Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам дайын болғанда ғана үйленеді: жігіттің сізге деген ниетін қалай білуге болады

Опубликовано:

Қос жұп. Көрнекі сурет
Қос жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бірінші кездесуден соң-ақ көптеген бойжеткен ер адамды болашақ күйеуі ретінде елестете бастайды. Бұл нәзік жандыларға тән ерекшеліктің бірі. Ал ерлерде барлығы өзгеше. Жігітіңіздің сізге үйленетінін не уақытыңызды босқа алып жүргеніне көз жеткізу үшін не істеу керек? Әр бойжеткен білуі тиіс кеңестерді танымал ТikTok жұлдызы Тай Токс және философия докторы Валери Голден бөлісті.

Сүйіктіңіз еркіндікті сүйетін және жауапкершіліктен басын алып қашатын жігіт болуы мүмкін бе?

Көп жігіт үйленуді "өз еркіммен құлдыққа келдік" деп ойлайды. Сіз той көйлегін іздеп жүргенде, олар қолына басқа қызды ілуді көздеп жүрген болуы мүмкін. Ондай ер адамдар еркін жүруге үйренген, жарына, отбасына деген жауапкершілігі жоқ жандар.

TikTok жұлдызы Тай Токстың айтуынша ер адамдардың көпшілігі материалдық жағдайын реттеген соң ғана үйленуге асығады. Яғни, оларда бірінші орында - мансап пен ақша табу тұруы мүмкін. Сондықтан қарым-қатынас құрғанда қыдырудан шаршаған, тұрақтылықты қалайтын жігітті іздеңіз.

Қаржылық жағдайы тұрақталмаған

Қазіргі таңда ерлер қаржылық жағдайын реттемейінше үйлену туралы мүлдем ойламайды. Тіпті үйленуден қорқады. Өзін тұлға ретінде қалыптастыру, табыс көзін өсіру сияқты факторлар олардың басты мақсаты. Ал егер сіздің материалдық жағдайыңыз жақсы болып, жігітіңіз ұсыныс жасаса, ол махаббаттан емес, есеппен үйленіп жатыр деген нұсқаны да естен шығармаңыз.

Ер адам қолсағатына қарауда. Көрнекі сурет
Ер адам қолсағатына қарауда. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақшасын жоғалтып алудан қорқады

Бірақ кейде материалдық жағдайын жасап алған ерлер де үйленуден қашып жатады. Материалдық жағдайдың тұрақты боларына кепілдік жоқ деген желеумен болашағына сенімсіз болатын ер-азаматтар да баршылық. Ал егер ажырасып жатса, ондай ерлер жинаған мүлкін бөліске салуға міндеттеледі. Егер бай еркек үйленуге шешім қабылдаса, өзінің нарықтағы орнын тұрақтандырып қалу мақсатында отбасы құруы мүмкін.

Ақшасын санаған ер адам. Көрнекі сурет
Ақшасын санаған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ата-ананың қарсылығы

Жігітіңіз материалдық немесе моральдық тұрғыдан ата-анасына тәуелді болса, олар жігітке үйлену мәселесіне келгенде де өз ойын тықпалауы мүмкін. Болашақ келініне қарсылығын білдіріп, оны ұлына тең санамайтын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл проблемадан шығудың екі жолы бар:

  1. Жасы келген жігіт ата-анасынан бөлініп, өміріндегі маңызды шешім қабылдағалы отырғанын түсіну керек;
  2. Жігіт анасының сөзінен шықпайтын болса, онда анасы таңдаған қызды күтіп отыра беретінін ұғыну керек.

Жасы отыздан асқан жігіттер анасымен бірге тұрып, барлық жағдайын анасына жасатып, әйел алуға асықпай жүре беретін жағдайлар аз емес. Бұл ретте анасы мен баласының "ортасына түсу" сізге қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды. Бірақ көп жағдайда мұндай жігіттер анасының жағында болатыны анық, ойланыңыз.

Жағымсыз тәжірибесі бар болуы мүмкін бе?

Ажырасқан жігіттер қайта үйленуге асықпай, жұмысқа, баласына көңіл бөлумен жылдар бойы жүре беретін оқиғалар да қоғамда көптеп кездеседі. Бойдақ жігітті үйлендіру қиын болса, ажырасқан бойдақ жігітті үйлендіру одан да қиын. Алдыңғы қарым-қатынасын ұмытпаған, жүрегі жаралы еркектермен көңіл қосу да дұрыс шешім емес. Ондай еркектер өткенін ұмыту үшін қыздармен көп жүріп, көп қыдырғыш келеді. Мұндай жігіттің өткенін ұмытып, сізге ұсыныс жасауын күту-күтпеу - тек өз таңдауыңызда.

Кейбір еркектер дәл қазір үйленуге дайын болмаса, кейбірі өмір бойы жалғыз болуды таңдайды. Алтын уақытыңызды құр босқа кетірмей, алдыңыздағы еркектің қай категорияға жататынын біліп, отбасын құруға шынайы талпынатын жігітті іздеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2015880-er-adam-daiyn-bolganda-gana-uilenedi-zigittin-sizge-degen-nietin-qalai-biluge-bolady/

pixel