Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілім түсті": болашақ жарының мәлімдемесіне ренжіген әйел көптен кеңес сұрады

Опубликовано:

Әйел адамның қолы
Неке жүзігі. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Ұлыбританияда неке қиюды жоспарлап отырған қос ғашықтың арасындағы кикілжің көптің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Mirror басылымына сілтеме жасап.

Басылым биыл тұрмысқа шығуға тиіс болған Ұлыбритания тұрғынының оқиғасын назарға ұсынды. Әйелдің айтуынша, болашақ күйеуі оған үйлену тойынан кейін неке жүзігін таққысы келмейтінін мәлімдеген. Әйел қанша көндіруге тырысқанымен, ер адам райынан қайтпай қойған. Көңілі сәл құлазыған ол әлеуметтік желіде көпшіліктен кеңес сұрады.

"Ғашығым неке жүзігін кигісі келмейді. Біз биыл некемізді қиямыз... Әуелі физикалық жұмыстар атқарғанда оған жай ыңғайсыздық тудыра ма деп силиконды жүзік ұсынып едім, сонда да көнбеді... Аздап көңілім түсті... Жүзік некелі екеніміздің дәлелі емес пе? Бұл қалыпты жағдай ма?", – деп сұрақ қойды әйел mumsnet сайтында.

Қолданушылардың бірі:

"Мен де, күйеуім де негізі жүзік тақпаймыз", – деп жауап берді.

Ал басқа қолданушы:

"Егер бұл сен үшін маңызды болса, бұл ақымақтық емес. Мен үшін де бұл маңызды болушы еді", – деді.

Желі қолданушыларының басым бөлігі жүзік махаббаттың көрсеткіші емес деп әйелді жұбатуға тырысып, жүзіксіз де бақытты отбасы болып отырғандар көп екенін мысалға келтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014459-konilim-tusti-bolasaq-zarynyn-malimdemesine-renzigen-aiel-kopten-kenes-surady/

pixel