Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Романтикалық кездесу, ұрыс-керіс және ғашықтық: мамырда жұлдыз белгілерінің жеке өмірі қандай болмақ

Опубликовано:

Автобус ішіндегі қос жұп
Автобус ішіндегі қос жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көктемнің аяғына дөп келетін Айдың тұтылуы, шаяндағы Шолпан, арыстандағы Марс ғашықтардың арақатынасына әр түрлі әсер етуі мүмкін. Мамыр айында махаббатта жұлдыздарды қандай өзгеріс күтіп тұр? Астрологтар Тали мен Офира Эдут болжам жасайды.

Тоқтыларға арналған махаббат жорамалы

Тоқтылар көктемнің аяғында өзін, сүйіктісін еркелеткісі келеді, өзі де сыйлықтар, демалыс алғысы келеді. Мамыр бұл жұлдызды белгі үшін махаббатқа толы ай болмақ. Жаңа таныстықтар, сезім білдірумен асықпаңыз. Жаңадан басталып жатқан ара-қатынастардың асықпай өрбуін, ал ұзақ уақыт жүрген сүйіктіңізді қуантуды мақсат етіңіз.

Торпақтарды мамырда не күтіп тұр?

5 мамырда сарышаянның тұтылуы қаржылық жағынан проблемалар тудыруы мүмкін. Ерлі-зайыптылар неке келісімшартына отырады немесе оған өзгертулер енгізеді. 14 мамырда торпаққа кіретін Меркурий махаббатта бұл жұлдызға қателесуге жол бермейді. Жұптағы барлық іс-әрекеттер дұрыс және өз орнымен болады. Ал 16 мамырдан кіретін Юпитер торпақтардың жыныстық қатынастағы белсенділігін арттырады. Басы бостар бұл айда нағыз махаббатын кезіктіруі әбден мүмкін.

Егіздерге арналған махаббат болжамы

19 мамырда туатын Жаңа Ай жалғызбасты егіздердің махаббатын іздеуге деген құлшынысын арттырады. Өзіңізбен екінші жартыңызға көңіл бөліңіз. 21 мамырдан бастап егіздерге Күн әсер ететін болады. Бұл арақатынасқа ерекше бояу сыйлайды. Жағымды кездесулер болуы мүмкін, сондықтан ортаңыздың ұлғаюын күтіңіз.

Құшақтасып тұрған ғашықтар. Көрнекі сурет
Құшақтасып тұрған ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндардың махаббат жорамалы

5 мамырда болатын Айдың тұтылуы ұзаққа созылған арақатынастың нүктесін қояды. Айырылысуды ойлаған жұптар үшін бұл кезең қолайлы. Ал махаббатына сенімділер бұл кезеңде үйленуге, балалы болуға шешім қабылдап, арақатынастарын жаңа деңгейге көтереді. 7 мамырда Шолпан шаянға әсер етіп, жаңа махаббат, романтикалық кездесулер, сезім білдіру, мықты отбасы құру сияқты жақсылықтарға толы болады.

Арыстандарға арналған махаббат жорамалы

"20 мамырда Марс арыстанға әсер етіп, бұл жұлдыздың эмоцияға беріліп, өзгерістер енгізгісі келетін кезеңі туады", - деп болжайды астролог Тена Стюарт. Мамырда арыстандар махаббат сезімін білдіріп, екінші тараптан да соны күтеді. Егер басыңыз бос болса, өміріңізде әдемі роман орын алады. Сүйіктісі барлар эмоциясына ие болып, ұрыс-керістің алдын-алуы қажет.

Бикештерді махаббатта не күтіп тұр?

Мамыр бикештер үшін қызыққа толы болмақ. Көбі жолға шығып, өздерінің екінші жартысымен танысады. Жаңа танысқандар бір-біріне көп көңіл бөліп, бір-бірін жақыннан тануға тырысады. Ұзақ жүрген жұптарды романтикалық саяхат күтіп тұр. Өз-өзіңізге ие болып, өз ұстанымыңыз бен құндылығыңызды ұмытпаңыз.

