Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуірде қай белгінің еңбекақысы өседі: Бір айға арналған қаржылық жұлдыз-жорамал

Жарияланған күні:

Жұлдыз-жорамал сызбасы
Зодиак белгілерінің қағаздағы сызбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ай сайын алатын табыс және мансап жолындағы өсу кез келген адамды алаңдатады. Сәуір айында кімнің қаржысы артады? Астрологтар Нараяна Монтуфар мен Джессика Адамс қаржылық жұлдыз- жорамалды назарға ұсынды.

Тоқты үшін сәуір айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал

Тоқтылардың сәуірдегі барлық бастамасы табыс әкеледі. Тіпті ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырып жүрген шаруалар да оң шешімін табады. Тоқтылар үшін сәуір айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал не дейді? Ақша мәселесіне келгенде біраз күш жұмсалады. Ұсақ-түйек нәрселерге алаңдамаңыз, сонда ғана қаржылық магнитке айналасыз. Айналаңыздағы адамдар сізбен бірлесе жұмыс істеуге қуана-қуана дайын болады. Мамыр айында шығынға ұшырамау үшін табысыңыздың бір бөлігін алып қалыңыз. Көптен бері армандап жүрген затыңызды сатып алыңыз, өзіңізді еркелетіңіз. Астролог Нараяна Монтуфар 11 сәуірден бастап маңызды жобаларды бастауға кеңес береді.

Торпақ үшін қаржыға қатысты жұлдыз-жорамал қандай?

Астролог Джессика Адамс Плутонның Суқұйғышқа өтуіне байланысты басшылықтың өзгеруі мүмкін екенін болжайды. 20 сәуірде Күннің Торпаққа қарай ауысуы назарды материалдық құндылықтарға аудартады. Қаржы операциялары сәтті жасалады, салымдардың орны толады, ал инвестиция пайда әкеледі. Өндіріске инвестиция жасаңыз, депозитке ақша салыңыз, несие алуға болады. Жұмыс бабындағы сұхбаттасу сәтті өтеді, қызметте өсу ықтималдығы жоғары. Қомақты қаржыға жасалатын сатып алулар сәтті болады. Өнер және шығармашылық саласында еңбек ететін жандарды жақсы табыс күтіп тұр.

Көлікте отырған сұлу әйел
Көлік айдап келе жатқан сұлу әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер үшін бір айға арналған қаржылық жұлдыз-жорамал

Егіздердің қорғаушысы – Меркурийдің Торпаққа бағытталған ингрессиясы белгіні баяу, сабырлы және тұрақты етеді.

Егіздер үшін сәуір айына арналған қаржылық болжам қандай? 3 сәуірден бастап келіссөздер жүргізіңіз, келісімшарттар жасаңыз. Қарым-қатынас сындарлы болады, перспективалық идеялар мен жобалар туындайды. Саудадағы мәмілелер сәтті аяқталады. Кәсіп аясын кеңейтіңіз, көбірек жауапкершілік алыңыз. Білім алу және емтихан тапсыру сәті жақсы өтеді. 11 сәуірден бастап Венераның ықпалы болады, жалақыңызды көтеруді сұраңыз.

Сәуір айында Шаянға арналған ақша жорамалы қандай?

Басшылық алдында шағым айтуға деген ниетіңізді тежеуге тура келеді. Шағын жобаларда өзіңізді көрсетіңіз, мақтау мен алғысқа ие болыңыз. Сізге кәсіби деңгейіңізді дәлелдеу керек, сонда барлық сұхбат, конкурс және тендер жеңіс әкеледі. Қосымша табыс көзі пайда болады. Астролог Бежан Дарувалла сәуір айынан бастап жалақы немесе түсетін пайда көзі өседі деп есептейді.

Арыстан үшін сәуір айындағы қаржы жұлдыз-жорамалы

Арыстандар кедейлікте өмір сүре алмайды және үнемдеуді білмейді. Қуанышқа орай, сәуірде өзіңізге шектеу қоюға ешқандай себеп болмайды. Арыстан үшін сәуір айындағы қаржылық болжам қандай? Сәуірде Арыстандардың байлыққа қол жеткізу мүмкіндігі жоғары. Оларды қазіргі жұмыс орнында тұрақтылық пен көпшіліктің мойындауы күтіп тұр. Жаңа кәсіпке бет бұруға әлі ерте, қазір біліктілігіңізді арттырыңыз, жаңа дағдыларды дамытыңыз. Жаңа іс бастағысы келетіндер сенімді адамдармен жұмыс істеуі керек. Қосымша табыс көзі мен сыйлықтар болуы мүмкін.

Сыйлық ұсынған сәт
Ер адамның сүйіктісіне сыйлық ұсынған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың сәуірінде қаржы жағдайы бойынша Бикешті не күтеді?

Торпақтағы Меркурийдің қолайлы аспектісі Бикештің шешендік өнерін, дәріс беру қабілетін ашады. Астролог Маресса Браун 2023 жылдың 16 мамырынан 2025 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңді оқуға арнауға кеңес береді. Бикештер көшбасшылық танытып, қызметі жоғарылайды. Байсалды ақыл мәселелерді шешуге көмектеседі, ал ішкі түйсік қаржыны қайда жұмсау керегін айтады. Жаңа жұмыс берушінің ұсынысын немесе қазіргі жұмыс орнында көтерілетін күнді күтіңіз.

