Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктіңіздің сізге үйленгісі келетінін қалай білуге болады

Опубликовано:

Қалыңдық көйлегіндегі бойжеткен. Көрнекі сурет
Қалыңдық көйлегіндегі бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Басы бос бойжеткендердің кейбірі жігітінің сөз салуын күтіп жүрсе, екіншілері уақыт жоғалтпай, жігіттің шынайы ниетін білуге асығады. Осы орайда, ер адамның отбасы құруға дайын я дайын емес екендігін қалай білуге болады? Күйеуге шығу туралы бірнеше кітап жазған авторлар Эллен Фейн мен Шерри Шнайдер үй болуға дайын жігіттің белгілері қандай деген сауалға жауап іздейді.

Сіздің өзгелерден ерекше екеніңізді көп айтады

Егер жігіт сіз әзірлеген тамақты ең дәмді, ал өзі айтқан әңгімені сіз жақсы тыңдайтыныңызды жиі айтса, онда ол сізге ессіз ғашық деген сөз. Ерлерге тек қана жыныстық қатынас қана емес, сонымен бірге рухани жағынан да жақын болу маңызды. Жанына тыныштық сыйлап, қолдау көрсететін, ер-азаматының жағдайын жасай білетін қыздарды ер адамдар жібермейтіні анық.

Сізді үнемі аймалауға тырысады

Таныстықтың алғашқы күндері жігіттер қызға әсер қалдыру үшін оның шашын, бетін сипап, құшақтауға әуес. Егер жігіттің сізге деген ойы шынайы болса, ол бар тәнімен сізге жақындағысы келеді. Оның іс-қимылы барынша шынайы және сенімді болады. Дәл сондай көріністі жігіттің сүйікті көлігіне отырғанында да байқауға болады.

Сізге қамқор болып, қолдайды

Егер жақын таныстық жыныстық қатынастан басталса, отбасын құруға дайындық келесідей тізім бойынша жүруі тиіс:

  • Ортақ бюджет құру;
  • Алдағы еңбек демалысын, отбасылық мерекелерді жоспарлау.

Болашақ күйеуіңіз сізді күтіп, барынша қамқорлығына алуы керек. Егер сіз ауырып қалсаңыз, ол уақытының тығыздығына қарамастан дәріханаға барады немесе қыс ішінде құлпынай тауып келуге әрекет жасайды.

Ғашық жандар
Ғашық жандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Біз" деп айтып, отбасылық мерекелерге шақырады

Жігіттің сізді достарымен, ата-анасымен, туыстарымен таныстыруы – сізге деген ойының шынайлығын білдіреді. Ол кездесулерге кездейсоқ емес, арнайы шақырылсаңыз, сіздің жігіттің өмірінде алатын орныңыз ерекше деген сөз. "Мен" дегенді "бізге" алмастырса, екеуіңізді бөлек көре алмайтындығының белгісі. Оның өзімшілдігі басылып, сізді өз өмірінің бөлшегі ретінде қабылдағаны деп біліңіз.

Бірге тұруға ұсыныс жасау

Үйреншікті өмірін, тұратын үйін басқа адаммен бөлісуге көп жігіттер қорқақтайды. Сондықтан бірге тұру көбінесе азаматтық некеге ұласады. Бұл да сізге деген көзқарасының шынайылығын білдіреді. Яғни, бұл - той көйлегін қарап, неке жүзігін таңдаудың уақыты алыс емес деген сөз.

Барлық жоспарларын сізбен бөліседі

Шынайы қарым-қатынастағы ер адам өміріндегі орын алып жатқан барлық ұсақ-түйекті сізге айтып, бөлісіп отырады. Бүгін не жасағанын, ертенге қандай жоспары бар екенін өздігінен, ешқандай қысымсыз айтып отырады. Үздіксіз хат алмасуға, үзіліс кезіндегі қоңырауларға дайын болыңыз.

Некеге, балаларға деген көзқарасы жақсы болады

Егер ер адам отбасы, бала-шаға жайлы ойын сенімді түрде жеткізсе, бұл жақсы белгі болып саналады. Үйлену жайлы теріс пікірі жоқ ер адам отбасылы жұптар арасында өзін еркін ұстап, туыстарының балаларымен ойнап, бірге көңіл көтере алады. Ал егер неке жайлы ойы теріс болып, баланың жылауын көтере алмайтын жігіттер үйленуге мүлдем дайын емес дегенді білдіреді.

Қос ұстасқан ғашықтар
Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйіктісіне қысым көрсетпейді

"Правила. Как выйти замуж за мужчину своей мечты" кітабының авторлары Эллен Фейн мен Шерри Шнайдер бақытты әйел ешқашан өз ер азаматына қысым көрсетпейді деп санайды. Ол еркектің өзінің отбасын құруға деген қалауын күтеді. Егер ер азаматыңыз ешқашан "Маған қысым көрсетпе!" деп айтпаса, демек сіз оны еркін, өз қалауымен өмір сүруіне ықпал етіп, тең құқылы қарым-қатынас құра білгенсіз.

Қаржылық тәуелсіздікке әрекет жасап, қор жинайды

Жақында ғана ол сізге гүл сыйлап, қымбат мейрамханаларда тамақтандырып, демалысқа апарып жүріп, ал қазір ақшаны үнемдеп, үйге қажет заттар алуға жұмсайды ма? Бірден оны сараң немесе басқа біреуі бар деп кінәламаңыз. Үлкен той жасап, бренд той көйлегі мен неке жүзігі де арзан тұрмайтынын ескеріп, оның үлкен мерекеге қаражат жинап, қор жинап жатқаны деп түсінгеніңіз дұрыс.

Көп алаңдап, ойға батады

Егер соңғы кезде жігітіңіз сізге қарап отырып, қалың ойға шомып немесе алаңдаулы екенін байқасаңыз, ол сізге ұсыныс жасауға батылы жетпей жүруі мүмкін. Ер адамның шешім қабылдауына біраз уақыт қажет. Әлеуметтік желіден бәскелестер іздемей, әдемі той күнін белгілеуді ойланыңыз.

Ер адамның ойында не бар екенін бірден түсіну өте қиын. Уақытыңызды құр өткізбей, жігіттің үйленуге деген ниетін тезірек білгіңіз келе ме? Жоғарыдағы кеңестерді оқып, талдап, маңызды күнді сабырмен күтіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017910-suiiktinizdin-sizge-uilengisi-keletinin-qalai-biluge-bolady/

pixel