Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара зере майының бет күтіміндегі пайдасы: қай уақытта, қалай пайдаланған дұрыс

Опубликовано:

Қара зере майы
Қара зере майы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ежелгі мысырлықтар қара зере майының пайдасын өте жоғарғы бағалаған, тіпті оны фараон майы деп те атаған. Бұл май теріні жасартады және қорғаныс қызметін атқарады. Бүгінгі материалда мамандар оны қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндіреді.

Қара зере майының бет терісіне пайдасы қандай?

Қара зере майы – Nigella sativa өсімдігін сығу арқылы алынған өте пайдалы өнім. Теріге арналған қара зере майының пайдасы туралы косметолог Андреа Лопес пен визажист Анила Заман өз ойларымен бөліскен. Бет терісінде пайда болған әр түрлі проблемаларға көмектесе алатын, қара зере майынан жасалатын маскаларды жасау жолымен Ботагөз Жарылғасова мен Ирина Пигулевская бөліседі.

Анила Заманның айтуынша осыдан 3000 жыл бұрынғы Тутанхамонның қабірінен осы май табылған және оны атақты Клеопатра, Нефертитиде пайдаланған.

Зере майының құрамы өте бай болуымен ерекшеленеді. Оның құрамында тимохинон, карвакрол, трет-анол және 4-терпинеол бар. Олар антиоксидант ретінде пайдаланылады, сонымен бірге теріні бос радикалдардан қорғап, қоршаған ортаның зиян тигізуінен қорғайды. Май А,В,С,Е, фосфор, кальций, темір, цинк, фолий қышқылы, омега-майы қышқылына өте бай.

Май Шығыс және Азия елдерінде кеңінен танымал. Қара зеренің бет қүтіміндегі негізгі ерекшеліктері келесідей:

  1. Безеулермен күресу, бет терісінің қабынуынан, бітелген тесіктерімен күресу. Андреа Лопестің жазуынша майдың антибактериалды және қабынуға қарсы шипасы бар. Бет терісінің тесіктерін тазартып, тері майының бөлінуіне, қызару мен қабынуға қарсы әсер етеді.
  2. Әжімдерден қорғау, ерте қартаюдың алдын-алу. Ылғалды сақтаушылық және антиоксиданттық қаситіне сай, май терінің жұмсақ болуына көмектесіп, сыртқы радикалдармен күреседі. Құрамындағы А витамині, аминқышқылдары және майлар бұзылған клеткаларды емдеп, қара дақтардың пайда болуына жол бермейді.
  3. Бет терісінің тегістігін, жұмсақтығын, ылғалды болуын қамтамасыз етеді.
  4. Құрғақ теріні ылғалдандырушы. Қара зере майы В витаминіне бай болғандықтан, теріні өте жақсы ылғалдандырады.
  5. Беттегі қара дақтарды кетіруші. Қара зере майларға өте бай. Ол бет терісін күн сәулесінен қорғап,қара дақтардан қорғайды.
  6. Экзема, дерматит сияқты тері ауруларынан емдейді.
  7. Эпидермисті тазалау. Қара зере майы бет терісінде пайда болатын сыртқы әсер факторларынан, кірлеуден, шаңнан жақсы қорғайды.

Қара зере майының құрамы өте жоғары бағаланатындықтан ешқандай кері әсері жоқ, бірақ өз мөлшерінде пайдаланған дұрыс. Егер тері сезімтал болса, бірінші қолданар алдында аллергиялық әсерін байқап көріңіз. Ол үшін құлақ асты терісіне аздап майды жағып, біраз уақыт күткен жөн. Егер теріде қызарулар пайда болып, қышынуға әкеліп жатса майды пайдаланбаған абзал.

