jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Мейрамхана иесі клиенттеріне телефонға телміріп отыруға тыйым салды

Кофе ішіп отырған клиенттер
Кофе ішіп отырған клиенттер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жапонияның Токио қаласында Кота Кай есімді Debu-Chan мейрамханасының қожайыны өзінің мекемесінде ерекше ереже енгізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ japantoday сайтына сілтеме жасап.

Мейрамхана қонақтарына тамақ ішу кезінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынады. Әдетте кей адамдар смартфонына сағаттап телміріп отыра береді. Ал бұл өз алдына астануға келген жаңа клиенттерге орын жетпей қалуына себеп болуы мүмкін.

Бірақ мейрамхана қожайынының мұндай тыйымды енгізуінің басты себебі ол емес. Кота Кай сорпада тым ұзақ қалқып тұрған кеспенің сыртқы түрі нашарлап, адамның тәбетін бұзатынын айтты. Сондықтан қолындағы телефонға телміріп отыратын клиенттерге өз тағамын ұсынбауды жөн көрді. Дәмді тағам құрметті қажет етеді және оны мүмкіндігінше тезірек жеу керек дейді мейрамхана қожайыны.

"Жанымды салып дайындаған раменді көз алдымда сағаттап жемей отырғанын көргенде күйзелемін", - дейді ол.

Debu-Chan мейрамханасында ұялы телефондарға тыйым салынғаны туралы ешбір ескертпе ілінбеген. Мейрамхана иесі әр қонағына өзі жақындап, смартфондарын қоя тұруды және жақсылап тамақтанып алуды өтінуге ерінбейді екен. Көп жағдайда қонақтар қожайынның сөзіне құлақ асады.

Мейрамхана иесі клиенттеріне телефонға телміріп отыруға тыйым салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.