Орман саясындағы ғашықтар
Орман саясындағы ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразылардың махаббат жорамалы

Мамырда бұл жұлдызды белгінің жеке өмірі тыныштық пен гармонияда өтеді. Басы бостарды жағымды таныстық күтіп тұр. Астролог Брайанна Коллиердің пікірінше оған әсер ететін 20-мамырда кіретін Марс жұлдызы. Достарыңыздың арасында біреуге деген қызығушылығыңыз пайда болуы мүмкін. Жұптар отбасылы болуды ойлана бастайды. Арақатынасыңыз берік болуы үшін жұмыстағы қиындықтарды махаббатпен шатастырмай, барынша шынайы болуға тырысыңыз.

Сарышаяндардың махаббат жорамалы қандай?

5 мамырдағы Айдың тұтылуы сарышаяндардың интимді өміріне әсер етеді. Жыныстық қатынастағы сәйкессіздік алшақтауға, ал гармония жұптық арақатынасты нығайта түседі. Астрологтар Тали мен Офира Эдуттың пікірінше жұптық арақатынас бұл айда өз шыңына жетеді. Айдың тұтылуы сонымен қатар жұбыңыздың өткеннен оралуына себепші болады.

Мергендердің махаббат жорамалы

Бұл айда мергендер махаббатпен бірге жұмысты да қатар алып жүреді. Жұмыс күндері қолыңыз босамайтындықтан, демалыс күндерін отбасыңызға, балаларыңызға арнаңыз. Басы бостарды ұзақ серуендер, қысқа саяхаттар күтіп тұр. Жаңа махаббатыңызды кезіктіріп, жаңа хоббимен әуестенесіз. Мамырдың екінші жартысында эмоцияға толы кезең басталады.

Егістік алқабындағы қос жұп. Көрнекі сурет
Егістік алқабындағы қос жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тауешкілердің махаббат жорамалы қандай?

Тауешкілерге де айдың тұтылуы әсер етіп, олар барлық жерде өзімшілдік танытады, ол өз кезегінде арақатынастың сууына әкеліп соғады. Мамырда жаңа, шынайы байланыстар орнатыңыз. Бір-біріңізді жақынырақ тану үшін уақытты бірге өткізіңіздер. Жақсы қырыңыздан танылудан қорықпаңыз, тәуелсіздігіңізді жоғалтпаңыз. Бір-біріңізді еркелетуді ұмытпаған жөн әрі жұмыспен қана өмір сүрмеген дұрыс.

Суқұйғышқа қатысты махаббат болжамы

1 мамырдан әсер ететін Плутон бұл жұлдыздың ара-қатынастағы барлық қарыздарын ашып береді. Астролог Джессика Адамстың пікірінше, Плутон алдағы 5 жылдағы ара-қатынасқа да әсерін тигізеді. Суқұйғыштарға бұл айда берген уәделерін орындау керек. Ара-қатынастарыңызда қиындықтар болса, тоқтатқан дұрыс. Мамырдың ортасында мұрагерлік, мүліктің шаруасы шешімін табады. Тойды жоспарлағандар нақты той күнін белгілейді.

Балықтардың махаббат жорамалы

Романтика мен қиялға толы балықтар мамырды махаббатын уайымдаумен өткізеді. Үйленгендер өз жартысына қайтадан ғашық болады. Жаңа жұптарда бір-біріне деген қызығушылық пайда болады. Ал басы бос балықтар өз жартысын әлеуметтік желілер мен танысу сайттарынан іздеуге шешім қабылдайды. Эмоцияларыңызды басқара біліңіз, оны жұмысқа қарай бағыттаңыз.

Жаңа айдың тууы мен тұтылуы махаббатта сан түрлі сезімдерді оятады. Арақатынасыңызды нығайту үшін сырласуға, саяхаттауға, кездесулерге уақыт табыңыз. Жұлдыз жорамалға құлақ түргендер жұптық қатынаста ерекше гармонияға бөленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2019172-romantikalyq-kezdesu-urys-keris-zane-gasyqtyq-mamyrda-zuldyz-belgilerinin-zeke-omiri-qandai-bolmaq/

pixel