Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық құштарлықтың шамадан тыс болуы: нимфомания қандай дерт және оның белгілері қандай

Опубликовано:

Құшақтасқан жұп
Бір-біріне құмартқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Нимфомания ұғымы компульсивтік жыныстық мінез-құлықпен байланысты. Мұндай ауытқу әйелдерде де, ер адамдарда да кездеседі. Нимфомания дегеніміз не және оны жеңу жолдарын медициналық басылымдардың сарапшылары тарқатып айтты.

Нимфомания деген не және оның белгілері қандай?

Нимфомания дегеніміз не? Нимфомания - жыныстық құштарлықтың шамадан тыс болуы. Мұндай күйде адам үнемі ырыққа бағынбайтын жыныстық импульсты бастан кешіреді. Бұл жағдай гиперсексуалдық, яғни жыныстық тәуелділік деп аталады.

Нимфоман әйел деген кім? Бұл қалыптан тыс жыныстық құмарлықты сезінетін әйелді сипаттау үшін ескірген термин болып саналады. Нимфоман әйел - бұл ерлердегі нимфоманияны білдіретін ескірген "сатироман" терминінің аналогы.

Психикалық денсаулық жөніндегі кеңесші Джералин Декстер нимфоманияның туындау себептері нақты анықталмағанын жазады. Алайда мына факторлар гиперсексуалдық мінез-құлықтың пайда болуына ықпал етеді:

  • күйбең тірліктегі күйзеліс;
  • жарақат, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық;
  • мидағы химиялық заттардың, нейромедиаторлардың теңгерімсіздігі;
  • эндокриндік дисфункция;
  • триггерлер;
  • неврологиялық аурулар және оларды емдеу үшін қолданылатын препараттар.

Муна Асифф гиперсексуалдық әрекеттің этиологиясы бірнеше фактормен байланысты, соның ішінде басқа аурулармен бірге дифференциалдық диагноздың да ықпалы болатынын жазады:

  • ауыр психикалық бұзылулар, мысалы, биполярлық бұзылыс;
  • емдеудің жанама әсерлері;
  • есірткі заттарын қолданудан туындаған бұзылулар;
  • неврологиялық бұзылыстар.

Нимфомания қалай байқалады? Гиперсексуалдық мінез-құлқы бар адам жыныстық қатынасты өміріндегі барлық дүниеден маңызды санайды. Мұның әр түрлі белгілер мен әдеттер арқылы білінетінін Дженна Флетчер былай жазған:

  • жыныстық әрекеттерді бақылай алмау;
  • моральдық нормаларға және бұдан туындайтын мәселелерге қарамастан жыныстық қанағаттануға ұмтылу;
  • жоғары қысым немесе адамды жыныстық әрекетке итермелейтін, артынша жеңілдік беретін қатты қозу сәті.
Ер мен әйел
Қол ұстасқан ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Гиперсексуал адам әр түрлі жыныстық әрекетке баруы мүмкін, соның ішінде:

  • бейтаныс адаммен жыныстық қатынасқа түсу;
  • мастурбациямен тұрақты айналысу;
  • порнография көру;
  • киберсекс және телефон арқылы жыныстық қатынасқа қатысуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда мұндай тәуелділік қауіпті жыныстық мінез-құлыққа апарып соғады. Дәрігер Дженнифер Касарелла бұған эксгибиционизм, қоғамдық, сақтанбайтын жыныстық байланыс және жезөкшелермен қатынасқа түсу жатады деп жазады. Мұндай әрекеттер көбінесе қанағаттанудан гөрі алаңдау, ұят және жалғыздық сезімін тудырады. Кей жағдайда клиникалық депрессия және өзін-өзі өлтіру туралы ойлардың болатыны да ғажап емес.

Нимфомания жағдайында не істеу керек?

Нимфомания АХК ауруларының халықаралық классификациялық каталогына шамадан тыс жыныстық құштарлық деген атаумен енгізілген. Дәрігерлер тарапынан гиперсексуалдықты басқару арқылы бұзылыстың негізгі себептерін емдеу ұйғарылады. Диагноз қою үшін арнайы маманға көріну керек.

