Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таро жұлдыз жорамалы: 2023 жылдың сәуір айында әр жұлдыз белгісін не күтіп тұр

Опубликовано:

Таро картасы. Көрнекі сурет
Таро картасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таро жұлдыз жорамалына сенетіндер оны қауіптің алдын алуға септігін тигізетін көмекші құрал деп санайды. Бұл ретте белгілі тарологтар Ольга Стелла мен Анжела Перлдің сәуір айына арналған әр жұлдыз белгісі бойынша Таро болжамын назарға ұсынамыз.

Тоқтылар үшін сәуірге арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай?

Сәуір айының басында туылғандар үшін бұл кезең маңызды деп саналады. Оларға қосымша күш берілгендей болып, жұмыс барысында таңдау жасау құқығы беріледі. Жұмыста, үй шаруашылығында, қаржылық жағдайда белгілі бір балансты ұстап үйренеді. Жоспарлары іске асып, табыстың жаңа көзін ашады.

Таро бойынша торпақтарды не күтіп тұр?

Торпақтарды бұл айда оң өзгерістер күтіп тұр. Рухани тұрақтылыққа ие болып, армандары орындалатын кезең. Қаржылық проблемалары оң шешімін тауып, жаңа жобаларды қолға алады. Сонымен бірге сәуір айы сыртқы келбетіңізге көңіл бөліп, бет күтімін қолға алуға қолайлы.

Егіздер үшін Таро жорамалы

Бұл ай егіздер үшінде өте қолайлы. Армандардың орындалып, сәттілік серік болатын, жоғары күштердің сізге көмектесетін кезеңі. Жеке өміріңізде, денсаулығыңызда, жұмыс бабында оң өзерістер күтіп тұр. Өзіңізге деген сенімділігіңіз тасып тұрған уақытты пайдаланып тек алдыға жүріңіз, ештеңеден тайсалмаңыз.

Шаяндарды сәуірде не күтіп тұр?

Бұл айда шаяндар еркіндіктің не екенін түсінеді. Жағымды жаңалықтарға толы кезең болмақ. Өміріңіздің жаңа кезеңіне өтесіз. Жаңа жұмысқа орналасып, немесе көптен күткен демалысқа аттанасыз. Отбасыңызда мереке, сәтті келісімшарт, үлкен табыс күтіп тұр деп болжайды таролог Ольга Стелла.

Таро карталары үстел үстінде. Көрнекі сурет
Таро карталары үстел үстінде. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арыстандарға арналған Таро болжамы

Арыстандар үшін сәуір маңызды шешімдер қабылдайтын уақыт. Қабылдаған шешіміңіз болашағыңызға әсер етуі мүмкін болғандықтан, шешіміңізді асықпай, интуицияңызға сеніп қабылдаған жөн. Мүлікке байланысты келісімшарттар, көшу немесе үйдегі кішігірім мерекелер өте сәтті өтеді.

Бикештерге арналған Таро жорамалы

Сәуір айы бикештер үшін өзгерістер мен көптен күткен армандардың орындалатын мерзімі. Өзіңізге қолайлы жағдай үшін күресуге тура келеді, бірақ бикештер үшін сәуірде әрқашан жеңімпаз. Біреудің затын алған дұрыс емес екенін есте сақтаңыз, өзіңіздікінде ешкімге бермеңіз. Денсаулығыңызға, оқып-дамуға, сыртқы келбетіңізге көңіл бөлуге өте қолайлы кезең.

Таразыны сәуірде не күтіп тұр?

Таразылар таңдауды аса ұнатпайды, бірақ сәуірде белгісіздікке аяқ басуға тура келеді. Үйреншікті өмірді тоқтатып, жаңа бастамаларды қолға алатын сәт туды. Көп таразы жұмысын, жұбын, мекенжайын ауыстырады. Маңызды ақпараттар алып, қойған мақсатына оңай жетеді.

Сарышаяндарға арналған Таро жорамалы

Сарышаяндар үшін барлық шектеуге қарамастан, бұл кезең - даму, өзгерістер уақыты. Қажетті ақпарат алуда қиындықтар туындағанымен, олар ойлаған істерін жүзеге асырады. Кәсібіңізді дамытуға арналған тың идеялар пайда болып, сол бағытта сәтті келіссөздер жүргізесіз. Туындаған барлық қиындықтың оң шешімі табылады.

Мергендерге арналған Таро болжамы

Мергендер үшін бұл ай қызыққа толы болмақ. Бұл айда мергендерге рухани дамуға мүмкіндік мол. Барлығын: оқуды, жұмысты, кәсіпті жаңадан бастауға тура келеді. Жаңа бастамалар оң нәтижеге ұласып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізесіз. Оқуға немесе кәсіп ашуға грант ұтып алуыңыз да мүмкін.

Тауешкілерге арналған Таро жорамалы

Бұл ай Тауешкілерді отбасында да, жұмыста да басшы болуға міндеттейді. Кез келген жағдайды қолға алып, оң шешімін табу тек тауешкілердің қолынан келетін кезең. Үй шаруасы мен қаржы жағынан ешқандай қиындық болмайды. Сондықтан ай олар үшін қолайлы деп айтуға болады.

Суқұйғыштар үшін сәуір қандай болмақ?

Суқұйғыштар үшін сәуір тосынсыйларға толы болмақ. Бұл кезең кей суқұйғыш үшін жауапты кезең болуы бек мүмкін. Өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгертуге ықпал ететін жаңалықтарды күтіңіз. Ескі дос, әріптестеріңізбен кездесулер болуы мүмкін. Бюджетіңізді дұрыс жоспарлаған абзал.

Достардың басқосуы. Көрнекі сурет
Достардың басқосуы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтарға арналған Таро жорамалы

Бұл айда балықтарға жақсы таңдау жасауға мол мүмкіндік береді. Асықпай, дұрыс таңдау жасаңыз. Сыртқы әсер етуші күштерге ермей, өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырыңыз. Шекараңызды қорғай отырып, жұмыста, қарым-қатынаста беделге ие боласыз. Ерлер бұл айда ғашық болып, әйелдер жаңа таныстар табатын кезең.

Таро жорамалдары әр жұлдызды белгі үшін өміріндегі, тағдырындағы өзгерістерге бағыт береді. Сондықтан қателікке бой алдырмау үшін таро жорамалдарын оқып жүріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2015252-2023-zyldyn-sauir-aiyna-ar-zuldyz-belgisine-arnalgan-taro-zuldyz-zoramaly/

pixel