Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шектен тыс бақылау, әйелін мойындамау, кемсіту: Күйеуіңіздің тиран екенін қалай білуге болады

Опубликовано:

Ұрсып жатқан ер адам. Көрнекі сурет
Ұрсып жатқан ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлемде күйеуінен қысым көріп, зорлық-зомбылыққа шыдап жүрген мыңдаған әйел бар. Бұл ретте таңдаған жары "тиран" болып шыққан жағдайда әйел қандай әрекет жасауы керек және одан қалай басын алып қашуы керек деген сұрақ өте маңыздын, Психолог мамандар Анна Андриановна мен Дмитрий Карпачевтың құнды кеңестерін назарға ұсынамыз.

Тиран күйеу деген кім, оны қалай танимыз?

Тиран – айналасынжағыларды шектен тыс бақылауда ұстап, барлығын басқарғысы келетін адам. Ол әйелін жылдар бойы манипуляция, алдау, қорқыту, төмендету, күштеп айтқанын істету арқылы жанында ұстауы мүмкін. Күш көрсету - тирандарға тән қалыпты іс.

Voice журналы сарапшыларының айтуынша бір көрген адамға тиран сүйкімді, мінезі жақсы, сабырлы болып көрінуі мүмкін. Ел алдында болашақ жарымен қарым-қатынасын жоғары деңгейде көрсетіп, өзінің барлық жаман жағын барынша жасыруға тырысады.

Психолог Анна Андрианова да бұл пікірмен келіседі. Оның айтуынша тиран нағыз болмысын бастапқыда ешкімге білдіртпейді.

Күйеуіңіздің тиран екенін қалай ұғамыз? Гештальт-терапевт Дмитрий Карпачев тиранды мынадай белгілері арқылы анықтауға болады деп жазған:

  • Сөзбен ренжіту. Тиран отбасында болсын, көпшілік ортада болсын әйелін жиі кемсітіп, оның сыртқы түріне, ақылына тиісіп, ренжітеді.
  • Әйелін тұлға ретінде қабылдамау. Тиран үнемі әйелінің жетістіктерін мойындамай, оның қажеттіліктерін елемей, тек сын айтады. Олай жасау әйелдің өзіне сенімсіздігін арттырады.
  • Барлық шешімді тек өзі қабылдау. Тиран күйеу отбасындағы кез келген шешімді тек өзі ғана қабылдайды. Отбасы мүшелерінің пікірін мүлдем ескермейді.
  • Шектен тыс бақылауда ұстау. Тирандар әрдайым әйелінің кіммен, қайда, қалай кеткенінен хабардар. Оған әйелінің ортасы ұнамайды, кейбірімен мүлдем араласуға рұқсат бермейтін жағдайлар да жиі кездеседі.
  • Көңіл-күйінің тұрақсыздығы. Мұндай ер-азаматтар ұсақ-түйекке бола жанжал шығарып, әйелін ренжітіп алады да, кейін ештеңе болмағандай, кешірім сұрайды.
  • Билікті сақтап қалу. Отбасында өзі басшы болу үшін тиран күйеу әйелін қорқытып, манипуляция жасап, төмендетіп, тіпті көнбеген жағдайда күш көрсетуге де дайын.
  • Өз қателіктерін мойындамай, кешірім сұрамау. Мұндай еркек өзіне жасалған кез келген ескертуді қабылдаудан бас тартады. Өзінікі дұрыс болмаса да, мойындамай, ашуға бой алдыруға дайын тұрады.
  • Қорқыту арқылы өзін мойындату. Тиран күйеу барлығы өзін ғана сыйлау керек, тыңдау керек деп санайды. Оған қол жеткізу үшін қорқытып, күш көрсетеді. Ал өзі тек өзінен күштіректерді сыйлауды біледі.
  • Бірге жұмыс жасай алмау. Үй тираны үшін тең құқық деген түсінік мүлдем жоқ. Ол тек үй ішінде емес, жұмыста да барлығы оған бағынышты болу керек деп есептейді. Өзі тек өзінен қу, күштілерге ғана бағынады.

Тиран мен абьюзердің айырмашылығы қандай? Тиран әрқашан өзіне бағыну керек деп есептеп, билікте өзі екенін көрсеткісі келеді. Ал абьюзер физикалық, психологиялық, қаржылық тіпті сексуалды күш көрсету арқылы өзін мойындатқысы келеді. Ол зәбірленушіні қаржылық еркіндіктен айырып, психикасын бұзады.

