Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш сөзді айтпаңыз": психолог бала тәрбесіне байланысты ата-аналарға кеңес берді

Жарияланған күні:

отбасы
Көрнекі фото: pexels.com

Қазіргі уақытта ата-аналардың басым бөлігі бала тәрбиесіне келгенде қателік жасап алудан қорқып, тәжірибелі психологтардың ақыл-кеңесін тыңдауға тырысып жатады. Шын мәнісінде бала тәрбиесінде бір ғана әдісті дұрыс деп қарауға болмайды. Осы орайда ресейлік психолог Виктория Дмитриева баланы қалай мақтауға болмайтынын және оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі doctorpiter.ru басылымына сілтеме жасап.

Біріншісі: "Жарайсың".

"Бұл үнемі уақыты бола бермейтін, баласының жетістігі ол үшін маңызды емес ата-аналар көп айтатын бос сөз", - деп санайды психолог.

Оның сөзінше, бұл сөз ұл немесе қызға деген шынайы мақтаныш сезімін сирек білдіреді.

"Жарайсың" деген сөз балада ерте кезден құнсызданады. Ол аталған сөзді реті келсін, келмесін жиі естиді. Мәселен, табақтан тамақ ішкенде, дәретке отырғанда, ұйықтағанда... Негізінде бұл мақтау шу ретінде қабылданады", - деді Виктория Дмитриева.

Екіншісі: "Сен өте сұлусың", "Біздің бала ең ақылды".

"Баланы салыстырып мақтамаңыз. Бұндай жағдайда бала үнемі өзін басқалармен салыстыра беретін болады. Өйткені салыстыру - бала үшін пайдалы бола бермейді. Ерте ме, кеш пе "сұлулық және ақыл байқауында" бала жеңіліп қалуы мүмкін", - дейді маман. 

Үшіншісі: "Сен бұдан да керемет жасай аласың".

"Егер сіз балаға бұндай сөйлемді айтсаңыз, ол өзін жақсы емеспін және жетістіктерім ештеңені білдірмейді деп санайды", - дейді ол.

Психологтың сөзінше, бұндай сөйлемнің мотивация беруі екіталай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2016913-us-sozdi-aitpanyz-psixolog-bala-tarbesine-bailanysty-ata-analarga-kenes-berdi/