2023 жылдың маусымына арналған қаржылық жұлдыз жорамал: маусым айында кім табысты болады
Жарияланған күні:
Айдың толуы, Шолпанның Арыстанға, Меркурийдің Егіздерге өту кезеңі барлық жұлдыз белгісінің қаржылық жағдайының жақсаруына септігін тигізеді. Астролог Дипа Кочхардың маусым айына арналған қаржылық жорамалымен таныс болыңыздар.
Тоқтыларға арналған қаржылық жорамал
Астролог Дипа Кочхардың пікірінше маусымның бірінші бөлігі тоқтылардың қызметінің өсуіне өте ыңғайлы кезең. Командалық жұмысқа күш салу қажет. Бұл айда тоқтыларды достарымен, әріптестерімен бірлесіп орындайтын қызықты жобалар күтіп тұр. Айдың басына көп күш жұмсап, мақсатыңызға жетуге ұмтылыңыз. Айды табиғат аясында демалумен аяқтаңыз. Үйге арналған техниканы сатып алуды, маусымның соңғы аптасына қалдырыңыз.
Торпақтарға арналған қаржылық жорамал
11 маусымға дейін Меркурийдің Торпақтарда болуына байланысты, күмәнді жобаларды, болашағы белгісіз жұмыстарды қолға алмаңыз. Бұл кезең табыс пен шығыстарыңызды есептеп, алдағы уақытқа жоспар құруға өте қолайлы. Одан кейін Меркурий Егіздерге өтуіне байланысты, сізде жұмыста батылдық, дамуға деген құлшыныс пайда болады. Мамандығыңызды ауыстырып, жаңа курстарды оқыңыз. Киімді өлшемей алмаңыз.
Егіздерге арналған қаржылық жорамал
Маусым - Егіздердің айы. Жалақыңыздың өсіп, қарыздардың қайтарылуын, күтпеген түрлі сыйлық күтіңіз. Уақытша жұмыс іздегендер бұл айда қалағанын таба алады. Жұмысты шілдеде ауыстырған дұрыс. Жаңа айдың тууы (18 маусым), Күннің Егіздерге өтуі (22 маусым) мақсаттарыңызды бір жылға алдыға қоюға ықпал етеді. 27 маусымда Меркурий Шаянға өтуіне байланысты, қосымша табыс көзін іздеуге қолайлы сәт. Отбасылық бизнес бастаңыз, балалардың дамуына инвестиция салыңыз, жер немесе үй алуға әрекет жасаңыз.
Шаяндарға арналған қаржылық жорамал
Жаздық Күннің қысқаруына байланысты, 21 маусымнан бастап Шаяндарда жаңа идеялар пайда болады. Сол идеяларды жүзеге асырыңыз. Қалған айдың бөлігін оқуға, имиджіңізді жақсартуға жұмсаңыз. 27 маусымнан бастап Меркурий Шаянға өтеді. Ол жаңа таныстықтарға, келіссөздерге, келісімшартқа отыруға қолайлы кезең. Ақшаңызды үнемді жұмсауға тырысыңыз. Үйге, отбасы мүшелеріне алынған тауарлар сәтті болады.
Арыстандарға арналған қаржылық жорамал
Whimsy Soul әйелдер блогының негізін қалаушы Кара Хармстың жазуынша 5 маусымда Арыстандарға Шолпанның енуіне байланысты, олардың табыс көзін арттыру мүмкіндіктері жоғарылайды. Жеке бас тартымдылықтары артып, олардың келіссөздеріне оң әсер етеді. 10 шілдеге дейін Марс Арыстанда болатындықтан, олардың энергиясы жоғары болады. Ол - өміріндегі оң өзгерістерге де, ұрыстарға да әкелуі мүмкін. Сондықтан ешкіммен дауласпауға тырысыңыз. Ойланбай жасалынған сауда еш пайдасыз болады.
Бикештерге арналған қаржылық жорамал
Бикештерді басқарушы Меркурий 27 маусымда Шаянға өтеді. Бұл кезең әріптесіңізбен үлкен сауда жасауға, инвестицияға, жинақ салуға оң әсер етеді. Отбасыңызды сыйлықтармен қуантыңыз. Жұмыста достық атмосфера орнайды. Алаяқтардың құрсауына түсіп қалмау үшін, көшетін болып шешсеңіз, жаңа жердің барлық жағынан ерекшеліктеріне көңіл бөліңіз. Достарыңыздың кеңесі, қолдаушыларыңыз - жұмыста, үй шаруасында көмектеседі.
