Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хат арқылы жігітті қалай ғашық етуге болады: қыздарға арналған 10 кеңес

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Ноутбук алдында отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазіргі таңда ғаламторда отырып онлайн танысу жастар арасында да, ересектер арасында да кең таралған. Десе көптеген қыз-келіншек өзіне деген жігіттің сезімін ояту үшін қандай сөздер қолдану керек екенін білмейді. Психолог Эми Норс пен Тим Венига хат алмасу кезінде ер адамды өзіңізге ғашық қылу үшін қолданылатын тіркестерді бөлісті.

Онлайн танысып, өзіңізге деген қызығушылықты арттыру үшін қандай сөздерді қолдану керек? Жігітті хат алмасу арқылы ғашық еткіңіз келсе хабарламаңызды қысқа да нұсқа жазыңыз, смайликтерді жиі қолданбаңыз, көп мақтау сөздерін жазыңыз, позитивті көңіл-күй сыйлаңыз, хабарламаға тез жауап бермей, өзіңіздің бағаңызды көтеріңіз.

Бұрынғы қарым-қатынасыңыз жайлы жазбаңыз, өзіңіздің жағымсыз тұстарыңызды бөліспеңіз. Хат алмасу барысында жігіттің қызығушылығын арттыру үшін одан кеңес сұрап көруге болады.

Ойыңызды қысқа, түсінікті етіп жеткізіңіз

"Пиши и сокращай" кітабының авторы Максим Ильяхов қысқа әрі қарапайым тілмен, түсінікті хабарлама жазған дұрыс деп кеңес береді. Еркектер хабарлама алмасуды ақпарат алмасудың бір түрі деп қабылдайды. Сондықтан мәтініңізді қиындатудың қажеті жоқ. Бұл стратегия жарнама жасауда және ер азаматпен сөйлескенде тиімді болып табылады. Ойыңызды көркем тілмен жеткізіп, теңеулер қолданудың қажеті шамалы. Ол тек екінші жақта түсініспеушіліктер туындатады. Нақты дәлелдерге сүйенген ақпаратпен бөлісіп, қойылған сұраққа да нақты жауап берген дұрыс.

Жігітке қызығушылық танытыңыз

Жігіттің назарын өзіңізге аударту үшін не істеу керек? Бірінші кезекте оған өзіңіз қызығушылық танытыңыз. "Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей" бестселлерінің авторы Дейл Карнеги: "Жігіттің нені бағалайтынын сұрау арқылы оның жүрегіне жол табуға болады" деп жазған.

Сізге жігітпен сөйлесу қызықты екенін білдіртіңіз. "Ұйқың қанды ма?", "Күнің қалай өтті?" деген жалпылама сұрақтардың орнына, оның алдағы жылға жоспарларын, бойындағы өзі мақтанатын қасиеттерін сұраған дұрысырақ. Әңгімені бір сарында, жалықтырып жібермейтіндей құрыңыз. Мысалы арасында әзілдеп, ойын ойнау арқылы өз қызығушылығыңызды білдіре аласыз.

Келген хатқа бірден жауап беруге асықпаңыз

Қарым-қатынас жайлы бестселлерлердің авторы, психолог Тим Венинга келген хабарламаға бірден емес, уақыт өткізіп барып жауап берген дұрыс деп жазған. Барлық еркек әйелдің назарын жаулауға ұмтылуды, әйелдің жұмбақ болғанын ұнатады. Егер қыз кез келген уақытта бірден жауап жазса, ол ер адамға оңай берілетін, қызықсыз адам болып көрінеді. Жігітте ондай ой қалыптаспас үшін жауапты 5-10 секундқа кідіртіп немесе жұмыс күнінің соңына дейін созып, қолыңыз босаған уақытта жауап беріңіз.

Ұялы телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет
Ұялы телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жігіт сізбен сөйлесу үшін біраз тер төккені абзал

Әйелдер тренингінің авторы Эми Норстың пікірінше, хат арқылы жігіттің назарын аудару өте оңай. Жиі хат жазып, минут сайын мағынасыз хабарламалар жібермеңіз. Керісінше, өзіңізді іздетіп, сағынтып хат алмасыңыз. Ғаламтордағы әңгімелесуден басқа да жұмысыңыз көп екенін, уақытыңыздың тапшы екенін білдіртіңіз.

