jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қытайлық ғалымдар тышқанның басына бұғының мүйізін өсірді

Тышқанды ұстап тұрған ер адам
Тышқан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытай ғалымдары тышқанның басына мүйіз өсірудің жолын тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ rtraveler.ru сайтына сілтеме жасап.

Қытай Ғылым академиясы мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық жаратылыстану қорының ғалымдары тышқандардың ДНҚ-сына бұғы генін енгізгеннен кейін олардың бас сүйегінен мүйіз өсе бастады.

Қытайлық мамандардың пікірінше, тышқандарға жасалған бұл тәжірибе аяқ-қолын жоғалтқан адамдарға жаңасын жасанды түрде өсіру технологиясын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Бұғылар табиғатынан сүйек тінін қалпына келтіре алады. Ал тышқандардың бастарында мүйізді бластома жасушылары бар екен. Сондықтан бұғының гені тышқандардың ДНҚ-сына сіңіп, зерттеушілер олардың бастарында мүйіз өсіре алды.

Еске салсақ, бұған дейін біз АҚШ-тағы Техас университетінің ғалымдары бір ғана инъекция арқылы интоксикацияны жоюдың амалын іздеудің нәтижесінде қысқа уақыттың ішінде тышқандардағы мастықтың уытын қайтарудың жолын тапқанын жазған едік.

Қытайлық ғалымдар тышқанның басына бұғының мүйізін өсірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.