Мамыр айына арналған ай күнтізбесі: ай фазалары, қолайлы және қолайсыз күндер
Жарияланған күні:
Мамыр айында жасалатын жұмыстарыңызды жоспарлаған кезде ай күнтізбесіне назар аударыңыз. Адамға айдың қандай фазасы мен астрологиялық құбылыстар әсер етеді? Астрологтар Лиза Стардаст және Кэтрин Бекманн мамыр айына болжам жасады.
Бұл мақаладан сіз мына мәліметтерді білетін боласыз:
- 2023 жылдың мамырындағы Ай фазалары.
- Мамырдағы ай фазаларының адам өміріне әсері.
2023 жылдың мамыр айындағы ай фазалары
Ай күнтізбесі бойынша жоспарыңызды жүзеге асыру үшін мамыр айы ең қолайлы кезең болып саналады. Ауқымды дүниелерді армандап қана қоймай, соған қарай әрекет еткен дұрыс. 2023 жылдың мамыр айында өсіп келе жатқан ай кезеңі қашан болады? Өсіп келе жатқан ай фазасы бірнеше күнді қамтиды:
- 1–4 мамыр.
- 20–26 мамыр.
- 28–31 мамыр.
Астролог Лиза Стардаст Ай күнтізбесін пайдалана отырып, мақсатыңызды жүзеге асыруға кеңес береді. Өсіп келе жатқан айда үміт пен позитивті қуаттауға күш салыңыз. Бұл айда орындауға тиіс ең маңызды істерді ай толғанға дейін шешіп алыңыз.
2023 жылдың мамырында ай қашан толады? Бұл кезең 5 мамыр күні Сарышаянда болады. Starwalk space басылымы мұны жылдың астрономиялық күнтізбесіне енгізді. Almanac.com редакторы Кэтрин Бекманн оны гүлдік мерзім деп атайды, бұл атауды көктемнің келуімен және табиғаттың гүлденуімен байланыстырады. Бұл - жоспар жасау, кішігірім тапсырмаларды орындау, демалу және оқуға қажет күш-қуаттың мол болатын кезеңі.
Кемімелі айдың алдында жұмыс, оқу және қарым-қатынас үшін күш пен денсаулықты нығайту мақсатында тұз және сумен тазалық жасаған жөн. 2023 жылдың мамыр айында кемімелі ай қашан болады? Айдың кемімелі кезеңі мамыр айында ай толғаннан кейін бірден басталады және бірнеше кезеңге бөлінеді:
- 6-11 мамыр.
- 13-18 мамыр.
Кемімелі айда күнделікті тапсырмаларды жүзеге асырыңыз, берген уәделеріңізді орындаңыз, ал жаңа жобаларды бастауға асықпаңыз. Мұндай қадамға ай туғаннан кейін кіріскен дұрыс. Ай 19 мамырда туады деп күтіледі және бұл құбылыс Егіздерде өтеді. Мамыр айындағы жаңа туған ай өзгеріске деген құштарлықты, буырқанысты оятады. Бұл жақын адамдармен сөйлесуге және маңызды мәселелерді талқылауға оңтайлы уақыт.
Негізгі ай фазалары ай циклінің маңызды нүктелерімен бірігеді. Мамыр айына жоспар құрғанда осыны ескеріңіз:
- Үшінші тоқсан - 12 мамыр, Суқұйғыштағы Ай. Бұл күш-қуатты ретімен қолданатын, шешім қабылдайтын кезең. Қарыз алмаңыз немесе қомақты ақшаға сауда жасамаңыз. Қарыздарды өтеуге оңтайлы уақыт.
- Бірінші тоқсан - 27 мамырда Арыстаннан шыққан Ай Бикешке өтеді. Апатияға түспеңіз, керісінше денсаулығыңызды, иммунитетіңізді нығайтып, ақыл-ой белсенділігін жаттықтырыңыз.
Айдың ең маңызды астрологиялық аспектілері оның әсерін арттырады әрі бұл адамдардың өмірінен байқалады. Мамыр айында жұлдызды аспандағы мына оқиғаларды ескеріңіз:
- Суқұйғыш шоқжұлдызынан шыққан Акварида метеорлық ағыны. НАСА Deep Dive ғаламшарлық веб-сайтының ақпараты бойынша ол 27 мамырға дейін белсенді болады. Осы мерзімде аққан жұлдызға тілек айтуға қолайлы уақыт екені де айтылған.
- Меркурий 15-не дейін ретроградтық болады. 16 мамырдан бастап кемімелі Айда ақпарат және коммуникация планетасы тікелей қозғалысқа айналады. Мамырдың үшінші онкүндігінде сәуірде кейінге қалдырған істерді жоспарлап, жүзеге асыруға болады.
31 мамыр Таразыдағы Аймен аяқталады, бұл жан тыныштығы мен ымыраға келу кезеңі. Айды қорытындылаңыз, дем алыңыз және жазда не істейтініңізді қиялдаңыз.
