Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббатқа қатысты аффирмациялар: жеке өмірде бақытты болу үшін қандай сөздер айту қажет

Опубликовано:

Гүлдердің арасында жүрген қыз
Гүлдердің арасында шар ұстаған қызыл көйлекті қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ойдың күші адам өміріне әр түрлі игілік әкеледі деген сенім бар. Бұған аффирмациялар қалай әсер етеді және олар өмірлік жарыңызды жолықтыруға септігін тигізуі мүмкін бе? Өзіне-өзі көмектесу қозғалысының негізін қалаушы Луиза Хэй, емдеу кітаптарының авторы Надежда Чайка және блогер Тейлор Лоренц бұл жөнінде кеңестерін бөлісті.

Махаббат аффирмацияларының мәні мен қағидаттары

Өзін бақытты санайтын адамдар құштарлық пен шынайы махаббатқа басымдық береді. Сүйіктісімен жолығатын сәтті асыға күтіп жүрген жандар әр түрлі әдісті, соның ішінде ойдың күш-қуатын пайдаланады.

Махаббат аффирмациялары дегеніміз не?

Махаббат аффирмациялары әлі кездеспеген жұбына ой арқылы жақындай түсу, қарым-қатынасты нығайту мақсатында өзін-өзі иландыру әдісі арқылы қолданатын дұрыс психологиялық көзқарас қалыптастыруға бағытталған позитивтік тұжырым болып есептеледі.

Олардың адамға әсер етуі ағзадағы психологиялық және биологиялық процестермен тікелей байланысты. Дұрыс құрастырылған қысқа тіркестер мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:

  • адамды болашақ серігіне жақындауға итермелейтін гормоналдық теңгерімді өзгертеді;
  • арақатынастың жақсаруын жеделдетеді, ал кездесіп жүрген жұп болса, дем беріп, бір-біріне деген сенімді мығым етеді.

Аффирмациялардың адамға әсер ету механизмін плацебо нәтижесімен байланыстыруға болады. Мұны жүзеге асыратын жандар өзін-өзі бағалап, табысқа, махаббатқа деген сенімділігін арттырады.

Күлімдеп тұрған қыз
Күлімдер тұрған сүйкімді бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Аффирмацияларды құрастырудың ерекшеліктері мен жалпы ережелері

Махаббат әлемінен үйлесімділік табу үшін аффирмация оқу әдісіне жүгінетін адамдар оның ережелерін де сақтауы керек. Ең маңыздылары мыналар:

  1. Махаббатын табуға, жақын болуға және сүйіспеншілікті арттыруға арналған аффирмациялар қарым-қатынас жасауда қиындықтарға тап болатын адамдарға қажет.
  2. Өзіңізбен жұмыс істемейінше (өзін-өзі жоғары бағалау, сыртқы келбетті жақсарту, таныстар шеңберін кеңейту және жеке өмірге қатысты басқа мәселелерді шешу) аффирмациялар көмектеспейді.
  3. Аффирмациялар нәтиже беру үшін оған шын сену керек.

Өзара сүйіспеншілікке ие болу үшін психология ұстазы, өзіне-өзі көмек көрсету қозғалысының негізін қалаушы, "Книга женского счастья. Все, о чем мечтаю… Для тех, кто хочет от жизни большего" кітабының авторы Луиза Хейдің аффирмацияларын қолдануыңызға немесе өзіңіз ойша құрастыруыңызға болады. Өзіңіз құрастырған аффирмациялар әлдеқайда күшті әрі нәтижелі болмақ.

Махаббатқа арналған аффирмацияларды қалай жазуға болады? Ол үшін мына кеңестерді есте сақтаңыз:

  • Қысқа, сыйымды және мағыналы сөз тіркестерін таңдаңыз.
  • Оларды осы шақта құрастырыңыз. Сізде қалаған дүниеңіздің бәрі бар сияқты сезініңіз.
  • "Қалаймын" және "жоқ" деген сөздерге тыйым салынады.
  • "Мен", "маған" және "менікі" деп келетін тәуелдеу есімдіктерін қолданыңыз.

Аффирмациялар позитивті әрі жағымды ассоциацияларды тудыруы керек.

  • Махаббатты тарту;
  • Сезімді және жақын адамды сақтауға көмектесу.

Егер сіз позитивті көңілмен айтылған сөздердің жағымды әсерін сезінсеңіз, екі нұсқаны да пайдаланыңыз. Сізді жігерлендірген бірнеше сөзді таңдаңыз, оларды кезек-кезек айту арқылы нәтижесін байқап көріңіз.

Күлімдеп тұрған қалыңдық
Күлімдеп тұрған сұлу қалыңдық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Махаббатқа арналған аффирмация үлгілері

Танысу, бірін-бірі сүю, қарым-қатынас орнату, отбасын құру және оны сақтау үшін күш-жігер керек. Махаббат аффирмациялары - соның бір тәсілі.

