Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 жасқа толған жанның мерейтойына қандай тілек айтуға болады: әсерлі құттықтаулар топтамасы

Опубликовано:

Туған күнге арналған кекстер. Көрнекі сурет
Туған күнге арналған кекстер. Көрнекі сурет: pixabay.com

50 жас деген өмірдің жаңа кезеңі басталатын уақыт. Осы орайда, ғұмырының жарты ғасырлық белесін артқа тастаған жанды өлең жолдарымен немесе прозамен креативті, естен кетпес құттықтау жолдарын назарға ұсынамыз.

Ерлерді 50 жас мерейтойымен құттықтау

Ерлерге өз мерейтойында жағымды, шын жүректен айтылған тілектер тыңдау өте маңызды. Құттықтауыңыз проза түрінде немесе әзіл-өлеңдермен айтылса, онда тіпті әсерлі болатыны сөзсіз. "Энциклопедия подарков и поздравлений" кітабының авторы Катерина Берсеньева құттықтау сөздеріңізді жылдағыдан өзгеше, ерекше етіп, алдын-ала дайындаған дұрыс деп кеңес береді.

Әсерлі құттықтаулар

Ер адамды қалай әдемі құттықтауға болады? Құттықтау барысында оның барлық жақсы қасиетін, жеткен жетістігін еске салып өткен дұрыс. Болашақта оны одан да биік шыңдар күтіп тұрғанын айта кеткен маңызды.

Бір-ақ тілек айтып шектелудің қажеті жоқ. Мысалы басында төрт жол құттықтау өлең жолдарын оқып, кейін өз жылы лебізіңізді білдіріп, соңында әзіл араласқан проза немесе өлең оқысаңыз, мерейтой иесіне жағымды әсер қалдыратыныңыз анық.

Төменде Bilim-all сайты ұсынған құттықтауларды назарларыңызға ұсынамыз.

Елуге келіп елге білінгенің, Ақсақалдық атқа осы - ілінгенің. Қалың елің қаумалап келіп отыр, Тойларың тойға ұлассын, інім менің!..

***

Ердің жасы 50-ге келіп тұрсыз, Шынардай шың басына шығып тұрсыз. Кернеген бойыңдағы күш – қуатты, Егемен еліңізге беріп тұрсыз.

Күш–қуат әлі дағы арта берсін, Жүрегіңіз жақсылықты сарқа берсін. Денсаулық жақсы болып әрқашанда, Жасыңыз 100-ге дейін жете берсін.

***

50 деген ердің жасын еңсеріп Еңбегіңмен Сен келесің тер төгіп, Армандардың аттанғанда шыңына Қызыр өзі болсын саған жолсерік.

Отбасының берекесін қамдаған, Бар өмірін жақсылыққа арнаған, Сендей жанға Алла өзі дем беріп, Қиын кезде қуат беріп қолдаған.

Құтты болсын қуанышты той күні, Саған шуақ шашсын Күн мен Ай нұры, Әрбір күннің мерекеге айналып, Ұрпақтарың көрмей өссін қайғыны.

***

Ақ тілекті ақтарамыз жүректен. Қуанышта көңіл шіркін дір еткен. Туылған күн құтты болсын деп бүгін, Өзіңізге үн қосамыз тілекпен!

Мерейтойға арналған сыйлық. Көрнекі сурет
Мерейтойға арналған сыйлық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әзілмен құттықтау

50 жас мерейтоймен құттықтауға арналған қандай құттықтаулар бар? Туған күн иесінің жүзін бал-бұл жайнатып, бақыт пен шаттық сыйлайтын құттықтау таңдаңыз.

"Большая книга праздников и поздравлений" кітабының авторы Валентина Лещинскаяның пікірінше мерейтойдың есте қаларлықтай өтуі үшін ол дұрыс ұйымдастырылып, сәнді безендірілулермен толықтырылған маңызды. Мерекелік кешке ерекше көңіл күй сыйлау үшін әдемі әзілдер мен қалжыңды қолданған жөн.