Таразыларға арналған қаржылық жорамал
Маусым ауа белгісіндегі жұлдыздарды қаржылық тұрақтылықпен қуантады. Үлкен сыйақыларды күтпеңіз, бірақ қомақты шығындар да болмайды. Жаздың күніне алданып, қаражатыңыздан айырылып қалмаңыз. Ойын-сауыққа табысыңыздың 1/5 бөлігін ғана жұмсап, қалғанын жинап қойыңыз. Жұмыстағы ара-қатынаста сенімділік пен ұстамдылық танытыңыз. Жұмысын ауыстырғысы келетіндер, жұмыстан босатылады. Қаржылық тұрақтылықтан айырылып қалмау үшін, түйіндемеңізді алдын-ала таратып қойыңыз.
Сарышаяндарға арналған қаржылық жорамал
Қаржылық тұрақсыздық, жұмысқа деген қызығушылықтың төмендеуі орын алуы мүмкін. Қызығушылықты арттыру үшін жаңа мақсаттар, қызықты хобби, рухани даму қажет. Ақша, жұмыс мәселесін шешу үшін туыстарыңыздан, табысты таныстарыңыздан кеңес сұраңыз. Қосымша жұмыс алудан қорықпаңыз. Бюджетіңізді жоспарласаңыз, шілдеде де қаражаттан қысылмайтын боласыз. Керек емес заттардан тазалап, сатып жіберіңіз. Түскен қаржыны білімге жұмсаңыз.
Мергендерге арналған қаржылық жорамал
Жұлдызнаманың тоғызыншы белгісін тұрақты табыс, жоғары жалақы, сыйақылар, сыйлықтар күтіп тұр. Табысыңыздың бір бөлігін арманыңызды орындауға қойып қойыңыз. Astro-seek басылымының пікірінше Айдың толуы мергендердің сенімділігін арттырып, оптимизм сыйлайды. Торпақтағы Меркурий кезеңі (11 маусымға дейін) оларды жоспарлауға үйретеді. Кейін Меркурий Егіздерге өтіп, мергендердің кез-келген саудасының сәтті болуына ықпал етеді.
Тауешкілерге арналған қаржылық жорамал
11 маусымнан бастап Тауешкілерге ретро Плутон енеді. Ол қарым-қатынасқа әсер етеді. Әріптестеріңізбен дауласпай, өзіңізді сабырлы ұстауға тырысыңыз. Маусымда үлкен шығындар болмайды, бірақ оқуда, қоғамдық өмірде жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Қаржылық жағдайыңызды көтергіңіз келсе, творчестволық жоба бастаңыз. Жақын туысыңызға да қарызға ақша бермеген дұрыс. Маусымда кез-келген ұсынысқа, өтініштерге бірден келіспей, ойланып шешім қабылдаңыз.
Суқұйғыштарға арналған қаржылық жорамал
Маусымда басты сенетініңіз - ішкі түйсігіңіз болғаны дұрыс. Жаңа жобаны іске қосқыңыз келсе, бала кездегі достарыңызбен бірлесіп, жүзеге асырыңыз. Осы айда жобаға дайындалып, шілдеде оны іске қосыңыз. Қосымша жұмысыңыз ұзақ мерзімді, әрі сәтті болады. Суқұйғыштарға бұл айда толығымен өзгерістер қажет. Жұмысты ауыстыру, бағытын өзгерту, жаңа мамандық иегері болу, ортаңызды ауыстыратын өте қолайлы кезең. Маусымда сәттілік сіздің жақта болғандықтан, кез-келген келіссөздер оң шешімін табады. Табыс тұрақты, шығындар әр сайынғы нормада болады.
Балықтарға арналған қаржылық жорамал
Балықтар үшін жаз өте табысты жыл мезгілі. Knowinsiders оқу-ағарту жобасы бұл мезгілді босқа өткізбеуге кеңес береді. Қажетті сауда жасап, сатушылармен виртуалды түрде саудаласыңыз. Ақшаңызды шілде айында, тексерілген жобаларға салған дұрыс. Табысыңыздан ләззат алу үшін, ай сайын 10% -дан аспайтын соммаға сүйіктіңізге сыйлық сыйлап, қайырымдылыққа жұмсаңыз. Гаджеттеріңізді жаңартып, жыл соңында жаңа көлік алуға әрекеттеніңіз.
Жаздың басы іскер адамдар үшін табысты болмақ. Мансабыңызды өсіру үшін астрологтардың кеңесіне құлақ түріп, ақшаңызды ойын-сауыққа емес, инвестицияға салыңыз. Шолпан,Меркурий, Марс, Сатурн, Плутонның әсеріне назар аударыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2022708-2023-zyldyn-mausymyna-arnalgan-qarzylyq-zuldyz-zoramal-mausym-aiynda-kim-tabysty-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.