Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзің үшін сәнден: адамның өзіне деген сенімділігін қалай арттыруға болады

Опубликовано:

Айнаға қарап отырған бойжеткен: Көрнекі сурет
Айнаға қарап отырған бойжеткен: Көрнекі сурет: pixabay.com

Айнаға қараған кезде көңіл-күйіңіз түсіп кетсе, өзімізге-өзіміз қайта ғашық болатын уақыт келді деген сөз. Осы орайда, өз келбетіңіздің ерекшеліктеріне сүйсіне қарау үшін қандай тәсілдерді қолдану керек? Ронда Берн, Владимир Довгань және дипломат Арт Гаспаров секілді танымал коуч- психологтардың құнды кеңестерін назарға ұсынамыз.

Адамның өзіне деген махаббатын қалай қайта оятуға болады? Ол үшін басқалардың пікіріне құлақ аспаңыз, өзіңізді мақтаңыз, өзіңіздің жеке шекараларыңызды анықтаңыз, өз артықшылықтарыңызды мойындаңыз, қорқыныштарды жеңіп, сенімділігіңізді арттырыңыз, денсаулығыңызға көңіл бөліп, өзгеруді сыртқы келбетіңізден бастаңыз, өзіңізді еркелетіңіз, эмоцияңызды бақылауда ұстауды үйреніңіз, қабылдай біліңіз.

Өзгелердің пікіріне қалай мән бермеуге болады?

Сұлу әрі өзіне сенімді әйел ешқандай сынға назар аудармайды. Бұл тәжірибе арқылы пайда болған қабілет айтсақ та болады. Бойыңызда бұл қабілетті қалыптастыру үшін келесідей алгоритмді ұстанса жеткілікті:

  1. Өзіңіз жайлы айтылған барлық жағымсыз пікірді еске түсіріңіз.
  2. Ол пікірлерді киілген киім деп ойлаңыз.
  3. Ойша киім салғыш себетті елестетіп, киімді сонда салыңыз.
  4. Барлығын қоқысқа лақтырып немесе өртеп жіберіңіз.

Бұл жаттығуды өзіңізге берер бағаңыз көтерілгенше қайталап жасау қажет. Айтылған сынды бойыңызға жинамай, оған қарсы тұруды үйреніңіз.

Өз-өзіңізді мақтап үйреніңіз

Өзіңіз үшін ең талапшыл сыншы тек өзіңіз ғана. Артың сыннан құтылу үшін "Путь победителя" кітабының авторы Владимир Довганьның "резеңке" техникасын қолданған жөн.

  1. Қолыңызға канцеляриялық резеңкені тағып алыңыз.
  2. Өзіңіз жайлы негативті пікіріңізді айтып, резеңкені тартып, жіберіп отырыңыз.
  3. Қолыңызда сезілген ауыру бұл әдетіңізден арылуға көмектеседі.

Бұл - өзіңізді жамандамай, мақтап үйренуіңізге септігін тигізетін танымал техникалардың бірі.

Айна алдындағы әйел. Көрнекі сурет
Айна алдындағы әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзіңіздің ерекшеліктеріңізді мойындай біліңіз

Өзіңізді жақсы көру үшін, сізге ғана тән ерекшеліктеріңізді мойындау білу маңызды. Ол үшін:

  1. Қағазды қақ ортасынан тең екі бөлікке бөліңіз.
  2. Бір жағына өзіңіздің артықшылықтарыңызды, екінші жағына өзгерткіңіз келетін жақтарыңызды тізіп жазып шығыңыз.
  3. Өзгерткіңіз келетін тұстарыңыз жазылған қағазды өртеп немесе жағып жіберіңіз.
  4. Артықшылықтарыңыз жазылған қағаз бөлігін бөлмедегі көрінетін жерге іліп, күнделікті оқып жүріңіз.

Тізімге тағы да басқа артықшылықтарыңызды жазып, өзіңізге деген сеніміңіз толық қалыптасқанша екі ай көлемінде осы техниканы қолданыңыз. Ерекшеліктеріңізді жазуға қиналсаңыз Окно Джохаридің психологиялық тестін көмек ретінде қолданса болады.

Жеке шекараңызды орнату

Басқа біреудің пікіріне, интуициясына мән беруді қойыңыз. Өзгенің сізге өз пікірін дәлелдеу барысында келесідей тіркестерді қолданып, шекараңызды орнатқан дұрыс:

  1. Кешір, баламның сабағын тексеруім керек. Сізге менен көмек қажет пе?
  2. Бұл тақырып сені мазайлайтынын білемін. Оны қалай шешетін ойың бар?
  3. Осы демалыста кофе ішуге шақырайын деген едім. Қазір жаттығу залына кешігіп барамын.

