Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал: әр белгі өкілін не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз-жорамал белгілері
Зодиак белгілері жазылған шеңбер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәуір айында Таразы белгісінде қызғылт Ай мен күннің сақиналы тұтылу құбылысы жүреді, ал Юпитер бәріне жайлы болады. Бұл зодиак шеңберіне қалай әсер етеді? Астролог Салли Киркман және Дэвид Одиссей сәуір айына арналған жұлдыз-жорамалын жасады.

Тоқтыларға сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал

От белгісінің бұл айда жолы болады. Тоқты үшін 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз- жорамал қандай? 20 сәуірде Тоқтыдағы күннің тұтылуы сақиналы болып саналады, бұл түнек немесе гибридтік тұтылу деп аталады. Сәуірде басталған кәсіп сәттілік әкеледі.

Астролог Дэвид Одиссей бұл айдың белсенді өтетінін айтады. Жұмсалған күш-жігер үмітті ақтайды: қызмет, табыс және еңбекақы өседі. Қарым-қатынаста үйлесімділік орнайды, ал әзірге жаңа танысулар жоқ.

Торпақ үшін 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

Таразыдағы толық ай қарым-қатынасқа әсер етеді. Ажырасу және танысу болуы ықтимал. Күннің Торпаққа ауысуы күш-жігерді арттырады. Қызмет жолында өсу болады, жалақы көбейеді.

21 сәуірден бастап Торпақтағы ретроградтық Меркурий қаржыға назар аудару керегін ескертеді. Шығындарыңызды бақылаңыз, ақшаны ақылмен жұмсаңыз. Айдың үшінші онкүндігінде аяқталмаған ісіңізге қайта оралыңыз. Табиғат аясында демалыңыз.

Гамакта жатқан қыз
Гамакта демалып жатқан қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздерге арналған бір айлық жұлдыз-жорамал

11 сәуірде Венера Егіздерге қарай ауысады. Бұл ақша мен махаббатқа әсер етеді. Егіздерге 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал қандай? Кәсіпте әділетсіздік көрсететін бәсекелестерге жіті назар аударыңыз. 21 сәуірден бастап Меркурий ретроградтық планетаға айналады. Құжаттармен жұмыс істегенде күндер мен мерзімді мұқият тексеріңіз. Жұптың танысуы, кездесулер, сезімнің нығаюы күтіледі. Бюджетіңізге ұқыптылықпен қараңыз, иммунитетіңізді көтеріңіз.

Шаяндарға 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

Жұмыс пен қаржы бойынша тұрақтылық пен өсу баспалдағы күтіп тұр. Астролог Кайли Томастың айтуынша, бұған Марс көмектеседі. Сізге қандай да бір жобаны немесе бөлімді басқаруға тура келеді. Шығармашылық адамдар таныла түседі. Жұмысын немесе лауазымын ауыстырғысы келетіндер айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауыса алады.

6 сәуірде Таразыдағы қызғылт ай Шаянға ерекше әсер етеді, осылайша қарым-қатынастағы жағдайды қайта қарауға тура келеді. Қоштасу, танысу және достар мен пікірлестер ортасының өзгеруі мүмкін. Көңіл-күй керемет болады.

Арыстан үшін сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал

От белгісі үшін көктемнің ортасы белсенді өтеді. Күйзеліс болғанымен, өмір жақсы арнаға бағытын бұрады. Арыстан үшін 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал қандай? Оны кәсіпорынды қайта құрылымдау, жұмыс орнын, лауазым немесе қызмет саласын ауыстыру секілді өзгеріс күтеді.

Ақшаны құртпау үшін 15 сәуірге дейін жинаңыз, содан кейін жаңа табыс көзі пайда болады. Қарым-қатынаста кикілжіңдер бар, жұптың бірі сәуірдің соңында жаңа махаббатын кезіктіру үшін ажырасуға бел буады. Тіс дәрігеріне және косметологқа көрініңіз.

Дәрігер мен емделуші
Қол алысқан дәрігер мен емделуші. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш үшін 2023 жылдың сәуір айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Бикештің жұмысында бәрі тұрақты, ол басшылықпен де жақсы қарым-қатынас орнатқан. Басқарушы ​​планета Меркурий Торпақта болған кезде, яғни 3-10 сәуір аралығында маңызды затыңызды сатып алуға болады. Ал 21 сәуірден басталатын ретроградтық кезеңде шығындарды азайтыңыз.

3 сәуірде Меркурийдің Торпаққа ойысуы жақын жандармен байланысты нығайтады. Бойдақ ер адам махаббатын, некелесетін жұбын кездестіреді. Күнделікті өмірде Бикештер жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы үйге жайлылық сыйлайды. Жалқаулыққа салынбай, қан сараптамасын тапсырғаныңыз абзал.