Ер адамға деген махаббат аффирмациялары

Сүйіктісін әлі жолықтырмаған кез келген адам мына сөздерді айту арқылы кездесуді жылдамдата алады:

  • Мен махаббаттың тілінде сөйлеймін.
  • Менің жүрегім сүйспеншілік пен қуанышқа толы.
  • Махаббат мені кеңістіктің кез келген нүктесінен қоршап тұр.
  • Мен махаббатыма өзімді керек сәтте табуға мүмкіндік бердім.
  • Менің сүйіктім де мені іздеп жүр.

Құштарлық нысанын белгілі немесе қарым-қатынаста жүрген кез келген адам сәл басқаша сөздерді қолдануы керек. Ер адамға деген тиімді махаббат аффирмациялары қандай? Мынадай жасампаз сөйлемдерді қолданыңыз:

  • Мен махаббатты нұрландырамын және ол маған қайта оралады.
  • Сүйікті адамым қазір менің жанымда жүр.
  • Менің күнім жақын адамымның құшағынан басталып, аяқталады.
  • Біз бір-бірімізге қуаныш сыйлауды және сүйіспеншілігіміздің күшін қалай сақтау керегін білеміз.
  • Мені жер бетіндегі ең жақсы адам сүйеді және біз әрқашан бірге боламыз.

Махаббат туралы аффирмациялар жиі әрі сенімді түрде қайталануы керек. Оның әсерін жақсарту үшін телефон экранын іске қосыңыз.

Күнделікті айтылатын аффирмация
Махаббат тақырыбына арналған аффирмация. Көрнекі сурет: NUR.KZ

Махаббат жолында бақыт шақыратын аффирмациялар

Махаббат пен бақыт тақырыбына арналған қандай аффирмациялар бар? Махаббат пен бақытқа кенелу үшін мына сөздер ең тиімді нұсқа болып саналады:

  • Махаббат – өміріміздің мәні.
  • Мен махаббатты сезіне алатыныма және сыйлай білетініме қуаныштымын.
  • Мен өз бақытымды өзім жасаймын.
  • Өмір мен үшін тек бақытқа толы махаббатты қалайды.
  • Бақыт пен махаббат менің өміріме оңай енеді.
  • Мен бақытты қарым-қатынас пен ең күшті махаббатқа лайықпын.
  • Менің айналамдағы әлем махаббат пен бақытқа толы.
  • Мен бақытты және келешегі бар қарым-қатынасқа орын беремін.

"Сам себе целитель" кітабының авторы Надежда Чайка аффирмация бойынша күнделікті жаттығу жасауды ұсынады. Аффирмацияларды ойша айту және сөйлемді дауыстап оқумен қатар, үйде ілулі тұрған суреттерді де қолданыңыз. Әдетте бұл оң әсерін тигізеді және бақытты сәтіңізді жақындата түседі.

Аффирмациялардың айтылуы
Махаббатқа арналған аффирмация. Көрнекі сурет: NUR.KZ

Өзін-өзі жақсы көруге ұмтылдыратын қандай аффирмациялар бар?

Өзін-өзі құрметтемей, өзара сүйіспеншіліктен тұратын махаббатты кезіктіремін деп үміттенуге болмайды. Сондықтан мына аффирмациялармен бірге өзіне-өзі көмек көрсету тәжірибесін жүзеге асырып көріңіз:

  • Мен өзімді сүюге және сүйікті болуға рұқсат етемін.
  • Мен өзімді жақсы көремін және бағалаймын.
  • Мен өз денемді жақсы көремін және оны ең жақсы нәрселермен қуантамын.
  • Менің сырт келбетім де, мінезім де әдемі.
  • Мен өзара сүйіспеншілік, құрмет және қабылдау магнитімін.
  • Маған танысу, кездесуге бару және адамдарға ұнау жағымды әсер қалдырады.
  • Мен ең жақсы адамдардың сүйіспеншілігіне, сондай-ақ қарым-қатынастан ләззат алуға лайықпын.

Блогер Тейлор Лоренц өзін-өзі сүю махаббаттың ең жақсы түрі деп санайды. Мұндай аффирмациялардың әсерін күшейту үшін алдымен қағазға жазып, үстіне бір стақан су қойыңыз. Таңертең қағазда жазылған аффирмацияларды оқып, сөз арқылы қуатталған суды ішіңіз.

Ақ гүлдердің жанында тұрған қыз
Аппақ гүлдері бар ағаш жанында тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өмірлік серігінің жылуы мен қолдауын іздейтін жандарға жалғыздық бақыт әкелмейді. Сондықтан да сүйіспеншілікке ие болуға, жалғыз жүрмеуге және бақытты адамға айналуға арналған тиімді әдістерді қолданыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2016215-maxabbatqa-qatysty-affirmaciyalar-zeke-omirde-baqytty-bolu-usin-qandai-sozder-aitu-qazet/

pixel