Хат алмасу барысында белгілі бір интервалды ұстаныңыз. Мәтініңіз мағыналы болғанын қадағалаңыз. Таңертең тұрғаннан бастап, күні бойы не істегеніңізді бөлісу жігітті жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан одан гөрі көрген фильміңіз, жоспарлаған демалысыңызды айтып әңгімеге тартқан абзал.

Жылы сөздер айтып, мақтауын асыруды ұмытпаңыз

Сөйлесіп жүрген жігітіңізге комплимент жасаңыз, мысалы "авасындағы" суретін мақтап айтуыңызға болады. Бұл - жігітті өзіңізге ғашық етудің ең тиімді жолдарының бірі. Жалпы ерлерге комплимент көп айтылмайды, сондықтан жағымды, жанға жылы сөздер есту оларға ұнайды. Ол оның өзіне сенімділігін арттырып, көңіл-күйін көтереді.

Хат алмасушыдан кеңес сұраңыз

Қазір көптеген нәзік жандар тәуелсіз, өзі шешім қабылдауға бейім келеді. Бірақ ол ер-азаматтан мүлдем ақыл сұрамау қажет деген сөз емес. Белгілі бір жағдайда жігітіңізден кеңес сұрап, оның ойын білген жөн. Ол ер-азаматтың өзіне деген сенімділігін арттырып, өзін әйел үшін қажет екенін ұғындырады.

Ноутбук және ұялы телефон. Көрнекі сурет
Ноутбук және ұялы телефон. Көрнекі сурет: pixabay.com

Позитивті көңіл-күйде болыңыз

Free to Live журналының эксперттері өзіңізге жігітті қаратқыңыз келсе негативті, жағымсыз хабарламалар жазбауға кеңес береді. Қиын кезең кез келген адамның басында болуы мүмкін екені белгілі және оны жасырып жүрудің де еш мәні жоқ. Десе де, күнделікті хат алмасуда жағымсыз хаттар жазып, екінші тараптың көңіл-күйін түсіріп, психолог сеансына айналдыруға болмайды.

Еркектер әрдайым уайымға салынып, алаңдап жүретін әйелдерді ұнатпайды. Қандай жағдай болмасын көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Тіпті болмаса әңгімені басқа жаққа бұрып, жігітіңізден қызықты оқиғасын бөлісуді сұраңыз.

Өзіңізді жамандамаңыз

Өзіңіздің жағымсыз тұстарыңыз көп екенін білсеңіз де, оны хабарламада жазып, тізудің қажеті жоқ. Бұл таныстық сізді жаңа қырынан ашып, сізге мол мүмкіндік беруі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Өзіңізді айдай сұлу әдемімін деп өтірік айтудың да қажеті жоқ. Бірақ артық салмағыңыз барын немесе көпшілік алдында сөйлеуден ұялатыныңызды туралы ақпарат оған түкт қажеті жоқ.

Оған дейінгі ер адамдармен қарым-қатынасыңызды талқыламаңыз

Жігітіңіз өзінің өткен өмірімен бөлісіп жатса да, сіз өзіңіздің бұрынғы жігітіңіз туралы айтудан қашыңыз. Тақырыпты басқа жаққа аударып, ойыңызды жинақтап жазыңыз. Ешбір ер адам өзін басқамен салыстырғанды қаламайды. Ол өзін өзгеден төмен болып сезінгісі келмейді. Қызға сөз салған жандардың көп болғанын білсе, ол өзін әлдебір сайыстың жеңімпазындай санайды.

Ұялы телефонмен сөйлесіп жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет
Ұялы телефонмен сөйлесіп жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хат алмасу кезінде ер адамға еркелеп қоюды ұмытпаңыз

Ер адам сізді бірден кездесуге шақыру үшін не істеу керек? Ғаламтордағы таныстық барысында ер-азаматты өзіңізге ғашық ету үшін әңгіме барысында еркелеп, хат алмасуда флирт қолданыңыз. Эми Норс хат алмасуды ойынға айналдыруға кеңес береді. Мұндай хабарлама кез келген еркекті жеке кездесуге шақыруға итермелейтіні сөзсіз.

Жалпы хат алмасу арқылы кез келген жігітті ессіз ғашық етуге болады. Ол үшін қызға қысқа, мәнді, қамқорлық танытуды білдіретін хаттар жазып, комплимент жасаса жеткілікті. Оның да қызығушылығын қолдап, ашық, шынайы болуға тырысыңыз. Дұрыс қолданылған сөздер жүрекке жететіні сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2016081-xat-arqyly-zigitti-qalai-gasyq-etuge-bolady-qyzdarga-arnalgan-10-kenes/

pixel