Нимфоманияны қалай емдеуге болады? Емдеу патологияның негізгі себебіне байланысты, сондықтан дәрі-дәрмек немесе психологтың көмегі қажет болуы мүмкін. Емдеу түрлері мынадай:

  • психологпен жеке терапия;
  • когнитивтік мінез-құлық терапиясы;
  • жарақат терапиясы (EMDR);
  • психодинамикалық терапия;
  • топтық терапия;
  • қолдау тобы;
  • жұптық немесе отбасылық терапия;
  • дәрі-дәрмекпен емделу.

Нимфоманиядан арылу үшін дәрі-дәрмек қолданылады. Бұл дәрілер психикалық бұзылыс белгілерін немесе мәжбүрлі жыныстық мінез-құлықпен байланысты жағдайларды емдеуге арналған болуы мүмкін. Мысалы психиатр үрей мен депрессияны емдеу үшін мазасыздықты басатын дәрілерді немесе антидепрессанттарды тағайындай алады. Егер мұндай патология гормоналдық теңгерімсіздіктен туындаса, гормоналдық препараттар ұсынылады.

Қолдау тобына бару триггерлерді анықтауға және оларды болдырмауға, күйзелісті басқару әдістерін меңгеруге көмектеседі. Жұптық және отбасылық терапия қарым-қатынасты жақсартуға және үйлесімді өмірге жол ашуға көмектеседі, бұл нимфомания белгілерінің қарқындылығына да әсер етеді. Жеке терапия адамға гиперсексуалдықпен байланысты триггерлерді, ойлау үлгісін білуге және салауатты мінез-құлықты сақтау үшін өмір салтын өзгертетін дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Психологпен кеңесу
Психологтың қабылдауына келген емделуші. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзіне-өзі күтім жасау арқылы гиперсексуалдық мінез-құлықпен күресу жолдары мынадай:

  • өзіне-өзі қызмет көрсету режимін орнату және ұстану;
  • уақытылы ұйықтау;
  • үйлесімді диета;
  • триггерлерді түсіну;
  • қолдау тобына немесе психотерапевке бару.

Мұның бәрі жағдайды бақылап үйренуге және нимфоманияның жағымсыз салдарын болдырмауға көмектеседі. Өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар туындаған жағдайда психологиялық қолдау көрсету орталығының көмегіне жүгінген жөн.

Нимфомания - бұл бұрын әйелдердің гиперсексуалдық мінез-құлқын сипаттау үшін қолданылған термин. Ал қазіргі күні гиперсексуалдық бұзылыс, компульсивтік жыныстық мінез-құлық немесе жыныстық тәуелділік ретінде белгілі.

Гиперсексуалдық бұзылыстың бірнеше сипаттамасы бар, соның ішінде жыныстық қатынас туралы жиі қайталанатын ойлар және құмарлықты тоқтатудың қиынға соғатынын айтуға болады. Гиперсексуалдық мінез-құлық терапиямен, адамның өзін жеңуге ұмтылған жоспары арқылы және кей жағдайда дәрі-дәрмекпен емделеді.

Назар аударыңыз! Материал ақпараттық сипатта жазылған. Ең алдымен дәрігермен кеңесіп, содан соң мұнда көрсетілген емдеу әдістеріне жүгінген жөн.

Дереккөз:

  1. Jennifer Casarella. Signs of a Sex Addict // WebMD. — 2022. — 18 December. — Қол жеткізу тәртібі: https://www.webmd.com/mental-health/signs-sex-addict
  2. Muna Asiff, Hatta Sidi, Ruziana Masiran, Jaya Kumar, Srijit Das, Nurul Hazwani Hatta, Cesar Alfonso. Hypersexuality As a Neuropsychiatric Disorder: The Neurobiology and Treatment Options // PubMed. — 2018. — 19(12):1391–1401. — Қол жеткізу тәртібі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/28325146/

Рецензент — жоғары санатты дәрігер Людмила Анатольевна Михайленко

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2018256-nimfomaniya-bul-qandai-dert-zane-belgileri-qalai-baiqalady/

pixel