Айналаңыздағылар өз проблемасын бөлісіп, көңіл-күйіңізді бұзуды азайтады. Бұл өзіңізді бағалауға әсер етуі мүмкін болғандықтан, ондай әңгімеден аулақ болыңыз.

Қорқынышты жеңіп, сенімділігіңізді арттырыңыз

Кез келген қорқыныш сезімі өзіңізге деген сенімдігіңізді түсіреді. Ол сезімнен арылу үшін армандап жүрген, бірақ жасауға қорқып жүрген ісіңізге тәуекел етіңіз. Мысалы келесі тізімдегілер:

  • Парашюттан секіріңіз;
  • Вокалға барып, үлкен сахнаға шығып өлең айтып көріңіз;
  • Денеңізге белгі (татуировка) салдырыңыз.

Ризашылық білдіретін дәптер бастап, жетістіктеріңізді күнделікті жазып отырыңыз. Күн сайын өзіңізді мақтаңыз.

Айна алдындағы бойжеткен. Көрнекі сурет
Айна алдындағы бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сыртқы келбетіңізге мән беріп, образыңызды өзгертіңіз

Өзіңіздің сұлу екеніңізге қалай сенуге болады. Ол үшін арнайы стилист маманына жүгініп, шаш үлгіңізді өзгертіңіз, макияж жасау әдетіңізге жаңарту енгізіп, дене бітіміңізге сәйкес киімдер алып, толық образыңызды өзгертіңіз. Сыртқы келбетіңізге деген сенімділік - өзіңізді еркін, әдемі етіп сезіндіретіні анық. Дене бітіміңізді ретке келтіру мақсатында спортпен, бимен, йогамен айналысыңыз.

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз

Денсаулыққа қажетті қан талдауын тапсырып, қажетті дәрумендер ішіп, ағзаңызға көмектесіңіз. Ағзаңызға физикалық қана емес, рухани да көмектесу қажет. Ол үшін арнайы психолог мамандардың көмегіне жүгіне де артық етпейді. Өзіңізге деген сенімсіздік, өзіңізді жек көру сезімі көңіл-күйдің ауытқушылығынан болатыны сөзсіз.

Өзіңізді еркелетіңіз

Әрқашан өз қалауыңызды бірінші орынға қоя біліңіз. Ол үшін аптасына немесе айына бір рет келесідей әрекеттер жасап тұрыңыз:

  • Телефонсыз серуендеп үйреніңіз.
  • Бет массажын жасатыңыз.
  • Қымбат мейрамханада дәмді ас ішіңіз.
  • Әдемі зат сатып алыңыз.

Ақшаны өзіңізге жұмсаудан қорықпаңыз. Жиі өз қалауыңызды орындап тұрсаңыз, ол дәстүрге айналып, бұл іс сізге қуаныш сыйлайтынын ұғасыз.

Өз мінезіңізбен, харизмаңызбен дұрыс жұмыс жасап үйреніңіз

Әйел адам табиғи сұлулығымен ерекшеленбесе де, егер өзіне сенімді, мінезі жайлы, ашық болса айналадағылар үшін оп-оңай сұлу келіншекке айнала алады. Бұл ешкімнің көңілін жықпас, барлығына бірдей икемді болу деген сөз емес. Айналаны тыңдай білу, ешкімді жамандамау, өзгеге ризашылығын білдіре алу, қолынан келгенше көмек көрсете білу сияқты адами қасиеттерді білдіреді. Бұл қасиеттер бойыңыздан табылсын десеңіз, Ронда Берннің "Магия" кітабын қолдануыңызға болады.

Өзіне ғашық көзқараспен қарап тұрған ару. Көрнекі сурет
Өзіне ғашық көзқараспен қарап тұрған ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қабылдай біліңіз

Жақындарыңызды өзіне тән болмысымен, артықшылықтарымен, кемшіліктерімен қабылдай біліңіз. Оларды өзгертуге тырыспаңыз. Адам бойындағы кемшіліктер - сол адамға тән ерекшеліктер және оның өзін жақсартуға бағыттайын күш. Ал артықшылықтары - оның мақтауын асырудың жолы. Жасаған қателіктер үшін өзіңізді де, біреуді де кешіре біліңіз. Сол қателіктерден сабақ ала білу де өнер.

Күнделікті айнаға қарап өзіңізді мақтаңыз, ең әдемі жан екеніңізге сеніңіз. Көптеген қиындық пен сәтсіздіктен кейін өзіңізге қайтадан ғашық болу - оңай емес. Бұл жолды жеңіп шыққыңыз келсе, жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріңіз. Біраз уақыттан соң айналаңыздың сізге деген көзқарасы өзгергенін байқайсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2015559-ozin-usin-sanden-adamnyn-ozine-degen-senimdiligin-qalai-arttyruga-bolady/

pixel