Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірдің мәні неде: әлемге әйгілі философтардың өмір туралы айтқан әсерлі қанатты сөздері

Опубликовано:

Өсімдіктің өскінін ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет
Өсімдіктің өскінін ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түрлі кезеңде өмір сүрген ойшылдар өмірдің мәні неде екенін ықылым заманнан бері зерттеп келеді. Олар бұл сұрақтаың жауабын табу үшін жан-жақты зерттеу керек екенін айтады. Осы орайда, танымал философтардың өмірдің мәні жайлы айтып кеткен қанатты сөздерін назарға ұсынамыз.

Аристотельдің өмір жайлы тұжырымдамасы

"Постнаука" журналы сарапшыларының пікірінше Аристотель - бар ғұмырын әлемнің қалай пайда болғанын зерттеуге арнаған. Ол жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы ғылымдардың негізін қалаушы, адам мен оның өмірі жайлы зерттеген ғалым.

Аристотельдің пайымы бойынша өмірдің мәні неде? Философтың айтуынша: "Өмірдің берілуі - бақыт, адамның негізгі мақсаты - бақытты болу". Оның ойынша оған жету үшін еңбектену жеткілікті, материалдық жағдайға көп көңіл бөлмей, жақсылық жасап, адамдардың бәрін жақсы көру қажет. Тағы да басқа жазбаларында Аристотель: "Өмірдің мақсаты - басқаларға жақсылық жасау", - деп жазған.

  • Өмірді сезіне білу рахат сезімге бөлейді. Ол - табиғаттан берілген сый.
  • Өмір сүру - бірдеңе ойлап табу немесе тек дайын дүниені пайдалану емес.

Бақытты өмір сүру үшін адал достың болғаны маңызды деп санайды Аристотель. «Өмірде ең маңыздысы - досыңнын болғаны, онсыз ештеңе де мәнсіз», - деп пайымдаған ол. Достықсыз, адамдармен араласпай өмір сүрудің мәні де қызығы да жоқ, деп есептейді ойшыл.

Конфуцийдің өмір жайлы қандай нақыл сөздері бар?

Қоғам қайраткері Конфуций: "Өмір өте қарапайым, біз оны өзіміз күрделендіреміз", - деген. Ойшылдың пікірінше, әр адамның өмірі өз қолында. Оған дәлел Конфуцийдың келесі пікірі: "Өміріңді өзіңе ыңғайлы етіп сүр, ешкімнің пікіріне құлақ аспа. Елдің үмітін ақтау - маңызды емес, бірақ жалғыз адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Жетістікке өзің жете аласың".

Философ кез келген қиындыққа қарамай, мақсатыңа жету үшін тек талпыныс керек деп есептейді.

  • Өмір бойы қараңғылықты қарғап өтуге болады немесе сол қараңғылықты сейілту үшін шам жағып, айналаңды жарықтандыруға болады.
  • Қалай баяу жүргеніңіз маңызды емес, тоқтағанша алға қарай жылжу керек.

Конфуций өмірдің мәні - махаббат деп санаған. Ол: "Махаббат - өмірдің әрі басы, әрі аяғы. Махаббатсыз өмір жоқ. Саналы адамның мойындайтыны да - тек махаббат", - деп жазған. Ойшыл өзіңізді алдамауға, мақсатқа апарар жолда тоқтамауға, махаббат жайлы ұмытпауға кеңес берген.

Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өмір мен оның мәні туралы Жан-Поль Сартр не деген?

Ерлерге арналған BroDude интернет-журналы сарапшыларының пікірінше, Сартр атеистік экзистенциализм бағытын ұстанған. Өмір жайлы барлық сұрақтың жауабы жай ғана қиял деп қабылдаған. "Әр адам өз ойындағы шектеулерде өмір сүреді, ал олардың айналадағы өзгерістерге еш қатысы жоқ", - деп жазған ол. Танымал ойшыл өмірдің мәнін адамның өзі жасайды деген пікірді ұстанған.

  • Өмірдің мәні жоқ. Мен оны өзім жасаймын.
  • Құндылықтарды біз ойлап табамыз. Apriori өмірдің мәні жоқ. Оған мән беруші тек өзіміз.
  • Біз - өмірде жасаған таңдауымыз.

Жан-Поль Сартр: "Бұл өмір бізсіз де жалғаса береді. Ол біздің ойымызға, көзқарасымызға тәуелді емес", - дейді. Адам өмірде болып жатқанды түсіндіріп, оған көніп қана ғұмырын өткізеді.

Лао-цзының өмір жайлы көзқарасы қандай?

Ежелгі Қытай философы Лао-цзы өмірін табиғатты, өмірдің мәнін зерттеуге арнаған. Оның ойынша: "Өмір - табиғи және күтпеген өзгерістерден тұрады. Оларға қарсы тұрудың қажеті жоқ. Қазіргі сәтте болатын өзгеріске ерік бер. Әр нәрсе өз ретімен екенін қабылда", - деген. Философтың пікірінше адамға тек алғашқы қадамын жасау жеткілікті, артынша оның өмірі өзгеріске ұшырайды.

  • Қиындықты жеңу жеңілден басталады, үлкеннің орындалуы кішіден немесе қиыдық жеңілдіктен тұрады, ал үлкен өзгеріс кішкентай қадамдардан тұрады.
  • Аспан мен жер мәңгілік. Себебі олар өзі үшін өмір сүрмейді.
  • Ақыл-ой - гаухар тас сынды. Ол қаншалықты таза болса, адамның өмірі де соншалықты таза болмақ. Ал сіздің ойыңыз таза ма?

Лао-цзы адамдарға байлық қуудан, арам ойдан аулақ болып, өзіңнің болмысыңды қабылдауға шақырады. Рухани даму мен ойдың тазалығы әр адамның басты мақсаты саналады. Тек сол жағдайда өмір мәнге ие болады деп жазған.

Бақытты бойжеткен. Көрнекі сурет
Бақытты бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ральф Уолдо Эмерсонның өмірдің мәні жайлы қанатты сөздері

Ральф Уолдо Эмерсон жеке басты, еркіндікті, аруақ пен табиғаттың байланысын, жеке дамуды көп зерттеген ойшыл. Философтың жиі айтатын пікірі: "Қимылың еркін болсын, оған қатты сын көзбен қарама. Бүкіл өмір - сынақ. Сынақтан неғұрлым көп өтсеңіз, соғұрлым сіз күштірек боласыз". Эмерсонның пікірінше, адамның өмірі, оның қалай өтуі адамның өзінің ойына ғана байланысты. Сондықтан алтын уақытыңызды қорқынышпен өткізбей, жағдайға қарай іс-қимыл жасап, шешімін табуға тырысыңыз.

  • Біз өмірге не берсек, соны ғана аламыз. Ой - гүл, сөз - тұқым, әрекет - нәтиже. Өміріңізді бос қорқынышпен өткізбеңіз.
  • Армандаған өміріңізді сүруден қорықпаңыз. Алға жүріп, арманыңызды орындаңыз.

Эмерсон адамның өмірі өзіне ғана байланысты дегенді алға тартады. Ойшылдың сөзін негізге алып, мотивация ретінде қабылдаңыз. Өз өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге әрекет жасаңыз.

Барлық кезеңде философтар, ойшылдар өмірдің мәні жайлы өз пікірін қалдырған. Олардың ойы оң бағыттан таймай, өмір сүрудің негізгі мәнін ұғындырып, өмірді бағалай білуге әрдайым жол ашып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2016705-omirdin-mani-nede-alemge-aigili-filosoftardyn-omir-turaly-aitqan-aserli-qanatty-sozderi/

pixel