Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың мамыр айына арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал. Көрнекі сурет
Жұлдыз жорамал. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мамыр айы көктем маусымының аяқталып, жазға аяқ басқан кезең. Осы орайда барлығы сіздің жоспарыңыздағыдай болуы үшін Таро жорамалы қандай болуы шарт? Таролог мамандар Анжела Перл мен Ольга Стелланың кеңестеріне назар аударыңыз.

Тоқтылар

Көктемнің соңғы айы сізге оң өзгерістер әкеледі. Айдың басында оңаша болғыңыз келіп, демалғыңыз келеді. Ірі зат сатып алуыңыз мүмкін, оқу немесе құжаттарға байланысты арнайы кездесу өткізесіз. Барлығы күтпеген жерден оңай әрі тез шешімін табады.

Торпақтар

Мамыр айында жаңа ақпарат пен құжаттарға байланысты әділетті әрі қатал әйелмен кездесу күтіп тұр. Араларыңызда даулы мәселе де туындауы мүмкін. Жарысқа қатысуды жоспарлағандар үшін сәтті кезең. Айдың соңында өзіңізге деген сенімділік артып, өзіңізді бағалауыңыз жоғарылайды.

Егіздер

Егіздерге мамыр айында қаржы мәселесі мен өзін тұлға ретінде қалыптастыруды қолға алу қажет. Олар үшін мамыр - қаржылық тұрақсыздық айы. Бұл айда табыс пен шығысты реттеу керек. Жұмыс бойынша түскен барлық ұсыныс сізге жағымсыз. Сіздің көңіліңізден шығатын ұсынысты күтіңіз. Ал әзірше өзіңізге көңіл бөліп, өзіңізді дамытуға көңіл бөлген дұрыс. Айдың соңында өміріңізді жақсартуға ниетіңіз пайда болады.

Шаяндар

Шаяндарда бұл айда жұмыста да, қаржылық жағдайында да өсу байқалады. Өте ұтымды инвестиция салу немесе бизнесіңізді ұлғайтуыңыз мүмкін. Сізді қолдайтан адамдар табылады, өте абыройлы адаммен кездесу күтіп тұр. Көктемнің бұл соңғы айында сізге алғысын айтып, жағымды әсер қалдыратын ескі танысыңыз келуі мүмкін.

Арыстан

Арыстандар үшін мамыр өзгерістерге толы болмақ. Тәжірибелі мамандар кеңесінің арқасында үлкен құпия ашылады. Жағымсыз жағдайларды артқа тастап, ұнамайтын жұмыспен қоштасатын, жаман көңіл-күй мен нашар қарым-қатынасты тоқтататын кезең. Өміріңізде көшу, жұмыстан шығу секілді жаңа мүмкіндіктер ашылатын сәт туады.

Жұмыстағы табысты күндер. Көрнекі сурет
Жұмыстағы табысты күндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикештер

Бикештер үшін бұл ай қуанышқа толы, армандары орындалатын кезең. Сізді қорғап, қолдай алатын жанмен кездесу болуы мүмкін. Жаңа, маңызды ақпараттың пайда болуы, маңызды істердің алға жылжуына әкеледі. Кездесулер мен іссапарлар күтіп тұр.

Таразылар

Мамыр таразылар үшін белгісіздікке толы, бірақ өте жағымды ай. Көптен күткен демалысқа шығуыңыз мүмкін. Айдың басын өзіңізге жағымды ұсыныс күтумен өткізесіз. Ол ұсыныс өміріңізді бұрынғыдан да жайлы қылатыны сөзсіз. Сізде таңдау көп, тек ең қолайлысын таңдай білу - өз қолыңызда. Таразылар үшін бұл ай жайлы болмақ.

Сарышаян

Бұл Сарышаяндардың күш-қуаты тасып тұратын ай, сондықтан олар тек алға ұмтылады. Барлық бастама сәтті болып, жарыстарда жеңіске жетеді. Жұмыс іздегендер қалағанын табады немесе жұмыста жоғарылайды. Әйелдер әдемі жігіттермен танысады. Барлық сарышаян белгісіндегі жан үшін мамыр айы оң өзгерістерге толы болмақ.

Мергендер

Мамыр мергендер үшін іскерлік айы, өз ісінің шеберлерімен кездесулер болуы мүмкін. Мергендер бұл айда маңызды жоба үшін жұмыс жасап, көп ізденісте болып, әріптестерімен бір толқында жұмыс жасайды. Тапсырмалар өте көп болады, бірақ мергендер оның барлығын өз деңгейінде шеше алады. Айдың аяғында шаршап қалуыңыз мүмкін, сондықтан шамаңызға қарай жұмыс жасаңыз. Алға қойған мақсаттарыңыздың орындалатыны сөзсіз.

Тауешкілердің Таро жорамалы

Мамыр айының басында Тауешкілердің көңіл-күйін түсіретін жайттар орын алуы мүмкін. Денсаулығы сыр беріп немесе заңдың тұрғыдан туындайтын қиындықтар орын алады. Бірақ қандай мәселе болмасын, тауешкілер үшін оң шешімін табады. Сәтті сапарлар, ауқымды өзгерістер күтіп тұр.

Суқұйғыштар

Суқұйғыштар бұл айда өз мәселелерін тыныштықта, ақыл мен қулықты салып шешуді таңдайды. Мүлкіңізді, идеяларыңызды ұрлаудың қаупі жоғары. Маңызды мәселенің дұрыс шешімі табылып, айшықталады. Оқиғалар мен адамдар туралы шындықты білетін боласыз. Жалақыңыз бен беделіңіз жоғарғы деңгейде сақталады.

Балықтар

Балықтар бұл айда қаржылық жағдайын шешіп, шектеулі бюджетті дұрыс пайдаланады немесе бизнесті үлкейтуге күш салады, жұмысын дамытуға көңіл бөледі. Қалыптасқан ескі стереотиптерді бұзып, өзгертіп, жаңа, жақсарған идеяларды іске асыратын сәт туды.

Таро жұлдыз жорамалы мамыр айында жақсы таңдау, жұмыста жоғарылау, маңызды істердің шешімін табуы сынды өзгерістер болатынын болжайды. Өз белгіңіз бойынша болжамды қарап, дұрыс шешім қабылдауға әрекеттеніңіз. Көктемнің соңғы айы сізге тек қуаныш пен береке алып келсін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2018840-2023-zyldyn-mamyr-aiyna-arnalgan-taro-zuldyz-zoramaly-qandai/

pixel