Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңде жер сілкінсе не болады: танымал түс жорушылардың болжамдары

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Жер сілкінісінен пайда болған жарықшақ. Көрнек фото: pixabay.com

Жер сілкінісінің түске кіруі отбасындағы өзгріс болады дген сөзді білдіруі мүмкін. Осы орайда, түсіңізде жер сілкінісі болып жатқанын көрсеңіз, ол ненің нышаны болуы ықтимал деген заңды сауал туындайды. Бұл сұрақтың жауабын танымал түс жорушылардың болжамынан біле аласыздар.

Ислам бойынша түс жору

Түсіңізге жер сілкінісі кірсе, ұйықтап жатқан кезде мазаңыз қашатыны анық. Ислам бойынша түс жоруда бұл табиғат апаты келесідей болжанады:

  • Әйелдер үшін - балаларының ауруына;
  • Ерлер үшін – әйелдерінің көзіне шөп салуы.

Ислам бойынша түске жер сілкінісінің кіруі нені білдіреді? Исламда: "Жер сілкінісін көру - екі жұптың бір-біріне деген сенімі суып кеткенді білдіреді. Некені сақтап қалуға әрекет жасайтын уақыт келді", - деп болжанған.

Ванганың түс жорамалы

Ванга бойынша түс жоруда жер сілкінісі нені білдіреді? Көріпкелдің болжауынша, мұндай түс кірген адамның денсаулығында ақау бар деген сөз. Ванганың түс жоруында келесідей негативті болжамдар берілген:

  • тұрмысқа шықпаған қыздар үшін – жер сілкінісі күтпеген жүктілікті;
  • махаббат пен қарыз арасындағы таңдауды білдіреді.

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні түске жер сілкінісі кірсе не болуы мүмкін? Бұл түні түске кірген дүмпу құжаттардағы қателіктерді, жұмыстағы алдауды, маңызды құжаттардың жоғалуын, немесе сәтсіз келісімшартты білдіреді. Барлық құжаттарды мұқият окығаннан кейін ғана қол қойыңыз.

Феломенаның түс жорамалы

Феломена адамның эмоционалды күйінен бастап, тағдырындағы өзгерістеріне дейін болжайды. Оның нұсқауы бойынша жер сілкінісінің түске кіруі келесідей мәнге ие:

  • Жер сілкінісін көріп, оны сезіну – өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуді талап етеді.
  • Жер сілкінісін сырттай бақылап тұру – әлдебір хабар алудың белгісі болуы мүмкін.

Феломена жоруынша түсіңізде жер сілкінісін көру ненің белгісі? Түс өміріңізде болатын жағымсыз жайттарды, жеке басыңыздың мәселесін, жұмысыңыз бен қаржылық жағдайыңыздың нашарлауын болжайды. Сонымен бірге бұл сексуалды қанағаттанбағаныңыздың, жеке басыңыздың дағдарыста екенін білдіреді.

Тылсым күш. Көрнекі сурет
Тылсым күш. Көрнекі сурет: pixabay.com

Юнонаның түс жорамалы

Кей адамдардың интуициясы өте жақсы дамыған, стрессті ситуацияларды оңай қабылдайды. Өміріндегі жағымсыз жайттардың орын алуы олардың ұйқысының бұзылуына әкеліп соғады. Юнонаның жоруы бойынша жер сілкінісі нені білдіреді? Бұл сізге қайратты болуыңыз керек екенін, эмоцияңызды басқара білуіңіз қажет екенін білдіреді. Түс көрушіні алдыда қиын сынақтар күтіп тұр. Бұл сынақтардан ол жалғыз өтеді, және ол үшін оған психологиялық жағынан дайын болып, күшті болуы керек деп болжанады.

Миллердің түс жоруы

Түс жоруға сенетіндер Миллердің жорамалына ерекше сенім артады. Миллер бойынша түске жер сілкінісінің кіруі келесіні білдіреді:

  • Жер сілкінісінің зардаптарын көру, мысалы қаланың құлауы – ұлтаралық араздықты, қақтығыстарды болжайды.
  • Жер сілкіну ошағында болу – ақшадан айырылуыңызды білдіреді деп болжанған.

