Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ тіліндегі Отан туралы мағыналы мақал-мәтелдер топтамасы

Опубликовано:

Қазақ бүлдіршіндері. Көрнекі сурет
Қазақ бүлдіршіндері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мақал-мәтелдер қазақ ауыз әдебиетінің жауһары. Ежелден қазақ халқы "мақал-мәтелдер арқылы тоқсан ауыз судың тобықтай түйінін жеткізуге болады" деп бекерге айтпаған. Осы орайда, бүгін назарларыңызға халық арасында кең таралған, Отан жайлы мақал-мәтелдер топтамасын ұсынамыз.

Zharar.com ақпараттық-танымдық порталы Отан жайлы қазақ халқының бір топ мақал-мәтелін жариялаған. Назарларыңызға солардың ішінде ең көп таралған әрі есте тез сақталатын нұсқаларын ұсынамыз:

***

Алтын ұяң — Отан қымбат, Құт-берекең — атаң қымбат, Аймалайтын — анаң қымбат, Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді.

Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық.

Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отансыздың оты жанбайды.

Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Отан үшін отқа түс — күймейсің,

Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

Отанын сатқан оңбас.

Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

Отаның тыныш — сен тыныш.

Отан — елдің анасы Ел - ердің анасы

Отанды сүю — от басынан басталады. Отан оттан да ыстық.

Отан үшін күрес — Ерге тиген үлес.

***

Даладағы жылқылар. Көрнекі сурет
Даладағы жылқылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Cол сияқты bilim-all.kz сайты да Отанға арналған мақал-мәтелдер топтамасын назарға ұсынған:

Отан — елдің анасы Ел - ердің анасы

Туған жердей жер болмас, Туған елдей  ел болмас.

Ел іші — алтын бесік.

Пәлен жерде алтын бар, Өз  жеріңдей кайда бар.

Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен де жақсы.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Әркімнің өз жері — жұмақ.

Ер елінде, гүл жерінде.

Жат жердің қаршығасынан Өз еліңнің қарғасы артық.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз елінде ұлтан бол.

Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.

Отанға опасыздық еткенің, Өз түбіңе өзің жеткенің.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,  Елінен айырылған өлгенше жылайды.

Тауды ұстап тұрған адамның қолы. Көрнекі сурет
Тауды ұстап тұрған адамның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сонымен бірге Balalaralemi.kz сайты да балалардың жаттауына жеңіл, ел арасында кең таралған келесідегідей мақал-мәтердерді жариялаған.

Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.

Опасызда Отан жоқ.

Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отан туралы мақал-мәтелдер қазақ ауыз әдебиетінде жетіп артылатыны анық. Атадан балаға мирас болып келе жатқан осы қанатты сөздерді кейінгі жас ұрпақ біліп, жаттап алғандары жөн. Себебі ол өскелең ұрпақты ауыз әдебиетінен хабардар етіп қана қоймай, олардың бойында патриоттық сезімді сіңіруге көп үлес қосатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014705-qazaq-tilindegi-otan-turaly-magynaly-maqal-matelder-toptamasy/

pixel