Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуір айына арналған Ай күнтізбесі: Ай фазасының қолайлы және қолайсыз күндері қандай

Опубликовано:

Үстел үстіндегі күнтізбе
Үстел үстінде тұрған күнтізбе және әдемі гүлдер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәуір - Айдың және астрологиялық аспектілердің әсері мол ай. Таразыдағы толық ай мен Ай фазаларының өзгеруі адамға қаншалықты әсер етеді? Астролог Лиза Стардаст және психолог Ольга Валяева сәуір айына арналға Ай күнтізбесін құрастырды.

2023 жылдың сәуіріндегі Ай фазалары

Сәуір өсіп келе жатқан ай фазасынан басталады. Ішкі тыныштықты сақтаңыз және жоспарларыңызды ай күнтізбесіне, көктемнің екінші айында белсенділігі артатын Күн, Меркурий, Венера және Юпитер орналасуына қарай үйлестіріңіз. 2023 жылдың сәуірінде өсіп келе жатқан айдың кезеңі қашан болады? Бұл кезең мына күндер аралығында өтеді:

  • 1–5 сәуір.
  • 21–27 сәуір.
  • 29–30 сәуір.

Нью-Йорк қаласының астрологы және таролог Лиза Стардаст мақсатқа жету үшін сәуірде жоспарға сай жұмыс істеуге кеңес береді. Сонымен қатар ауқымды тапсырмаларды ай толғанға дейін орындаған абзал екенін айтады.

Толған айдың бейнесі
Айдың толған сәтінің әдемі көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың сәуірінде ай қашан толады? Бұл табиғи құбылыс 6 сәуірде, айдың 17-18 күнінде Таразы белгісімен басталады. Moongiant мұны толық қызғылт ай деп атайды. Бұл кезең тұлғааралық қарым-қатынас мәселелерін белсенді етеді, махаббат пен достық байланыстар нақтылана түседі. Толық ай Тоқты мен Таразыға көбірек әсер етеді.

Ай толған кезде уақытты бос жүріспен өткізбеңіз, күшіңізді жасалуға тиіс істерге жұмсаңыз. Кемімелі ай басталмай тұрып кикілжіңдерді шешіп, бұрыннан араласпай жүрген адамдармен татуласу керек. Кемімелі ай мына күндерде болады:

  • 7–12 сәуір.
  • 14–19 сәуір.

Бұл – сәуірде жүріп өткен жолыңыз бен табысыңызға баға беретін тамаша уақыт. Бастаған жобаларыңызды жалғастырып, жаңа айға дейін берген уәделеріңізді орындаңыз.

Жаңа Ай 20 сәуірде туады, 29-30 күндері 1 ай күні болады. Айдың Тоқтыдан Торпаққа қарай ауысатын осы аралығы шабыт пен үміттің, қарым-қатынас және сәтті келісімдердің кезеңі болмақ. Адамдар мейірімді әрі диалогқа ашық болады.

Негізгі ай фазаларымен қатар мына кезеңдерді де ескеріңіз:

  • Үшінші тоқсан – 13 сәуірде Ай Тауешкіден Суқұйғышқа ауысады. Бұл – санаңызға, үйіңізге, өміріңізге "толық тазалық жұмысын" жасайтын уақыт. Сізді артқа тартатын барлық нәрседен арылыңыз.
  • Бірінші тоқсан – 28 сәуірде Ай Арыстанға өтеді. Шешім қабылдауға және қиындықтарды жеңуге қолайлы уақыт.
Жаңа туған айдың бейнесі
Жаңа туған ай және қаланың кешкі көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ай циклдерінің әсерін ғана емес, сонымен қатар айдың астрологиялық аспектілерінің маңызды рөлін де қарастырыңыз:

  • 3 сәуір. Меркурий Бикештегі өсіп келе жатқан Айда Торпақ белгісіне кіреді. Тыныш күн. Келесі айда коммуникация планетасы адамдармен қарым-қатынаста құштарлықтың қарқынын төмендететін фактілерге назар аударуды ұсынады.
  • 11 сәуір. Венера Егіздер тобына кіреді, ал Күн кемімелі Айда Юпитермен түйіседі. Бұл уақыт жұмыс үшін емес, өзін-өзі дамытуға, қарым-қатынас орнатуға, шығармашылық пен сүйіспеншілікке арналған кезең.
  • 20 сәуір. Тоқтыда күн тұтылады және Торпақта жаңа ай туады, одан кейін Күннің Торпаққа ауысуы жүреді. Бұл – материалдық әл-ауқатты нығайту үшін тамаша кезең.

Сәуір айдың 30-шы жұлдызында, яғни Ай күнтізбесінің 10-11-ші күндері аяқталады. Бикештегі өсіп келе жатқан Ай – ақша, мүлік, жұмыс мәселелеріне нүкте қоятын және рухани құндылыққа назар аудару үшін оңтайлы сәт.

