Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббат, байлық, араздық: Түсіңізде ұрлық жасау нені білдіреді

Опубликовано:

Ұрлыққа түскен сәт. Көрнекі сурет
Ұрлыққа түскен сәт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егер түсіңізде ұрлық жасасаңыз, демек өмірде қиындықтардан шығудың жолын іздеп жүрсіз немесе бір жағдайларға алаңдап жүрсіз. Жалпы түсіңізде ұрлық әрекетіне барсаңыз, ол ненің белгісі болуы мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын бүгінгі материалдан білетін боласыз.

Ислам дінінде ұрлық жасау қандай мағынаны білдіреді?

Ислам бойынша түс жоруда ұрлық жасау нені білдіреді? Исламда мұндай түс денсаулықтағы кінаратты немесе қауіпті дертті болжайды:

  • Ақша ұрлау - заңмен байланысты қиындықтар;
  • Ұрланған затты түсіңізде тығу – сіздің ауқымды бір затты сатып алуыңыз мүмкін екенін білдіреді.

Ал егер түсіңізде, басқа үйде ақша іздеп жүрсеңіз - бәстескен адамыңыздан ұтыласыз, ұсақ заттарды ұрласаңыз - өміріңізде болатын қиындықтардың белгісі деп біліңіз.

Ванганың ұрлыққа қатысты түс жорамалы қандай?

Болгариялық көріпкелдің түс жоруы бойынша бұл түстің болжамы тіпті қызық. Оның жорамалында ұрлық жасау тек позитивті жағынан болжанған. Мысалы нақты бір затты түсіңізде ұрласаңыз, демек жақында өміріңізде сол затқа қол жеткізесіз немесе жұмыстағы күтпеген олжа аласыз. Көріпкел сонымен бірге былай дейді:

  • Ұрлық үстінде ұсталып қалсаңыз – байлыққа кенелесіз;
  • Ұрлағанды қайтарып берсеңіз – өміріңізде әділдік орын алады деп болжаған.

Ал егер сіз түсіңізде қағаз ақша жоғалтсаңыз – шаршағандықтың белгісі, яғни ағзаңыз демалысты қажет етеді. Егер өзіңіз ақша ұрласаңыз – сізді сатқындық күтіп тұр деген сөз.

Ұрлыққа түскен ер адам. Көрнекі сурет
Ұрлыққа түскен ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Феломенаның түс жорамалы

Феломена бойынша түс жоруда ұрлық – өмірдегі қиындықтарды немесе бәсекелестікті білдіреді. Оның басқа нұсқалары келесідей:

  • Түсіңізде ұрлықты сыртынан көрсеңіз – сізді қиындықтар күтіп түр, сақ болыңыз;
  • Ұрлық жасап, қашып жүрсеңіз – жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылады деп жазылған.

Ал егер өзіңіз ұрлықшыны қуып, ұстап алсаңыз барлық қиындыққа төтеп бере аласыз деген сөз. Өз үйіңіздегі ұрлықты түсіңізде көрсеңіз, айналадағыларыңызға өз ойыңызды дәлелдеу керек дегенді білдіреді.

Юнонаның түс жорамалы

Юнона бойынша түс жоруда ұрлықтың нені, қай жерден, қалай жасағандығына байланысты мәні де әр түрлі делінген. Мысалы ақша ұрлығы өмірдегі өзгерісті, жұмысыңыздың ауысуын, көшуді немесе үйленуді сипаттайды. Одан бөлек, түс жорушы мынадай жорамалдарды назарға ұсынады:

  • Ұрлықшылардың ортасында жүрсеңіз – өміріңіз қиындықтарға толы болмақ;
  • Ұрлықты сыртынан бақыласаңыз – бостандығыңыз шектелуі мүмкін.

Ал егер сізді түсіңізде ұрлық жасадыңыз деп айыптап жатса - жақында оң өзгерістер болуы мүмкін.

Ұрлықшы адам. Көрнекі сурет
Ұрлықшы адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Миллердің түс жорамалы

Миллер бойынша түсіңізде алма ұрлау нені білдіреді? Алма ұрлау жұмысыңыздағы жоғарылауды немесе жеке өміріңізде бақытқа кенелетініңізді болжайды. Жақсылықтың қанша болатыны ұрланған алма көлеміне, алманың қаншалықты піскен-піспегенінен байланысты деп саналады. Одан бөлек:

  • Туысыңыздан әмиян ұрлау – туыстар арасындағы араздықты;
  • Досыңыздан ұсақ затты ұрлау – жақында достармен кездесуіңіз мүмкін дегенді болжайды.