Әйелдерді 50 жас мерейтойымен құттықтау

Әйел адамның мерейтойы бұл күні ерекше эмоцияларға толы болады. Себебі бұл жаста әйелдер көптеген белесті артқа тастап, кемелденетін уақыт. Дәл осы күні әйелдерге ең шынайы тілектер, мақтау сөздер айтылады.

Осы ретте Zharar.com сайтының әйелдерді құттықтауға арналған өлең жолдарын ұсынамыз.

"Жанарынан сезілетін мейірім,

Жан әпкешім құтты болсын елу жас.

Құтты болсын мерейтойың, әпкетай

Алла жар боп, басың аман болсын тек.

***

Елу деген толы той мен думанға, Тау секілді көрінеді тұлғаң да. Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті, Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да.

Елу деген – ес тоқтату, есею, Елу деген – елдің жүгін көтеру. Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді, Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.

***

Жаны жайсаң мейірімді қарындасым, Құтты болсын бүгінгі туған күнің. Елу жасың сыйласын бар жақсыны, Әрбір күні жайқалып өмір гүлің.

Қуанышың, шаттығың ортаймасын, Мейірімді жүзіңде ән ойнасын. Немерелер қызығына тоймай, тойлай, Аша бергін жаңа жастың жаңа айнасын.

Елу жасың бақытын алып келсін, Ай, күніңді, жұлдызыңды жағып берсін. Алла өзі жар болып қарындасым, Жақсылықтың моншағын тағып берсін.

***

Гүл жайнаған, құлпырған жан сіңілім, Көңіліңде болмасын ешбір мұңың. Елу жасқа толып жатсың сен мінеки, Құты болсын сіңілім туған күнің.

Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе, Мұң шалмасын деп жаным жүзіңе бұл. Немереңнің қызығына тоймай, тойлай, Шаттығына кенеле бер өмірде бұл.

Бар жақсысын сыйласын Алла саған, Қуанышын дайындап алда саған. Жастан жасқа жете бер жан сіңілім, Өз ортаңда абыройың, артып бағаң.

Туған күн торты. Көрнекі сурет
Туған күн торты. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әсерлі құттықтау

Әйелдерге арналған қандай әсерлі құттықтаулар бар? Мерейтой күні оның ішкі және сыртқы сұлулығын, туыстарының, достары мен әріптестері арасындағы беделі туралы айтып, мақтау сөздерді жаудырған дұрыс. "Энциклопедия этикета" кітабының авторы Владимир Южин: "Егер мерейтойға келе алмайтын болсаңыз, тілегіңізді ашық хатта жазып жолдаңыз, бұл сіздің ерекше ықыласыңызды білдіреді", - деп жазған. Мысалы оған келесідегідей құттықтауларды жатқызуға болады:

"Мерейтойыңыз құтты болсын, біз сізді жақсы көреміз, сыйлаймыз, ауырмай, қашан да аман жүріңіз"

***

Сізді 50 жасқа толған мерекеңізбен құттықтаймын. Кез келген жағдайда сізді жақындарыңыз 5-ке бағалап, өміріңіздегі проблемалар саны 0 болсын. Сізге оптимизм мен шабыт, твиттер мен махаббат, керемет күш пен қуат тілеймін! 10 жастағы баланың күш-қуатын, одан бес есе көп болатын есе бақыт тілеймін. Өзіңізге деген сеніміңіз 25 жастағы азаматтікінен екі есе көп болсын! 50 жыл деген - жарты ғасыр, өте әдемі жас. Денсаулық тілеймін! Мерейтой құтты болсын!

 ***

50 жас — бұл өткен өміріңнің бір белесін қорытындылауға арналған уақыт. Көп дүние жасадыңыз, керемет өмірлік тәжірибе алдыңыз, бірақ бойыңыз әлі де қуатқа толы, жаныңыз жас, демек демалу туралы ойлануға әлі ерте! Қол жеткізген жетістіктеріңіз көп, бірақ бұдан биік белестерді бағындыруыңызға, тоқтамай, жаңа мақсаттарға ұмтылуыңызға тілектеспіз. Сізге сәттілік тілейміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017476-50-zasqa-tolgan-zannyn-mereitoiyna-qandai-tilek-aituga-bolady-aserli-quttyqtaular-toptamasy/

pixel