Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоколадты трайфлдарды қалай әзірлейміз: Гүлжанат Нұрышевадан арнайы рецепт

Опубликовано:

"Ана гүлі" шоколадты трайфлдары. Скриншот
"Ана гүлі" шоколадты трайфлдары. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Шоколадты трайфлдар – ерекше нәзік және дәмді десерт түрі. Ертеден келе жатқан десертті ерекше форматта дайындауға болады. Десерт – тәттіқұмарлар үшін таптырмас тағам түрі. Қарапайым торттардан шаршаған, бос уақыты жоқ әйелдер үшін де – трайфл оңай дайындалатын, әрі ерекше дәмді десерт. Ендеше назарларыңызға оңай әрі дәмді трайфлдардың рецебін ұсынамыз.

Өзге де рецептілерден хабардар болу үшін, аталған Instagram және YouTube каналдарыма тіркелуді ұмытпаңыз.

Трайфл – 400 жылдық тарихы бар, ағылшын тәттісі. 1596 жылғы ең ежелгі рецепт бойынша ол қою, қайнатылған крем түрінде танымал болған. Оған қосымша зімбір мен қызғылт су қосып ұсынған. Кейіннен оған жұмыртқа қосып, алкогольмен сіңдіріп, корж түрінде ұсынатын болған. Қазіргі таңда трайфлды бисквиттен жасайды. Бисквитке қайнатылған крем жағып, арнайы қаймақпен, шоколад, шырын, джем немесе желе қосып дайындау кеңінен таралған. Десертті шыны ыдысқа, рет-ретімен салып дастарханға ұсынады. Осы жолы шоколадты трайфлды шоколадты құмырада жасап көреміз.

Сипаттамасы:

Асхана: Ағылшын

Санаты: Десерт

Дайындалу уақыты: 4 минут

Дайындау уақыты: 12 минут

Каллориясы: 740 ккал

Құрамы:

4 адамға арналған:

Сүтті шоколад – 250 гр

Қоюлығы 33 пайыздық қаймақ - 250 мл

Қант ұнтағы – 4 ас қасық

Жалбыз – 20 гр

Шоколадты бисквит- 350 гр

Дайындалу жолы:

1. Алдымен керек заттарды дайындап алыңыз

Трайфлға қарапайым үйде жасалатын бисквитті қолданамын. Егер ол жоқ болса шоколадты печенье қолданамын. Чипсы түріндегі шоколадты пайдаланамын. Оның орнын плитка шоколадпен де алмастыруға болады. Қаймақтың ең майлысын, қоюлығы 33 пайыздан жоғарысын таңдаған дұрыс. Десертті гүл құмырасына келтіру үшін қағаз стақандарды дайындап қойдым. Ал жалбызды безендіру үшін қолданамыз.

Трайфлға арналған заттар. Скриншот видеодан алынды
Трайфлға арналған заттар. Скриншот видеодан алынды: YouTube / Gulzhannat Nurusheva

2. Шоколадты ерітіп, гүл салатын ыдыс формасына келтіру керек

Шоколадты арнайы буда немесе микротолқынды пеште ерітіп аламын. Еріген шоколадты, дайындап қойған қағаз стақандардың ішіне жағып, 15 минутқа тоңазытқышқа салып қою керек.

Трайфлдарды дайындау жолы. Скриншот
Трайфлдарды дайындау жолы. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

3. Шоколадты екінші рет жағамыз

Тоңазытқыштағы шоколад әбден қатқан соң, оның үстінен тағы бір рет шоколад жағу керек. Стақанның түбінен бастап, жоғары қарай түгелдей тегістеп шоколад жағып шығамыз. Тағы да 20 минутқа стақандарды тоңазытқышқа салып қоясыз.

Трайфлдарды дайындау әдісі. Скриншот
Трайфлдарды дайындау әдісі. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

4. Крем дайындаймыз

Құрғақ ыдысқа салқындатылған 250 мл қаймақ құйып, оған 4 ас қасық қант ұнтағын қосып, қоюланғанша миксермен араластырамыз. Кремнің қоюлығы қаймақ сияқты болуы керек. Дайын кремді тоңазытқышта суытып алған дұрыс. Сонымен бірге трайфлға қаймақпен, ірімшікпен немесе шоколадпен жасалатын кремдерде жасауға болады.

Трайфлға арналған крем. Скриншот
Трайфлға арналған крем. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

5. Бисквитті ұсатып алыңыз

Шоколадты бисквитті қолмен кішігірім бөліктерге бөліп, блендермен жақсылап ұсақтап аламыз. Печеньені де дәл солай блендермен ұсатып, біркелкі массаға келтіріп алған дұрыс.

Бисквитті ұсақтау сәті. Скриншот
Бисквитті ұсақтау сәті. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

6. Стақандардағы шоколадтты құмыраны алу

Тоңазытқыштағы қағаз стақандарды алып, шоколад сынып қалмайтындай, абайлап бір шетінен кесіп, шоколадты формаларды шешіп аламыз.

Дайын трайфлдар. Скриншот
Дайын трайфлдар. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

7. Шоколадты құмыраны толтыру

Шоколадты форманың ең түбіне үгітілген бисквитті саламыз.Үстінен кремді жағып, тағы бір мәрте бисквитті саламыз. Дәл солай кезекпен салып, стақанды толтырамыз. Толған құмыраның ортасына жалбызды салып, немесе балғын гүл қоюға болады. Дайын десертті бірден қонақтарыңызға ұсынсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2018841-sokoladty-traifldardy-qalai-azirleimiz-gulzanat-nurysevadan-arnaiy-recept/