jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

Жүргізушісі жоқ: Шотландияда ерекше автобустар жолға шықты

автобустар
Эдинбургтағы автобустар. Көрнекі фото: pixabay.com

Шотландияның Эдинбург қаласында Stagecoach компаниясының алғашқы автономды автобустары жолға шықты. Жүргізушісіз басқарылатын автобус жолаушыларды Шотландия астанасы мен Фирт-оф-Форт шығанағының ар жағында орналасқан Файф округі арасында тасымалдайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ВВС-дің Орыс қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бұл қоғамдық көлік ресми түрде жүргізушісіз басқарылатын автобус деп аталса да, шын мәнінде оның екі адамнан тұратын экипажы бар.

Олардың бірі автоматика істен шыққан жағдайда жол және құрылғыларды бақылайтын "штурман" қызметін атқарса, екіншісі билетті тексеріп, жолаушыларды отырғызуға көмектесетін "капитан" деп аталатын маман.

Stagecoach компаниясының мәліметінше, бір палубалы автобустар аптасына 10 мың адамға дейін тасымалдай алады. Автобустар борттық компьютерде белгіленген маршрут бойынша қатаң түрде ұзындығы 21 километр болатын жол бағытымен 75 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүреді.

Сонымен қатар басылым AB1 белгісін алған маршрут - ел үкіметі субсидиялайтын алғашқы ресми тіркелген жүргізушісіз бағыт болғанын атап өтті.

"Біз Шотландияның шығысында өздігінен жүретін автобустардың бірінші сериясын іске қосқанымызға қуаныштымыз. Бұл - қоғамдық көлікті дамытудың жаңа кезеңі", - дейді Stagecoach компаниясының басқарушы директоры Карла Стоктон.

Айт кетейік, Stagecoach компаниясынан бөлек, жүргізушісіз басқарылатын автобусты құрауға тағы бірнеше фирма мен ұйым қатысқан.

Соның ішінде автобус шығаратын Alexander Dennis фирмасы да бар. Оның Enviro200AV көліктері жолда айналмалы қозғалысты басқару, бағдаршам сигналдарын ажырату, жолақтарды өзгерту секілді күрделі функцияларды орындай алады.

Жүргізушісі жоқ: Шотландияда ерекше автобустар жолға шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.