Ал егер әріптесіңізден зат ұрласаңыз қаржылық қиыншылықты, әйел адам ұрлық жасап жатқанын көрсе, махаббатқа ұласатын жаңа таныстықты білдіреді делінген.

Фрейдтің түс жорамалы

Психоаналитика бойынша түс көру іштегі сезімдермен, адам қалауына көп байланысты. Фрейдтің түс жорамалына сәйкес, ұрлықты түсіңізде көру жыныстық қатынастағы құмарыңыздың қанбауы салдары деп болжанады. Сонымен бірге ол мынадай нұсқаларды болжаған:

  • Өтіп бара жатқан адамнан бір затты ұрлау – авантюраға қатысуыңыздың;
  • Банк тонау – жақында арманыңыздың орындалатындығының белгісі.

Қымбат зат ұрлау өміріңізге көңіліңіздің толмайтындығының, ал бір затты ұрлап қашу - асығыс қабылданған шешім деп сипатталады.

Нострадамустың түс жорамалы

Нострадамус бойынша ұрлық жасау болжанбаған шығындардың белгісі. Мысалы сіз демалысқа шығып, күтпеген шығындарға тап болуыңыз мүмкін. Түсіңіздегі ұрлықтың мағынасы келесідей:

  • Қымбат мүлікті ұрласаңыз – өтірігіңіз ашылады;
  • Танымайтын адамның затын ұрласаңыз – жоғарыдан берілген көмектің белгісі деп болжанған.

Саудамен айналысатындар үшін ұрлықты түсіңізде көру жақсы пайданы болжайды.

Ашылған құлып пен кілт. Көрнекі сурет
Ашылған құлып пен кілт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың болжамының ерекшелігі, түске ұрлық кірсе, сол адамның жай-күйінің белгісі деп есептейді. Мысалы ұрлық жасап, бірақ ол ісі үшін ұялса, оны өмірде жақын адамының сырқатына байланысты шығындар күтіп тұр деп болжанады. Сонымен бірге ол былай болжаған:

  • Сіздің затыңызды ұрлап кетсе – күтпеген сыйлық аласыз;
  • Жақындарыңыздың затын ұрласаңыз - оларға артылған бос үміт деп болжай беріңіз.

Ал егер тұрмыс құрмаған қыз түсінде ұрлық көрсе, жақында күйеуге шығуы бек мүмкін. Ұрлық көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым некеңіз сәтті болады деп болжанған.

Цветкованың түс жорамалы

Бұл жорамал бойынша түсіңізде ұрлық жасау сәтсіздіктің белгісі. Цветкова бойынша жорамал келесідей:

  • Жалған ақшамен әмиян ұрлау – сәтсіздіктің нышаны;
  • Қарт адамға жасалынған ұрлық – жұмыстағы өсектің белгісі деп болжанған.

Ал егер жалған ақша немесе жалған әшекей бұйымдар ұрласаңыз сәтсіз келіссөздердің белгісі. Бұл уақытта үй, жер, мүлік сатудан аулақ болғаныңыз жөн.

Ұрлыққа түскен ер адам. Көрнекі сурет
Ұрлыққа түскен ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хассенің түс жорамалы

Бұл жорамал бойынша түсіңізде мүліктен айырылсаңыз, өмірде құнды затыңыздан айырыласыз. Сонымен бірге ол былай болжам жасайды:

  • Өз таныстарыңыздың затын ұрлау – сыйламаудың белгісі;
  • Сізден әлдекім зат ұрланса – достарыңызды жоғалтасыз деп болжанған.

Ал егер түсіңізде айыпсыз адамды ұрлыққа қатысты деп жазаланғаны кірсе, сіздің жақыныңызды ренжітуіңіз мүмкін.

Жалпы түсіңізде ұрлық көру өміріңізде болатын өзгерістердің белгісі. Сондықтан әрқашан түсіңізді танымал жорамалдардан болжап, белгі берілсе абай болған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014758-maxabbat-bailyq-arazdyq-tusinizde-urlyq-zasau-neni-bildiredi/

pixel