Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең пайдалы тосап: Қара қарақат тосабын дұрыс әзірлеп жүрсіз бе

Жарияланған күні:

Қарақат бұтасы. Көрнекі сурет
Қарақат бұтасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарақаттың кез келген түрінен қысқа арналған өте дәмді десерттер дайындауға болады. Оның құрамындағы табиғи дәрумендер кешені сақталуы үшін оны қайнатпай немесе бірнеше минут қана қайнатып әзірлейді. Ал көп рецептілердің ішінде қарақатты еттартқыштан өткізіп қайнататын тосап танымал. Қарақат желеге айналып, өзінің ерекше дәмін сақтап қалады.

Қарақаттың ақ немесе қызыл түріне қарағанда қара қарақат тәттірек әрі пайдалырақ. 50 гр қара қарақат ағзадағы С дәрумені қажеттілігінің бір күндік нормасын жаба алады. Ресейдің еуропа бөлігінде қарақатты XI ғасырдан бастап шіркеулерде өсіре бастаған. Ал қарапайым отбасылар тек 500 жыл өткен соң ғана өз бақтарында өсіруге қолдары жете бастаған. Қазіргі кезде хош иісті қарақат десертін балғын немесе қайнатылған түрде, арнайы қыс мезгіліне дайындау кең етек алған.

Сипаттамасы:

Асхана: Еуропалық

Санаты: Десерт

Дайындалу уақыты: 2 сағат 20 минут

Дайындау уақыты: 15 минут

Калориясы: 284 ккал бір порцияға

Құрамы:

Қара қарақат: 2500 гр

Қант: 1 кг

Дайындалуы:

1. Қарақатты дайындап алыңыз

Қарақатты тазалап алыңыз. Бұзылған жерлерін, жапырақтары мен бұтақтарын, піспеген жидектерді алып тастаңыз. Суық сумен жақсылап жуып алыңыз. Сүзгіге салып, артық суының ағып кетуін күтіңіз. Құрғақ сүлгіге салып, толықтай кепкенін күтіңіз.

2. Қарақатты еттартқыштан өткізіңіз

Қарақатты еттартқыштың ең ұсақ пышағын салып, өткізіп алыңыз. Жидекті порциялармен салып, бірыңғай масса болатындай тартып алу керек. Құрғақ, таза ыдысқа салып алыңыз.

Қарақатты еттартқыштан өткізу
Қарақатты еттартқыштан өткізу. Скриншот: YouTube/Ольга Лунгу

3. Қарақатқа қант сеуіп қойыңыз

Тартылған қарақатқа қант сеуіп, қасықпен араластырып аламыз. Қанттың өз сөлінде еріп кетуі үшін бір сағатқа қалдырыңыз. Жиі араластырып тұруды ұмытпаңыз.

4. Қайнатып алыңыз

Қарақат пен қант араласқан ыдысты орташа отқа қойып, қайнатып аламыз. Тәтті тосапты 5 минут қайнату жеткілікті. Қарақатты түбінен жоғарыға қарай араластырып тұру қажет, ыдыстың түбі күйіп кетуі мүмкін.

Қарақатты қайнату. Скриншот
Қарақатты қайнату. Скриншот: YouTube/Ольга Лунгу

5. Консервілеуге арналған ыдысты дайындау

0.5 л банкаларды қақпақтарымен бірге сода қосылған жылы сумен жақсылап жуып алыңыз. Артынан әр банкаға қайнатылған су құйып, стерильдеп алу қажет. Ыдысыңыз сынып кетпеуі үшін суды банканың ортасына құйыңыз. Банканың 1/3 бөлігін ғана сумен толтыру жеткілікті. Қақпағын бірден жауып, 10 минуттай ұстаңыз.

6. Тосапты жабу

Тосап дайын болғанда, суды төгіп тастап, бірден ыстық массаны банкаларға құйып тастаңыз. Негізгі массаны баяу отта ұстауға да болады. Банканы бетіне дейін толтырып жабыңыз. Жабылған банкаларды төңкеріп, толық суығанша қалдырыңыз. Артынша салқын, қараңғы жерде сақтаған дұрыс.

Дайын болған тосап қанық түсін, хош иісін, дәруменге толы құрамын сақтап қалады. Бұндай тосапты табиғи қалпында шайға ұсынуға, тәттілер, желе, т.б пісіргенде пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2021803-en-paidaly-tosap-qara-qaraqat-tosabyn-durys-azirlep-zursiz-be/