2023 жылдың сәуіріндегі ай фазаларының адам өміріне әсері

Көктемнің екінші айы – тұлғаның, іскерліктің, ұжымның қалыптасатын әрі өркендейтін кезеңі. Бұл астрологиялық жағдайдың оң әсері мен Айдың жағымды ықпалына байланысты. 2023 жылдың сәуір айындағы қолайлы күндер қандай? Бұл айда қолайлы 17 күн бар: 3-4, 7, 10-12, 14-15, 17-18, 20-21, 23, 25-27 және 30 сәуір. Ал сәуірдегі қолайсыз күндер қандай? Сәуірде мүлдем қолайсыз күндер жоқ. 19 сәуірде, Ай бойынша 29 күні Тоқтыдағы Ай ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл күні іскерлік және физикалық белсенділікті азайтыңыз.

Ай фазалары және бизнес

Кәсіптің табысты болуы көптеген факторға байланысты және астрологияға жүгінетіндер оған оңтайлы жолмен қол жеткізе алады. Іс-шаралар жоспарын құру кезінде ай және планеталық аспектілерді ескеріңіз:

  • Кемімелі Айда Күн Юпитермен (11 сәуір) түйіседі, бұл жаңа көшбасшылардың шығуына ықпал етеді. Дәл осы уақыт мансап сатысымен жоғары көтерілу үшін тамаша кезең болып саналады.
  • 20 сәуірде болатын Тоқтыдағы күннің тұтылуы, Торпақтағы жаңа Ай және Күннің Торпақ белгісіне ауысуы материалдық әлемге басымдық береді. Рухани әрі физикалық күш пен қаржылық табыстың өсуі мүмкін.

Бизнеске қолайлы бірнеше ай күні бар екенін ескеріңіз. Сәуір айы бойынша бұл 1-3, 11, 20 және 24 күндер.

Ноутбукпен жұмыс істеп отырған қыз
Терезе алдында ноутбукпен жұмыс істеп отырған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың қарым-қатынас пен көңіл-күйге әсері

Блогер, психолог, "Луноликая" кітабының авторы Ольга Валяева Ай энергиясы әйелдердің нәзіктігін арттырады, ал ер адамдарға даналықты үйретеді дейді. Сәуірде қарым-қатынас пен өмірдің рухани бағытына әсер ететін бірнеше кезең болады:

  • Меркурийдің Торпақ белгісіне енуі (3 сәуір) адамдармен қарым-қатынас орнатуда агрессияны азайтады және өзіңізге қамқорлық жасауды үйретеді. Жаңа адамдармен танысу үшін өсіп келе жатқан Ай кезеңі қолайлы саналады.
  • Таразыдағы толық ай (6 сәуір) сізді жақын адамыңызбен, туыстарыңызбен және достарыңызбен арадағы мәселелерді реттеуге көмектеседі. Байланысты ретке келтіру үшін рухани қарқыныңызды пайдаланыңыз.
  • Тоқтыдағы күннің тұтылуы (20 сәуір) Тоқты мен Торпаққа психологиялық тұрғыда әсер етеді. Күйзеліске түспеңіз, өмірден қуаныш іздеңіз.

Махаббат пен байланыс үшін 2, 6, 17 және 21 ай күндерін пайдаланыңыз. Сәуірде ай күнтізбесінің 9, 13, 15, 19, 23 және 26 күндерінде ешқандай рухани әңгімелесулер мен сезіміңізді білдіруді жоспарламаңыз.

Жол бойында кетіп бара жатқан жұп
Жол бойында кетіп бара жатқан ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәуірдегі Ай денсаулық пен сұлулыққа қалай әсер етеді?

Шаштаразға баратын болсаңыз сәуір айына арналған шаш қиюдың ай күнтізбесіне жүгініңіз. Ал мына ұсыныстар басқа да сұлулық процедураларына арналған:

  • Сәуір айының 6-жұлдызында болатын Таразыдағы айдың толуы сауықтыру және косметологиялық процедураларды жүзеге асыру үшін қолайлы болмақ. Имиджіңізді өзгертіңіз. Философия докторы Дебра Роуз Уилсон ұйқының сапасын жақсартуға кеңес береді.
  • Венера 11 сәуірде кемімелі аймен бірге Егіздерге қарай өтеді. Бұл адамды өзгеруге итермелейді. Спортпен айналысуды бастаңыз, диета ұстаңыз, дұрыс тамақтаныңыз.

Жаңа айда суық тиюден сақтаныңыз. Өсіп келе жатқан Айда иммунитетті күшейтіңіз. Ай толған кезде кикілжіңнен аулақ болыңыз.

Косметологиялық процедура жасау барысы
Косметологиялық процедура жасатуға келген әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразыдағы толық ай және кемімелі айда болатын Тоқтыдағы күннің тұтылуы сәуір күндерін түрлендіре түседі. Ай күнтізбесінің болжамын және сәуірге арналған ай циклдерін ескере отырып, ісіңізді дұрыс жоспарлаңыз, бұл күйзеліс пен сәтсіздіктің алдын алуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2015402-sauir-aiyna-arnalgan-ai-kuntizbesi-ai-fazasynyn-qolaily-zane-qolaisyz-kunderi-qandai/

pixel