Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамыр айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал: қандай жұлдыз белгісін табыс күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ретро Меркурий кезеңі қаржылық жағдайыңызға әсер ететінін білесіз бе? Осы орайда, мамыр айы кімдерді қаржылық жағынан қуантуы мүмкін? Астрологтар Нараяна Монтуфар мен Калпеш Шах мамыр айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал болжамын бөлісті.

Тоқтылардың мамыр айындағы қаржылық жағдайы

12 мамыр - Юпитер мен Сатурн планеталарының түйісетін күні, бұл тоқтылар үшін өте тиімді кезең. Астролог Нараяна Монтуфардың пікірінше Юпитер оларға қаржылық тұрақтылық сыйлап, банк шотындағы қаражатының кобеюуіне ықпал етеді. Юпитер мен Сатурнның бірігуі әсерінен бірлесіп жасалған жобалар, келісімдер, инвестициялар өте сәтті болмақ. Таныстарыңызбен байланысты нығайтыңыз, ол сіздің лидерлік қасиетіңізді көтеріп, абыройыңызды өсіреді.

Торпақтар үшін қаржылық жорамал

Юпитер торпақтармен бірге 16 мамырдан бастап болады. Дәл сол күннен бастап олардың әлеуметтік деңгейі көтеріліп, қаржыны магнит тәрізді өздеріне тарта бастайды. Ауқымды сауда, бұрыннан ойлаған арманыңыз орындалуы мүмкін. Жұмысыңызда да сізді қуантатын жағдай орын алады.

Ретро Меркурийдің әсерінен 15 мамырға дейінгі кезеңде басшылығыңызбен тіл табысу қиынға соғады. 11 мамырдан бастап Юпитер мен Айдың солтүстік сәулесінің түйісуі әсерінен, торпақтарда өзімшілдік, тәкәппарлық пайда болады. Бұл кезеңде оларға көп көңіл бөлмей, жұмысты көбірек істеп, ұрыспаған жөн.

Егіздердің мамырдағы қаржылық жағдайы

Бұл жұлдызды белгі үшін мамыр айы баюға ең тиімді кезең болып саналады. Жұма күні, 19 мамыр күні егіздер үшін жаңа ай туады. Жаңа ай мақсатттарға қол жеткізу үшін қосымша энергия береді. Біреудің сізге мұра қалдыруы, лотореяда ұтысқа ие болатын немесе даладан қомақты ақша тауып алуыңыз мүмкін. Өз отбасыңызға да бағалы сыйлықтар беруді ұмытпаңыз, сонда қаржылық тұрақтылық отбасыңызда ұзақ сақталады.

Кеңседегі қызметкерлер
Кеңседегі қызметкерлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндар үшін қаржылық жұлдыз жорамал

Ретро Меркурий кезеңінде шаяндар ақырын жүріп, анық басқаны дұрыс. Жұмыстағы жағдайды талдап, өзгерістер енгізіп, сенімдірек қадамдар жасаңыз. Мамырдың екінші жартысында жұмысыңызды ауыстырып, мансабыңызды жоғарылайды. Үндістандағы ең үлкен астрологиялық жоба Ganeshaspeaks.com-ның болжамынша, 10 мамырда болатын Марстың шаяндағы транзиті кезеңіне көңіл бөлу қажет. Ол өсу мен табыстың жоғарылауына ықпал ететін кезең. Ақша үнемдеудің енді қажеті болмайды.

Арыстандардың қаржылық жорамалы

Бұл айда арыстандар осыған дейін жасаған еңбегі үшін алғыс алады. Марс арыстандарға 20 мамырдан бастап әсер етіп, жұмысқа деген күш-қуатын арттырады. Сол себепті жұмыстарыңызды аяқтап, өз сыйақыңызда алыңыз. Жасалған жұмыспен тоқтап қалмай, айналаңызды позитивті адамдармен толтырыңыз. Мамырдың соңында бағалы сыйлық күтіңіз. Көлік алғысы келгендер осы айда көлікті болуы мүмкін. MyPandit жобасының негізін қалаушы, астролог Калпеш Шах шетелге саяхаттау шығындары болатынын болжайды.