Таразыларға сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал

6 сәуірде бұл белгідегі толық ай қарым-қатынасқа әсер етеді. Таразылар үшін 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал қандай? Айналаңызға қайтадан бір шолып шығыңыз, зиянын тигізетін адамдармен байланысты үзіп, жақын жандарыңызға көбірек сенім артыңыз. Ең белсенді және іскер Таразыларды қызметінде өзгеріс күтеді. Ұзақ мерзімді жобаларға назар аударыңыз, өз салаңызды бақылауға алыңыз, ақпаратты қолданардың алдында сүзгіден өткізіп шығыңыз. Сырқаттанған адамдар сауығып кетеді.

Сарышаян үшін 2023 жылдың сәуір айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

20 сәуірде жаңа айдың тууымен сәйкес келетін күннің тұтылуы және Плутонмен шиеленіс Сарышаянның эмоционалдық жағдайына қатты әсер етеді. Ерлі-зайыптылар арасында кикілжің, билік пен мансап үшін дау болуы мүмкін.

Ал жұмыс барысында оң нәтиже болады. Бәсекелестерді жеңу үшін ақылмен және кенеттен әрекет етіп үйреніңіз. Сәуірдің екінші жартысы табыс арқылы қуантады. Тұрмыстық жарақат алу қаупі жоғары, сақ болыңыз.

Бизнес саласындағы әріптестер
Бизнес саласындағы әріптестердің жиыны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер үшін сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал

Күннің Юпитер белгісіне ауысуы бұл белгінің интеллектуалдық әлеуетін арттырады. Ол осы айда тағы бір биікті бағындырады. Мерген үшін 2023 жылдың сәуір айындағы жұлдыз- жорамал қандай? Күмәнді және арандатушылық сипаты жоқ ірі және күрделі жобаларды қолға алыңыз. Күннен тарайтын жылылық тәрізді ыстық ықылас қарым-қатынаста да болады: сезімді білдіру, ұсыныстар жасау, үйлену. Жалғыз жүрген жандар бойдақтық кезеңін артқа тастайды. Мықты денсаулық спорттық жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Тауешкі үшін 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

Жұмыс және білім алу бойынша өзгерістер болады. Басшылық тарапынан Тауешкінің жеке және кәсіби қасиеттері жоғары бағаланады. Сәуірдің соңында жүлделер мен сыйлықтар күтіледі. Өзіңізді ұнатқан затыңызды сатып алумен және жағымды эмоциялармен қуантыңыз.

Бұл айда махаббат пен романтика бірінші орынға шықпайды. Күрделі қарым-қатынастар ғана түбегейлі шешімді қажет етеді. Басы бос Тауешкілер жаңа адамдарды күтеді. Сәуір – спортпен шұғылдануға өте қолайлы уақыт, бұл сіздің денсаулығыңызды нығайтады.

Суқұйғышқа арналған сәуір айындағы жұлдыз-жорамал

23 наурыздан бастап Плутон Суқұйғышқа енді. Астролог Салли Киркман бұл тұлғаның өзгеруіне және айналаны өзгертуге мәжбүр етеді деп есептейді. Суқұйғыш үшін 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал қандай? Бұл – бақытқа толы ай. Іскерлік және жеке келіссөздерді, жобаларды жүзеге асыруға, физикалық белсенділікті арттыруға күш-қуат жеткілікті болады.

Қызмет барысында жоғары лауазымға ауысу, мақтау сөздер мен еңбекқының өсуін күтіңіз. Арманыңыз бен демалысқа арнап ақша жинаңыз. Қарым-қатынаста аса құмарлық танытпаңыз әрі күйзелістен де аулақ болыңыз. Бойдақ Суқұйғыштар жұбымен жол бойында танысады.

Жолда кездескен қыз бен жігіт
Жол бойында қауышқан қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар үшін 2023 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

20 сәуірге дейін Юпитер Балықтар белгісінде болады, осы кезеңде ірі жобаларыңызды аяқтаңыз. Жаңа жұмыс іздеңіз немесе кәсіп бастаңыз. 21 сәуірден бастап Меркурий ретроградтық кезеңге ауысады, ал шығындарыңызға шектеу қою бюджетіңіздің дұрыс жұмсалуына көмектеседі.

6 сәуірден бастап туыстармен қарым-қатынас орнатыңыз, ғашық болудан қорықпаңыз. Махаббатыңыз әдемі қарым-қатынас пен некеге ұласады. Басқа жаққа көшкісі келетін жандар көшеді немесе қызықты саяхат жасайды. Белсенді өтетін айда шаршауыңыз мүмкін. Сәуірдің үшінші онкүндігінде демалып алғаныңыз жөн.

Айды барынша тиімді өткізу үшін қандай тәуекелге баратыныңызды ескеріңіз, жұмыс пен жеке шаруаны, шығындар мен ойын-сауықты сауатты түрде жоспарлаңыз. Бұл сіздің қиындыққа тап болуыңыздың алдын алады және сәуір айындағы жоспарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2015199-sauir-aiyna-arnalgan-zuldyz-zoramal-ar-belgi-okilin-ne-kutip-tur/

pixel