тілектерінің қабыл етуіне ниет етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014350-ramazan-aiynyn-erezeleri-auyz-bekituge-qatysty-qundy-kenester/

pixel