Жұдырығын көрсетіп тұрған ер адам. Көрнекі сурет
Жұдырығын көрсетіп тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тиранмен бірге тұруға бола ма, оны қалай түзейміз?

Еркектер әртүрлі себепке байланысты тиранға айналып кетуі мүмкін. Бұл оның ішкі көмплекстері әсерінен, психикалық ауытқушылықтарынан немесе кішкентай кезінде көргенін қайталау секілді себептер болуы мүмкін.

Тиран күйеуді түзеп алуға бола ма? Тиран адамның мінезі жылдар бойы қалыптасқанын ескеру керек. Ол үшін әйел - өзінің барлық қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданатын, өзіне ғана тиесілі жансыз зат. Оның пікірінше отбасындағы қарым-қатынас дәл осылай болуы керек. Бұл жүйені бұзғысы келетіндер жазасын алатыны сөзсіз.

Тиранның мінезін өзгерту үшін арнайы мамандармен жұмыс жасап, психотерапия өтіп, өзін өзгерткісі келетін адам ғана нәтижеге қол жеткізе алады. Әйелі "кетемге" салса, тиран өзгеретініне сендіреді. Бірақ өзгеріс көпке ұзамайды, барлығы қайталанатыны анық.

Тиран күйеумен қалай қарым-қатынас құру керек? Ол үшін келесідей ережелерді ұстаныңыз:

  • Тәуелсіз болуға тырысыңыз. Сізге қойылған шектеулерге қарсы тұрыңыз.
  • Тиранға бағынып қажеті жоқ, бірақ ашуландырмауға тырысыңыз. Мәселені шешудің басқа да, өзіңізге тиімді жақтарын іздеңіз.
  • Өз-өзіңіз үшін тұра алуды үйреніңіз. VailDaily журналының эксперттері күйеуіңіздің сізге дөрекі сөйлеуіне, сізді төмендетуге жол бермеңіз деп кеңес береді.
  • Өз қалауыңызды айта біліңіз. Тіпті ол күйеуіңізге ұнамаса да, әрқашан айтқаныңыздан қайтпаңыз.
  • Бұл некенің мәңгілік емес екеніне ойыңызды үйретіңіз. Моральды тұрғыдан жаңа өмірге дайындалыңыз. Өзіңізді дамытумен айналысыңыз. Табысыңызды арттыру жолдарын қарастырып, жаңа мамандықтарды іздестіріңіз. Бұл өзіңізге сенімділікті арттырады.
  • Достарыңызбен, туысқандарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартыңыз.
Әйел адамға үстемдік еткісі келетін ер адам. Көрнекі сурет
Әйел адамға үстемдік еткісі келетін ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тиран күйеу отбасы үшін өте қауіпті. Ол өзін отбасында басқарушы ретінде көрсету мақсатында физикалық та, психологиялық та күш көрсете алады. Мұндай әйелдер ұзақ уақыт бойы барлығына шыдап, жауапкершілікті басқа адамдарға сілтеп, психологиялық күйзеліске ұшырауы мүмкін.

Ол жағдайдан тек арнайы мамандар алып шыға алады.

Егер күйеуіңіз тиран болса не істеу керек? Барлығына шыдап, үндемей жүре беру дұрыс емес. Тең құқық жоқ жердегі қатынасты толықтай тоқтату қажет. Бұл қарым-қатынасты тоқтату, жағдайдан қашу сияқты көрінетіні анық. Кетпес бұрын қаржылық қорыңызды жинақтап, тұратын жер, жұмыс тауып дайындалыңыз. Жеке заттарыңыз бен құжаттарыңызды жинақтаңыз. Телефон номеріңізді ауыстырып, күйеуіңізді әлеуметтік желілерде қара тізімге қойыңыз.

Мұндай қадамға көп әйелдің батылдығы жете бермейді. Олар ұзақ уақыт бойы шешім қабылдаудан қорқып, шыдап жүре береді. Бойыңызға батылдық жинап, сенімділігіңізді арттыру үшін психиатрға жүгінген жөн. Ол сіздің өзіңізді кінәлі сезінуден құтылуға, жаңа өмірге дайындалуға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2016079-kuieuiniz-tiran-ba-qalai-anyqtauga-bolady-zane-odan-qutyludyn-qandai-amaldary-bar/