Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дұрыс сөйлеп жүрсіз бе: Қиын сәтте жақын адамыңызды қалай қолдауға болады

Опубликовано:

Бір-біріне қолдау көрсетеп отырған жұп. Көрнекі сурет
Бір-біріне қолдау көрсетіп отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Басына күн түскен қиын сәттерде жақын адамдарды қолдау өте маңызды іс. Артық сөз айтып, мәселені ушықтырып алмас үшін әр адам дұрыс сөйлей білу керек. Түрлі ситуацияға тап болған жақыныңызды сөзбен демеу туралы құнды кеңестерді психолог Ярослав Самойлов пен "Мой секрет" журналының сарапшылары бөлісті.

Сүйіктіңізге қандай қолдау сөздерді айтуға болады?

Қоғамда қалыптасқан стереотиптер ерлерді өз сезімін тұншықтырып, ашық әңгімеден қашуға итермелейді. Психолог Ярослав Самойловтың айтуынша, қиын сәтте ер адамдар да әйелдер сияқты көмекке, қолдауға мұқтаж екен. Туындаған ситуацияға байланысты сүйіктіңіздің тек жақсы жақтарын айтып, оған деген сенімділігіңізді білдіріңіз.

  • Сен өте жігерлісің. Білемін. Егер менен көмек керек болса, әрдайым дайынмын.
  • Әрқашан сенің қасыңдамын. Бірге кез келген қиындықтың шешімін табамыз.
  • Маған басқалардың пікірі маңызды емес. Мен сені бәрінен де жақсы білемін.
  • Саған сенемін. Сен бәрін реттей аласың.
  • Кез келген жағдайда сенің жағыңдамын. Көмекке қашан да дайынмын.
  • Бұл істің ауыр әрі әділетсіз екенін білемін. Бірақ сен шешімін табатыныңа сенімдімін.
  • Бұлай болғаны өкінішті. Мен қалай көмектесе аламын?
  • Бұлай болғаны өкінішті. Бірақ сен өте мықтысың және оң нәтиже шығара алатыныңа сенімдімін.
  • Мен сені әрқашан тыңдауға дайынмын. Не болғанын айтып берші.
  • Бұл ештеңе емес, кез келген адам уақыт өте келе жұмыссыз қалуы мүмкін. Сенің ақылыңмен, тәжірибеңмен, жағымды тұстарыңмен бұрынғыдан да жақсы жұмыс тауып аласың.
  • Бұл қиыншылықтардың маңызы жоқ. Ең бастысы - біз біргеміз.

Қолдау мен аяушылық таныту - екеуі екі бөлек нәрсе. Сүйіктіңізді аяп тұрғаныңызды білдірмеңіз. Бұл оның өзіне деген сенімділігін төмендетіп жібереді.

Бір-бірін құшақтап тұрған ғашықтар. Көрнекі сурет
Бір-бірін құшақтап тұрған ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жақыныңыз сырқаттанып қалғанда қандай сөздермен қолдауға болады?

"Мой секрет" деп аталатын әйелдер журналында дертке шалдыққан адамға айтылатын дұрыс қолдау сөздері – оның тез емделуіне септігін тигізеді.

***

Тезірек сауығып кетуіңді тілеймін. Дерт біржола кетіп, ешқашан қайтып келмесін.

***

Уайымдама, мұңайма. Тек жақсы ойлар ойлаған маңызды.

***

Дәрігерлер кеңесіне құлақ түріп, өзіңді күт.

***

Дерттен тез жазыласың. Жақсы адамдар ұзақ ауырмайды.

***

Жиі күлімде. Жақсы көңіл-күй кез-келген аурудың басты жауы.

***

Жоспарланбаған демалыстамын деп ойла. Күш жина. Сен барлығымызға қажетсің.

***

Ота жасау алдында қалай дұрыс қолдау білдіреміз?

