jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Күн массасынан 30 миллиард есе үлкен": ғалымдар ғарыштан алып ойықты тапты (фото)

Ғарыштағы ойық
Ғарыштағы қара ойық. Фото: NASA/Globallookpress.com

Дарем университетіндегі халықаралық ғалымдар тобы ғарыштан алып қара ойықты байқаған. Бұл туралы зерттеу Monthly Notices of the Royal Astronomical Society басылымында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, жаңа нысанды ашу үшін мамандар алыстағы денеден түсетін жарықты және галактиканы үлкейтіп көруге мүмкіндік беретін гравитациялық линза әдісін қолданған.

Сонымен қатар ғалымдар өзгерістерді анық көруге мүмкіндік беретін DiRAC HPC компьютерлік техинкасын қолданған. Бұл әдіс алғаш рет қара ойықты анықтау үшін қолданылған.

Ғалымдардың зерттеуінше, табылған нысан күн массасынан 30 миллиард есе үлкен болып шыққан. Сондай-ақ бұған дейін табылған қара ойықтардың ішіндегі ең үлкендерінің бірі. Ол Abell 1201 галактикалық шоғырында орналасқан.

Бұл нысанды алғаш рет астрономдар 2004 жылы галактикалардың суреттерін қарау кезінде байқаған. Алайда сол кезде бұл қара ойық белсенді күйде болмаған. Бұл - оны толығырақ анықтау үшін классикалық тәсілдерден бөлек, басқа әдістерді қажет ететінін білдірген.

Басылымның жазуынша, гравитациялық линза әдісі болашақта басқа да белсенді емес алып галактикаларды зерттеуге, сондай-ақ олардың неге сонша үлкен болғанын зерттеуге мүмкіндік береді.

"Күн массасынан 30 миллиард есе үлкен": ғалымдар ғарыштан алып ойықты тапты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.