Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңғы рет 2013 жылы болған": бүгін Күн тұтылады

Опубликовано:

Күннің тұтылуы
Көрнекі фото: Рexels.com

Бүгін, 20 сәуірде Жер ғаламшарында күннің гибридті тұтылуы болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, бүгінгі күннің тұтылуындағы ерекшелік – Жердің әр түрлі аймағындағы тұрғындар күннің сақина тәріздес немесе толық тұтылуын көреді.

"Айдың көрініп тұрған көлемі күннің көрінетін көлеміне сәйкес келеді. Жерден Айға дейінгі арақашықтық көбірек жерде Ай Күннен кішірек болып көрінеді және сақина тәріздес тұтылуды байқауға болады. Ал арақашықтық азырақ жерде Ай Күнмен бірдей болып көрінеді, сондықтан оны толығымен жабады. Мұндай Күн тұтылу соңғы рет 2013 жылы болған", - деп жазады агенттік.

Сонымен қатар агенттік күннің толық тұтылуын Австралия мен Индонезияның кейбір аралдарының тұрғындары, ал сақина тәріздес тұтылуды Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия тұрғындары көре алатынынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017604-songy-ret-2013-zyly-bolgan-bugin-kun-tutylady/

pixel