Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббат болжамы: Сәуірде жұлдыз белгілерінің жеке өмірінде қандай өзгеріс болмақ

Жарияланған күні:

ғашықтар
Ғашықтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Көктеммен бірге адамдардың көңіл-күйі ерекше көтеріліп, тың әрі әсерлі өзгерістерді жаны қалайтыны жасырын емес. Ендеше, танымал астрологтар Калпеша Шах пен Хлоя Джой Шнайдердің зодиак белгілерінің жеке өміріне қатысты астрологиялық болжамымен таныса отырыңыздар.

Сәуірде тоқтылардың жеке өмірі қандай болмақ?

Алтыншы сәуірден бастап тоқтыларды өзгеріс күтеді, олар өзгенің өзіне көңіл аударуы үшін әрекет жасай бастайды. Тоқтылар сәуірде сыртқы келбетін, имиджін өзгерту үшін косметологтарға жүгініп, спортпен шұғылдана бастайды. Астролог Калпеша Шах махаббатқа байланысты сөз беруге асықпаңыз деп кеңес береді. Ойланбай айтылған сөздеріңіз үшін опық жеп қалуыңыз әбден мүмкін.

Сәуір айы торпақтарға қандай сезімдер сыйлайды?

Жұлдыздардың болжауынша, бұл айда көптеген жандармен қарым-қатынасыңыз нығаяды. Жұбыңызбен ортақ шешімге келіп, болашақтарыңызға жоспар құрасыз. Ерлі-зайыптылар саяхатқа аттанса, басы бос торпақтар махаббатымен қатар адал достарын да кездестіреді. Олардың ара-қатынасын асықтырмаған жөн.

Егіздерге арналған махаббат жорамалы

Егіздер үшін махаббат құруға тиімді кезең сәуірдің ортасы болып табылады. Көптен екінші жартысын іздеп жүргендер үшін кездейсоқ таныстықтар шынайы махаббатқа ұласып кетуі әбден мүмкін. Әлеуметтік сала мен ғылым саласындағы егіздер үшін бұл ай өте қолайлы. Ал көп уақыт бірге жүрген жұптар үшін ортақ хобби табу маңызды.

Тамақ әзірлеп жатқан қос ғашық. Көрнекі сурет
Тамақ әзірлеп жатқан қос ғашық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндар үшін сәуір айы махаббатта үшін сәтті ай ма?

Өздерін жоғары бағалайтын шаяндар үшін бұл ай оларға сенімділік пен ашықтық сыйлайды. Ол махаббатта да оң ықпалын тигізеді. Айдың басында жұбыңызбен ұсақ-түйек түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Табиғат аясындағы, үйден тыс таныстықтар сәтті болады.

Арыстандардың махаббат жорамалы

Махабатта арыстандар үшін бұл ай өзгерістерге толы. Қызғану сезімі жұптардың арасындағы дауға айналуы мүмкін. Шешімін таппай жүрген ара-қатынастар бұл айда тоқтайды. Жұлдыздар 11-сәуірде болатын таныстықтардың болашағы зор деп болжайды. Ал бұрыннан жүрген жұптардың ара-қатынасы дәл осы күні жаңа кезеңге өтеді.

Бикештерді махабатта не күтеді?

Бұл ай бикештер үшін өзін-өзі дамыту айы. Жұп таңдаудағы қорқыныштарын жеңіп, өздеріне деген сенімділіктерін арттыратын кезең. Сонымен бірге өздерінің ішкі сезімдерін, нені, қандай адамды қалайтындықтарына нақты көз жеткізіп, эмоционалды жағынан өсу үшін өте қолайлы кезең.

Ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет
Ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразыларға арналған махаббат жорамалы

Романтикалық арақатынастардағы өзгерістер уақыты дәл осы сәуір айында орын алуы әбден мүмкін. Жұбыңызбен немесе өмірлік жартыңызбен шешілмей қалған мәселелер болса шешіп, оң нәтиже шығаруға қолайлы кезең. Астролог Хлоя Джой Шнайдер махаббаттағы жаңа кезең 11 сәуірден кейінгі уақытқа дөп келеді деп болжайды.

Сарышаяндар сәуірде махаббатын кездестіре ме?

Сәуірдің бірінші жартысы жұптар үшін ерекше қарым-қатынас құруға, өзара сенімнің артуына өте қолайлы кезең. Тұйықтау сарышаяндардың өзі ашылып, жұбына барлық сырын айтатын болады. Сәуірде сарышаяндар ерекше тартымды бола түседі. Сондықтан бұрыннан ұнатқан адамыңыз болса, іске кірісетін сәт туды деп біліңіз.

Мергендерге арналған махаббат жорамалы

Мергендер үшін сәуір әділдіктің, шындықтың кезеңі. Сондықтан мергендер бұл айда шынайы сезімін білдіріп, арақатынастағы жаңа кезеңге өтеді. Ерлі-зайыптылар балалы болуға шешім қабылдаса, жұптар үйленуге деген ынтасын білдіреді.

Тауешкілерге арналған сәуірдегі махаббат болжамы

Бұл ай тауешкілердің жұмысты емес, жеке өмірін шешуге арналғандай. Бұл айда тауешкі өз қалауындағы жанды таңдап, арақатынас құруға әрекет жасайды. Жаңа қарым-қатынастар сенімділікті арттырып, жаңа өмірге алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік туады. Бірақ есте сақтайтын бір жайт, өзгерістерді сәуірдің 21-не дейін жасау маңызды.

Бір-бірін шын сүйген екі жұп. Көрнекі сурет
Бір-бірін шын сүйген екі жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Суқұйғыштардың махаббат жорамалы

Сәуір бойы суқұйғыштар достық, махаббат сезімдерінің буымен жүреді. Сонымен бірге олар жаңа адамдармен танысады. Ерлі-зайыптылардың қатынасы нығая түседі. Ал басы бос жандар жанына жақын адамдарды кездестіреді.

Балықтарға арналған махаббат жорамалы

Сәуірде балықтар жаңа адамдармен танысуы бек мүмкін және бұл кездесу кездейсоқ болмауы да бек мүмкін. Бұл кезеңде балықтар махаббатқа үлкен жауапкершілікпен қарап, маңызды шешімдер қабылдайды. Жұбымен ашық сөйлесуге, қалауын білуге өте қолайлы уақыт.

Жалпы сәуір айы кез келген жұлдыз белгісі үшін қолайлы. Сондықтан жаңа жандармен танысып, үйленуге, жұп болуға асығыңыз. Жұлдыз жорамалды оқып, астрологиялық кеңестерге құлақ түрсеңіз, ұтылмайтыныңыз анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2015479-maxabbat-bolzamy-sauirde-zuldyz-belgilerinin-zeke-omirinde-qandai-ozgeris-bolmaq/