2023 жылдың мамырындағы ай фазаларының адам өміріне әсері
Мамыр айында тұтылу дәлізі Сарышаяндағы Айдың тұтылуымен жабылады, Меркурий тікелей қозғалыста айналады, ал Ай циклдік энергия ағынын қамтамасыз етеді. 2023 жылдың мамыр айында қандай қолайлы күндер бар? Қолайлы деп саналатын он бес күн бар: 1, 3–4, 6–7, 10–12, 17–18, 20, 24–25, 29–30.
2023 жылдың мамыр айындағы қолайсыз күндер қандай? Мамыр айында мүлдем қолайсыз күндер жоқ. 5 мамырда (ай толғанда) және 16 мамырда (Тоқтыдағы кемімелі айда) мұқият болыңыз. Бұл күндері маңызды шешімдер қабылдамай, үзіліс жасаңыз, қалыпқа келіңіз.
Ай фазалары және бизнес
Өсіп келе жатқан ай кезеңі жұмыс пен кәсіп үшін қолайлы болып саналады, ал кемімелі ай бастаған ісіңізді аяқтауға мүмкіндік береді, кез келген іскерлік белсенділікті бәсеңдетуге мәжбүр етеді. Мамыр айындағы жұмыс пен ай цикліне қатысты кейбір ұсыныстарды ескеріңіз:
- 5 мамырға дейін Ай өсу фазасында болған кезде және айдың үшінші онкүндігінде осы айда атқаратын істердің тізімін жасаңыз, бір жылға арналған армандарыңызды жазыңыз.
- 27 мамырға дейін жаңа тұтынушылар мен демеушілерді іздеген дұрыс, бұл кезде аспанда Акватида метеорлық ағыны белсенді болады. Іскерлік кездесулер үшін ең қолайлы күндер: 1, 3, 4, 20, 24-25 және 29-30 мамыр.
Егер сіз жылжымайтын мүлік немесе көлік сатып алуды жоспарласаңыз, оған Меркурийдің ретро кезеңі аяқталған сәтте, яғни мамырдың 15-нен кейін кірісіңіз. 23 немесе 29-31 күндері жаңа ай туғаннан кейін келісімшартқа отыруды жоспарлаңыз.
Айдың қарым-қатынас пен көңіл-күйге әсері
Мамыр айында жеке қарым-қатынас пен көңіл-күй жақсы болу үшін нені ескеру керек? Ол үшін мына нұсқауларды қолданып көріңіз:
- Егер "Мамырда үйлену - өмір бойы еңбек ету" деген ескі ұғым сізге таныс болмаса, онда бұл ай үй болу үшін жақсы уақыт. Некелесу және үйлену тойы үшін ең қолайлы күндер 2-4, 7, 12, 14, 21, 24 және 31 мамыр.
- Бұл айдың басынан аяғына дейін жүктілікті жоспарлау қолайлы болады. Көктемнің аяғында құрсаққа біткен балалар мына әлемге керемет Суқұйғыш немесе сезімтал Балықтар боп келеді.
Мамыр айында өсіп келе жатқан айда (1-4, 20-26, 28-31 күндері) жаңа адамдармен танысыңыз. Бұл шынайы романтикалық және пайдалы іскерлік байланыстар болуы мүмкін. Өз-өзіңізді дамытумен айналысыңыз, өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз.
Мамырдағы ай денсаулық пен сұлулыққа қалай әсер етеді?
Швейцарияның хронобиология институтының Кристиан Кайохен бастаған бір топ ғалымдары ұйқы мен мелатонин өндірісінің ай циклдарына тәуелді екенін атап өтті. Тұтылумен сәйкес келетін толық айда ұйықтай алмау және ұзақ ұйықтау мәселелері де болады. Өсіп келе жатқан ай кезінде:
- Зиянды әдеттерден бас тартып, спортпен шұғылдануды қолға алыңыз.
- Гардеробыңызды жаңалаңыз, шаш қиюға арналған ай күнтізбесіне қарай отырып, шашыңызды қидырыңыз, бояңыз.
- Ота жасатуды жоспарлаған адамдар 1-4 немесе 21-31 күндері жасата алады. Дәл осы күндері тіс дәрігері мен косметологқа баруға болады.
Мамыр айы салмақты қалыпқа келтіру, тазалау процедуралары үшін жақсы болмақ. Кемімелі айда массажға жазылыңыз (6-11 мамыр, 13-18 мамыр), сол кезде артық салмақ тез әрі оңай кетеді.
5 мамырда ай толған сәттегі Айдың тұтылуы және 19 мамырда Егіздердегі жаңа айдың тууы мамырдың маңызды құбылыстары болғалы тұр. Метеорлық ағын мен ретро Меркурий де Айдың өмірге, жан мен тән күйіне әсерін арттырады. Ай күнтізбесі бойынша ісіңізді жоспарлау кезінде осы фактілерді ескерген абзал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2018753-mamyr-aiyna-arnalgan-ai-kuntizbesi-ai-fazalary-qolaily-zane-qolaisyz-kunder/