Таразылар үшін 2023 жылдың сәуір айына арналған қаржы жұлдыз-жорамалы

Таразылар үшін ақша жұлдызнамасы қандай болжам айтады? Таразыдағы толық ай 6 сәуірде әріптестермен және басшылықпен қарым-қатынас орнатуға сеп болады. Жамандық ойлайтын адамдарды анықтауға және оларды өз ортаңыздан шығаруға мүмкіндік болады. Бұл айда мұғалімдер, жаттықтырушылар, тәлімгерлер мен жеке жаттықтырушылар табысқа жетеді. Қомақты қаражат жұмсамаған абзал, ақшаңызды өзіңізді дамытуға арнаңыз. 11 сәуірден бастап еңбекақыңыз өседі.

Сәуірде қаржылық жағдай бойынша Сарышаянды не күтеді?

Оны көшбасшылық үшін күрес, даулар мен келіспеушіліктер күтеді, бірақ бұл жаман емес. Белгілі бір лауазымға және жалақыға ұмтылғандар сәуір айында қалағанына қол жеткізе алады. Кез келген жұмыс дәл уақытында әрі өте жақсы орындалады, нәтижесінде сыйақысы да болады. Берілетін тапсырма көп, бірақ оған күш-қуат жетеді. Артық шығын қажет емес, дегенмен демалысқа бару зиян болмайды.

Жоба дайындаған ұжым қызметкерлері
Жоба дайындап отырған ұжымдастардың жиыны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген үшін сәуір айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал

Сәуірде ашық белгі шығындар мен көре алмайтын адамдардың өсегіне жол бермеу үшін әрбір ісін құпия ұстағаны дұрыс. Мерген үшін сәуір айындағы қаржылық болжам қандай? Оны бәсекелестік додасы күтіп тұр. Жеке қарым-қатынаста ымыраға келіңіз, өйткені серігіңіз сізге бай болуға және мықты адамдармен байланыс орнатуға көмектеседі. Ірі мәмілелер жасалуы мүмкін, бірақ құжаттарды тексеруді ұмытпаңыз. Қомақты шығын қажет емес, армандарыңыз үшін ақшаны үнемдеген абзал.

Тауешкіге арналған 2023 жылдың сәуір айындағы қаржылық жұлдыз-жорамал қандай?

Жұмыс бойынша қызықты ұсыныс болуы мүмкін, бірақ шарттарды мұқият оқып шығыңыз, алдау қаупі жоғары. Ал негізінде сәуір айы жұмысқа да, оқуға да қолайлы. Достарының жобаларына инвестиция салған адамдар дивиденд алады. Мамыр айында еңбек демалысы күтеді, сондықтан соңғы серпілісті әдемі жасау арқылы жақсы демалыс ақысын аласыз. Сәуірде көптеген кездесу, іссапар болады. Соның нәтижесінде және жаңа таныстардың арқасында сіз қосымша ақша таба аласыз.

Суқұйғыш үшін сәуір айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал

Суқұйғыш ықпалды адамдардан қаржыландыру мен қолдау тауып, жаңа жобаны алға жылжытып, басқара алады.

Суқұйғыш үшін сәуір айындағы қаржылық жұлдыз-жорамал қандай? Меркурийдің ретроградтық кезеңіне дейін (21 сәуірден бастап) алаяқтардан сақ болыңыз және мәмілелер жасап алыңыз. Басшылық ұжымды басқаруды сізге сеніп тапсыруы үшін жинақталыңыз, тәртіп сақтаңыз. Жаңа лауазым бойынша жетістіктің болатынына кепілдік беріледі, сонымен бірге табыс та келеді. Көлік сатып алу сияқты жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелер сәтті жүзеге асады.

Жиналысқа қатысқан әріптестер
Әріптестердің жиналысқа қатысқан сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар үшін қаржылық жұлдыз-жорамал қандай?

Сәуір айында белгінің билеушісі Юпитер Күнмен байланысып, пайдалы танысулар болады, қолдаушылар жолығады, сыйақы беріліп, қаржылық әл-ауқат жақсарады. Заңды бұзбаңыз, қайырымдылықпен айналысыңыз. Балықтардың біразы өзін-өзі дамытуда серпіліс жасайды, мәртебесін көтереді және қызметіне қатысты пайдалы ұсыныс алады. Кәсіби спортшыларды ерекше жетістіктер күтіп тұр. Іссапарлар сәтті өтеді, мемлекеттік мекемелермен байланысты мәселелер Балықтардың пайдасына қарай шешіледі.

Сәуірде көптеген зодиак белгісінің мансап жолында өзгерістер болады және қаржылық жағдайы жақсарады. Қаржылық салымдар жасауға, жұмыс орнын ауыстыруға және команданы басқаруға мүмкіндік болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014968-sauirde-qai-belginin-enbekaqysy-osedi-bir-aiga-arnalgan-qarzylyq-zuldyz-zoramal/