Қара зере майы капсула түрінде. Көрнекі сурет
Қара зере майы капсула түрінде. Көрнекі сурет : pixabay.com

Майды қолдану ережелері мен рецептілер

Қара зере майы – құрғақ, безеу шығуға жақын, әжімге бейім тері үшін таптырмас өнім. Оны әрқалай қолдануға болады. Мысалы күнделікті пайдаланатын бет креміне бірнеше тамшы майды тамызып пайдаланыңыз. Сонымен бірге майдың өзіне кокос, ши майын, керамид, гиалурон қышқылын қосып бетіңізге жағыңыз. Ал егер бетіңіздің терісі қабынған болса қара зерені зәйтүн майымен араластырып, пайдаланған дұрыс деп кеңес береді Ирина Пигулевская.

Майды қолданудың негізгі ережелері:

  • Майды жақпас бұрын, бетіңізді тазалап жуып алыңыз.
  • Егер теріңіз құрғақ болса майды күніне екі рет падаланыңыз.
  • Ал егер теріңіз майлылыққа жақын болса, күніне бір рет қана пайдалану жеткілікті.

Қара зере майын ешқандай қоспасыз пайдалануға бола ма? L'Officiel-дің жазуынша майды : косметикалық қара зере майын бетті ылғалдандыру үшін, қабынуды азайту үшін, қара дақтардан тазарту үшін, күйіктерден, қартаюдың алдын-алу үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге бет, мойын массажына да арнайы май ретінде қолдануға болады.

Безеуден тазалайтын маска

Егер теріңіз қабынған,безеулі болса Ботагөз Жарылғасованың келесідей рецептісі көмектесе алады. "Факторы здоровья. Часть 2" кітабында ол 1 шай қасық иогуртқа 1 тамшы қара зере майын қосып, таза бетке 20-30 минутқа жағып, қалдырыңыз деп жазады. Кейін мицелярлық сумен сүртіп тастап, аптасына осы масқаны 2 рет пайдаланыңыз деп кеңес береді.

Қара зере майы құтыда. Көрнекі сурет
Қара зере майы құтыда. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ірімшікпен ағартатын маска

Қара зере майын дақтарды тазалауда қалай қолданамыз? Ол үшін ағартушы маска: ірімшік, қияр және лаванда майын пайдалынп көріңіз. Маска дайындау кезеңдері:

  1. Қиярды үккіштен өткізіп, шырынын сығып алыңыз.
  2. Қияр шырынына 2 ас қасық балғын ірімшік қосып, 1 ас қасық қара зере майы және 3 тамшы лаванда майымен араластырыңыз.
  3. Бетке қалың қылып жағып, 30 минутқа қалдырыңыз.
  4. Суық сумен жуып тастаңыз.

Маскадан соң бетіңіз тартылып тұрғанын сезсеңіз міндетті түрде ылғалдандырушы крем жағыңыз. Аптасына 2-3 рет үздіксіз осы масканы жасап тұрсаңыз, нәтижесін 2 айдан кейін көре аласыз.

Бетті тазартушы, нәрлендіруші маска

Қара зере майынан маска-пиллинг жасаңыз. Ол үшін сізге қажетті заттар:

1. Қара зере майы – 1 ас қасық

2. Бал- 3 ас қасық

3. Ұсақ тұз немесе ас содасы – 1 шай қасық.

Барлығын бірге араластырып, бет терісінде шеңбер қылып жағыңыз. 10 минуттай бетіңізде ұстап, жылы сумен шайып тастайсыз.

Бұл маска бетті тазартып, әжімдерді кетіруге ықпал етеді. Егер үнемі жасап тұрсаңыз , бетіңіздің тегістелгенін байқайсыз.

Қара зере майы бетті тазалауға, жасартуға, қорғауға көмектеседі. Оны ешқандай қоспасыз да, үй жағдайында маска жасауға да, косметикалық өнімдерге қосып та пайдалана беруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2018557-qara-zere-maiynyn-bet-kutimindegi-paidasy-qasan-qalai-paidalangan-durys/

pixel