Уайымдама. Отаның сәтті өтетініне сенімдімін. Мұндай оталар минут сайын, әлемнің әр түкпірінде жасалынып жатыр. Пайдасы да елге аян.

***

Отаның сәтті өтуін тіледім. Нәтижесі оң болып, аурудан жазылып шығасың.

***

Барлығы оңай әрі жеңіл өтсін. Мен сенімен біргемін. Барлығы жақсы болатынына сенімдімін.

***

Сәтті болсын. Уайымдамау мүмкін емес екенін түсінемін, бірақ барлығы жақсы болатынына сен. Мен біргемін.

Сырқат адамға қолдау сөздерін айтқанда, оның жағдайын сұрамаған жөн. Ол тек оның ауруын еске салып, көңіл-күйін бұзуы мүмкін.

Қолдау сөз айтқан қариялар. Көрнекі сурет
Бір-бірін құшағына басқан қариялар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жақыны қайтыс болған адамға қандай қолдау сөздерді айтуға болады?

"Такие дела" журналының сарапшылары қара жамылған адамға әрине ешқандай сөзбен қолдау көрсете алмайтынын мәлімдейді. Десе де оған көңіл айтып, әрқашан көмек беруге дайын екеніңізді айтқаныңыз жөн.

***

Қайғыра көңіл айтамын. Не істей аламын саған?

***

Ешқандай сөзбен көмектесе алмайтынымды білемін. Сенімен бірге екенімді ұмытпа.

***

Сенің қайғыңды көру өте қиын. Саған көмектескім келеді. Азық-түлік әкеліп берейін.

***

Жақыныңнан айырылу өте қиын және ол қайғы бір-ақ күнде емделмейтінін білемін. Әрқашан жаныңда екенімді ұмытпа. Маған кез келген жағдайда арқа сүйей алатыныңды біл.

***

Маған сенулеріңізге болады. Барлық өтінішіңді орындауға дайынмын.

***

Бұл қиын күндері сіздерге көмек қажет. Баланы мектептен алып кетуге немесе нотариусқа апара аламын.

***

Егер дұрыс сөз аузыңызға түспесе, құшақтап, қолынан қысып, қолдау білдіруге болады.

Жақынына қолдау көрсет ер адам. Көрнекі сурет
Жақынына қолдау көрсет ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күйзеліске түскен адамды қандай сөздермен қолдауға болады?

Күйзеліс - мұңаю немесе іш пысу емес, ол - адамның психологиялық жағдайының өзгеріске ұшырауы. Күйзеліс адамның көңіл-күйіне, жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне, денсаулығының нашарлауына алып келуі мүмкін.

***

Сен жалғыз емессің. Мен бұл жерде сені қолдау үшін жүрмін.

***

Ең ауыр соққыны тек өмір жасайды. Соққыға қарсы тұра білу керек. Мен сенімен үйренгім келеді. Неден бастаймыз?

***

24 сағатта бұл проблема шешілмейді. Бірақ бұл уақытта сенің ойыңды өзгертуге болады. Менің көмегіме әрқашан арқа сүйей аласың.

***

Сенің сезіміңді толық түсіне алмаймын, бірақ түсініп көруге тырысамын.

***

Барлығы өткінші. Алда бізді тек жақсылыққа толы күндер күтіп тұр.

***

Сені құшақтасам бола ма?

Жақыныңыз күйзелісте болса, оны тек сөзбен емес, іспен қолдауға тырысыңыз. Мысалы бірге серуендеп, ашық сөйлесіп, оны түсінуге талпыныңыз.

Өмірде болып жатқан қиындықтарда адам эмоционалдық қолдауға зәру. Қолдау уақытында дұрыс сөздер қолданған абзал. Сынаудан, оның ісін бағалаудан аулақ болыңыз. Сыйластығыңызды сақтап, дұрыс демеу бере біліңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2015878-durys-soilep-zursiz-be-qiyn-satte-zaqyn-adamynyzdy-qalai-qoldauga-bolady/

pixel