Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ChatGPT мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тапсырманы шеше алмады

Опубликовано:

Компьютер алдында отырған ер адам
Компьютер алдында отырған ер адам. Көрнекі сурет: Pixabay.com

OpenAI ғылыми зерттеу компаниясы танымал ChatGPT чат-ботының соңғы нұсқасын әлемге көрсеткелі бері нейрожүйе тақырыбы әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жиі көтеріліп жүр. Алайда озық технология деп танылған бұл нейрожүйе жуырда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тапсырманы шеше алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ naked-science.ru сайтына сілтеме жасап.

OpenAI ғылыми зерттеу компаниясы өкілдерінің айтуынша, ChatGPT түрлі сынақтар мен емтихандарды еш кедергісіз тапсыра алды. Ал кейбіреулердің пайымдауынша, тіпті "адам деңгейіндегі өнімділікті" көрсетеді.

Жуырда чат-ботқа желі қолданушыларының бірі мектепке дейінгі даярлау сыныбына арналған орыс тіліндегі математикалық есеп бойынша сұрақ қойған болатын. Тапсырма мынадай: "Ит – 3, үйрек – 3, сиыр – 2, қой – 2, тоқылдақ – 4, шошқа – 3, әтеш – 8, есек – ?". Чат-бот есек сөзінде бес әріп бар деп жауап берді.

Алайда чат-бот жауаптың дұрыс емес екенін білгеннен кейін:

"Бұл сұрақтан жануарлардың қасиеті қандай екенін анықтау мүмкін емес... Егер, мысалы, жануардың аяқ саны туралы айтатын болсақ, онда жауап басқаша болады, бірақ негізі тапсырманы орындау үшін көбірек ақпарат қажет", – деп жауап берді ChatGPT.

Интернет қолданушылары осы сұрақты чат-боттың GPT-3.5 бұрынғы нұсқасына қойған кезде сәл өзгеше жауап алды. Бірақ онда да жасанды интеллект қателескен.

Негізі сұрақ жануарлардың дыбыстарына қатысты болған. Ит үреді, ал "гав" сөзі – 3 әріп, қой "бе" деген дыбыс шығарады, демек 2 әріп. Осылайша есек "иа" деуге тиіс. Яғни сұрақтың жауабы: есек – 2.

ChatGPT
ChatGPT. Көрнекі сурет: Flickr.com

Бұл сұрақтың жауабын жасанды интеллект қана емес, пікір қалдырушылардың да басым бөлігі таба алмаған екен, осылайша чат-ботқа берілген тапсырма қызу талқыға түсті:

"Дұрыс жауабын табуға көмектесетін ақпаратсыз мен де түсінбес едім", "Контекстсіз адам да мұны шеше алмайды. Тексеріп көрдім, егер шағын контекст берсе, ол бұл тапсырманы да шешеді", "Қысқасы, жас сократиктер мектебіне түсе алмадым мен. Өтпедім емтиханнан. Вова, 44 жас", "Тапсырма дұрыс құрастырылмаған, сондықтан қиындықтар туындады. Мысалы, мәтіннің орнына суреттерді қойса тапсырманың мәні айқын бола түседі. Ал егер суреттерге бос орындар немесе сұрақ белгісі не сандары бар диалогтарды қосса, онда шешімі де айдан анық болар еді", "Негізі ол ағылшынша жұмыс істейді. Орысшадан ағылшын тіліне аударғандықтан, жануар дыбыстарының ішінде одан да көп немесе аз әріп болуы мүмкін, сондықтан бұл миға қонымсыз тапсырма", – деп пікірін білдірді желі қолданушылары.

Ал кей пікір қалдырушылар нейрожүйенің есепті шығара алмауын тілдегі ерекшеліктермен байланыстырды.

"Мәселе ода емес. ChatGPT – бұл тек алгоритмдердің жиынтығы. Бағдарламасына енгізілген деректерде бұл ақпарат көрсетілмесе, ол әңгіме жануарлардың дыбыстары жөнінде екенін қайдан білсін?", "Жоқ, мен тексеріп көрдім. Ағылшын тілінде жазсам да жауабын таппады", – деді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2015902-chatgpt-mektep-zasyna-deiingi-balalarga-arnalgan-tapsyrmany-sese-almady/

pixel