Бикештер үшін қаржылық жорамал

Whimsy Soul жобасының негізін қалаушы Кара Хармс бұл айда өткенге көз жүгірту керектігін болжайды. Юпитердің кезеңінде бикештер үшін жаңа мүмкіндер ашылады. Резюме жасап, жаңа жұмыс орындарын іздеп көріңіз, өз жеке кәсібіңізді ашыңыз. Мамырда көп істің басын қайыратын бикештер, айдың соңында демалыс жайлы да ұмытпағаны дұрыс.

Саяхатшы қыз. Көрнекі сурет
Саяхатшы қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразылардың қаржылық болжамы

Таразыларды бұл айда жұмыстағы жоғарылау, сыйақы, басшылықтан алғыс күтіп тұр. Бірақ әріптестеріңіздің тарапынан қысым көрсету, көреалмаушылық та орын алуы мүмкін. Оларға мән бермей, өз жұмысыңызға тиянақты қараңыз. Ескі жобаны қолға алып, өзгертулер енгізіп, барлығын таңғалдырыңыз. Айдың аяғы жаңа жұмысқа орналасу үшін өте тиімді.

Сарышаяндардың мамырдағы қаржылық жағдайы

5 мамырда орын алатын айдың тұтылуы, сарышаяндарда қаржылық сұрақтардың орын алуына себепші болады. Көбісі жұмысын ауыстырып, бағытын өзгертеді. Тұрақтылықты сақтап қаламын деп жүріп, өзгерістерден қорықпаңыз. Жаңа бағытта жұмыс жасап, қаржы ағымын ашатын сәт туындады. Түскен ақшаны бірден жұмсамай, жинауға тырысыңыз. Сізге көмек бергендерге алғыс айтуды ұмытпаңыз.

Кофе ішіп отырған жұп. Көрнекі сурет
Кофе ішіп отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендердің қаржылық жорамалы

Мергендерге бұл айда қаржысын инвестицияға салған өте тиімді. Ақшаңызды пайызбен беріп, кәсіпте бизнес серіктес ретінде жұмыс жасап көріңіз. Бұны мамырдың екінші жартысында жасаған қолайлы. Шаршау мен негативті шопингпен емес, спортпен айналысу арқылы басыңыз.

Тауешкілер үшін мамыр нені болжайды?

Тауешкілерге мамыр кез келген жобаны бастау үшін өте тиімді кезең. Алдын-ала барлығын есептесеңіз, бұл жобалар өте сәтті болмақ. Ойлағаныңызды жүзеге асыру үшін, сізді қолдаушыларды іске тартыңыз. Жұмыс көп, істейтін күшіңіз жеткілікті болатын кезең. Қосымша табыс табу мүмкіндігі туады. Жеке тапсырыстар қабылдап, қолөнермен айналысатын тауешкілер үшін бұл ай өте қолайлы.

Суқұйғыштардың қаржылық жағдайы

Суқұйғыштардың қаржылық жағдайын реттеуге Сатурн өз ықпалын тигізеді. Оңай болмайтыны анық, бірақ сіздің қолыңыздан келеді. Мамыр айының басты талаптары: қиындықтарды жеңіп, абыройыңызды көтеру, жаңа қырыңыздан танылу. Ірі сауданы маусым айына қалдырып, бюджетіңізді тиімді қолданыңыз. Айдың соңында өзіңізді еркелетіп, сүйіктіңізбен мейрамханаға барыңыз немесе қалайтын аксессуарыңызды сатып алыңыз.

Балықтар үшін қаржылық жорамал

Сатурнның келуі балықтардың сәтсіздігін тоқтатады. Сенімділігіңізді арттыруға қолайлы сәт деп болжайды астролог Маресса Браун. Романтика қосымша шабыт сыйлайды, бірақ махаббатқа беріліп, жұмысыңызды тастап кетпеңіз. Пайдалы таныстықтар, қолдаушылар пайда болады. Көмек сұраудан ұялмаңыз, бірақ несиеден аулақ болып, өзіңізге сенгеніңіз дұрыс.

Мамырда Меркурий өте белсенді, ал Айдың тұтылуы қаржылық қиындықтар әкелуі мүмкін. Бірақ Юпитер, Марс, Сатурнның келуі айды қызықты, әрі табысты етуге септігін тигізеді. Мамырдың алғашқы жартысында абай болып, екінші жартысында жоспарыңыздай белсенді әрекет жасаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2019076-mamyr-aiyna-arnalgan-qarzylyq-zuldyz-zoramal-qandai-zuldyz-belgisin-tabys-kutip-tur/

pixel