Миллердің болжауынша түске апаттың кіруі жұмыстағы қиыншылықтарды, кәсіптегі ауыртпашылықтарды білдіреді. Жеке кәсібі барлар өз бизнестерінен айырылыпта қалуы мүмкін деп болжанған.

Фрейдтің түс жорамалы

Австриялық психолог жер сілкінісінің түске кіруін терең психологиялық күйзеліспен, жеке өмірдегі қиындықтармен байланыстырады. Фрейд жоруы бойынша бұл - махаббат жайлы жоспарлардың орындалмауын, ажырасудың белгісі болуы мүмкін. Әйел адамның түсіне дүмпу кірсе, оның еріне көзіне шөп салуын, ажырасуын білдіреді. Оның нұсқалары келесідей:

  • Дүмпуді көру және сезіну - маңызды хабардың келуін;
  • Жер сілкінісін көру – өзіне деген сенімсіздікті білдіреді.

Ал егер түсіңізде үйіңіз қозғалса, бұл жұптардың бір-біріне сенімсіздігін сипаттайды.

Жер сілкінісінен зардап шеккен ғимарат. Көрнекі сурет
Жер сілкінісінен зардап шеккен ғимарат. Көрнекі сурет: pixabay.com

Нострадамус болжамы

Нострадамус бойынша жер сілкінісі адамның физикалық жай-күйін білдіреді. Оның ойынша:

  • Жер сілкінісін сезіну - күйзелісті;
  • Қатты жер сілкіну – ауруға шалдығуды білдіреді.

Нострадамус бойынша жер сілкінісі түс көрушінің өзіне емес, жақындарына немесе туыстарына төнетін қауіпті білдіреді.

Лоффтың түс жорамалы

Түс жорушы, психотерапевт Лофф жер сілкінісінің түске кіруі психологиялық жағдайдың әсері деп жазады. Лофф бойынша бұл кәсіптегі қиыншылықтарды, сәтсіз келіссөздерді, әріптестермен араздасуды, жұмыссыздықты болжайды.Тағы оның нұсқалары келесідей:

  • Жер сілкінісі салдарынан қаланың қирауы-қаржылық жағдайдың тұрақсыздығын;
  • Жердің қозғалысын сезіну – сенімсіздіктің артуын, абыройыңыздың төгілуін болжайды.

Психотерепевттің айтуынша бұл тәуекелге бел буғандар үшін, оның сәтсіз аяқталатындығыныңда белгісі.

Цветкованың болжамы

Цветокованың болжамы келесідей :

  • Жер қыртысының жарылуын көру – отбасыңыз үшін бос алаңдаушылықтың;
  • Денеңізбен дүмпуді сезіну – жүйке жүйесінің жұқарғандығының белгісі делінген.

Цветокова бойынша жер сілкінісін түсіңізде көру тұрақтылықтан тайып, жағымсыз хабар алудың, сатқындықтың белгісі.

Хассе болжамы

Хассе болжамы бойынша жер сілкінісін түсіңізде көру денсаулықтың нашарлауын, қаржылық қиыншылықтарды, ұрлықтың, сатқындықтың белгісі. Сонымен бірге ол былай дейді:

  • Жер сілкінісі қалдықтарын көру- шығындарды;
  • Дүмпуді сезіну- жұмыста болатын өзгерістердің белгісі.

Ал егер үйіңіздің құлағанын көрсеңіз, ол отбасындағы ажырасуды немесе үлкен ұрыстың белгісі,

Кез-келген табиғат апатын түсіңізде немесе өңіңізде көру адамның психологияына кесірін міндетті түрде тигізеді. Оның алдын алу мақсатында осындай түс жоруларға, интуицияңызға сенгеніңіз дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014561-tusinde-zer-silkinse-ne-bolady-tanymal-tus-zorusylarlardyn-bolzamdary/

pixel