Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқты мен Сарышаян махаббатта, достықта және қызметте өзара қалай тіл табысады

Опубликовано:

Жер үстінде жатқан ғашықтар. Көрнекі сурет
Жер үстінде жатқан ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тоқты мен Сарышаян - жұлдыздардың ішіндегі ең мықты бестікке кіретін белгілер. Өмірде олар бір-біріне бәсекелес, десе де олардың басын қосатын ортақ істер де жоқ емес. Қос жұлдыз өзара қалай үйлесетінін астролог Адити Балсавер бөліседі.

Бұл материалдан сіз:

1) Тоқты белгісінде туған ерлер мен сарышаян белгісінде туған әйелдің өзара тіл табысуы;

2) Тоқты белгісінде туған әйелдер мен сарышаян белгісінде туған ерлердің өзара тіл табысуы;

3) Тоқты мен Сарышаян белгісінде туған жандардың өмірдің түрлі салаларында тіл табысуы.

Тоқты белгісінде туған ерлер мен сарышаян белгісінде туған әйел

Бір-біріне деген тартылыс, эмоционалды ұқсастық, екі көшбасшының мысы Марстың ықпалымен берілген. Жұпта екі жұлдызды белгінің сәйкестігі оң.

Махаббат

Астролог Адити Балсавердің пікірінше, әңгіме махаббат жайлы қозғалғанда, екі жұлдызды белгінің жүректері ядролық жарылыстай реакциямен қосылады. Басты қауіп - бір-бірін бағынышты қылып, жаулап алғысы келетіндігінде. Әйел Сарышаянға тоқтының келбеті, мақсатқа жете білуі, көшбасшылығы ұнаса, ашуланшақтығы мен турашылдығы мүлдем ұнамайды. Ал Тоқты белгісіндегі ер азаматқа, Сарышаян әйелдің мықтылығы, тәуелсіздігі, түр-әлпеті ұнаса, қулығы мен манипуляция жасауы ұнамайды.

Отбасы

Бұл екі жұлдызды белгіде туғандар арасында тек қана ғашықтық емес, сонымен қатар бір мақсатқа ұмтылған кезде, олар үйленуге шешім қабылдайды. Ата-ана болуға асықпайды. Күнделікті өмір сүру ритмін бұзбай, олар балаларын өзіне икемді етіп тәрбиелей алады. Әйел Сарышаян ақылды әрі жауапкершілігі мол ана бола алады. Бірінші күннен балалардың әкесін тәрбие беруге тартса, әке мен бала арасында үзілмейтін байланыс орнатуға болады.

Жыныстық қатынас

Олардың арасында өте жақсы физикалық байланыс бар. Бірақ әйелдің еріне үстемдік жүргізуі қажет емес. Бұл жұпта ер азамат қамқор болып, жайлы өмір сыйласа, әйел көңіл-күй көтеріп, қарым-қатынастың қызықты болуына жауапты. Сарышаян мен Тоқтылар бір-біріне деген құмарлығы жоғары жұптарға жатады. Оларға жыныстық қатынасты спортқа айналдырмай, қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн. Бір-бірін шектеуді, амбицияларын, көшбасшы болуға талпыныстарын ысырып қойса, өте үйлесімді жұп бола алатындықтары сөзсіз.

Табиғат аясында отырған отбасы. Көрнекі сурет
Табиғат аясында отырған отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйел Тоқты мен еркек Сарышаянның сәйкестігі

Astrotalk астрологиялық сайты бұл жұптың махаббатағы сәйкестігі 82 пайызды құрайды деп есептейді. Жұпта әйелге кездейсоқ арақатынас қажет емес, ал ері мықты, терең ойлы адамдарды жақсы көреді.

Махаббат

Астролог Калпеша Шахтың басқаруындағы астрологиялық баспа My Pandit пікірінше, бұл жұп өмірінің соңына дейін бірге болады. Әйел Тоқтыға Сарышаянның ерлігі, құмарлығы, белсенділігі қатты ұнайды. Ал еркек Сарышаян ғашығының нақтылығын, өзіне сенімділігін, тәуелсіздігін бағалайды. Бұл жұп ең мықты екі темпераменттен құралған ашық, берік, шынайы бірлестік болатыны сөзсіз. Оларға құмарлығын басып, бірлескен жобаларға көбірек көңіл бөлу керек. Көшбасшылыққа таласу қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Неке

Қос белгінің бір-біріне тартылысы өте жоғары болғандықтан олар көп ойланбастан үйленуге де тәуекел етуге дайын. Оларды ортақ мақсат - отбасылық ұясын құру идеясы біріктіреді. Бұл істе ері техникалық жағын өзіне алса, әйелі безендіру мен дизайн жағына жауапты.

Жыныстық қатынас

Бұл жыныстық қатынаста үйлесімді жұп. Әйел Тоқтылар Сарышаян еркектерге өмір бойы құмар. Жұптар бір-бірінің қажеттіліктерін сөзсіз түсіне алады. Бұл түсіністікті жоғалтып алмас үшін олар жиі үзіліс алып тұру қажет. Қызғаныш сезімін тудырып, төсекте кешірім сұраудың қажеті жоқ. Жыныстық қатынаспен манипуляция жасап, төмен деңгейге түспеңіз.

Қос ғашық. Көрнекі сурет
Қос ғашық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тоқты мен Сарышаянның түрлі бағыттардағы сәйкестігі

Thoughtcatalog баспасы бұл екі жұлдыз бірге жұмыс істеуі өте нәтижели деп болжайды. Олардың тіл табысуы 99 пайызға сай келеді деп есептейді. Әрқайсысы өз бағытына жауапты болса, тіптен керемет делінген.

Достықтағы сәйкестігі

Олар өмірде көрші, дос, әріптестер болып кездесіп қалса, бір-бірін аса үлкен қызығушылықпен танып-білуге тырысады. Екеуі де көшбасшы болғандықтан, ең жақын достар болып кетуі өте қиын. Бірақ темпераменттерінің ұқсастығы, уақытты қызықты өткізуге ықпал етеді. Олар спортта бір топқа түсіп қалатын болса, саяхаттауда, демалыстың экстремалды түрлерінде бір-бірін жақсы толықтырады.

Жұмыс пен бизнесте Тоқты мен Сарышаянның сәйкестігі

Zodiacsign баспасының жазуынша олардың бір-біріне сенім артуы бойынша сәйкестігі 90 пайызға тең. Олар жұмыста немесе бизнесте сатқындық жасамайды. Мықты мінез, ақыл, өмірлік тәжірибе, харизма, материалдық жағынан тәуелсіз болуға тырысу сияқты қасиеттер Тоқты мен Сарышаянды керемет нәтижеге шығара алады. Төзімділік, тез шешім қабылдау, жаңа міндеттерден қорықпау Тоқтыға тән болса, Сарышаян стратегиясымен, нақтылығымен, бақылау қасиетімен ерекшеленеді. Ол жоспарлауды, стратегия қолдануды ұнатады. Тоқтылар келіссөздерді жоғары деңгейде жүргізсе, Сарышаян жобаның бақылаушысы рөлінде іске араласады.

Үй шаруасындағы Сарышаян мен Тоқты

Екі жұлдызды белгі де тазалықты, жайлылықты, дәмді тамақтануды, жұмсақ жерде ұйықтағанды ұнатады. Тоқтылар ұйымдастыру жағын, сатып алуды өз мойнына алса, Сарышаяндар ас әзірлеуге жауапты. Үй жинауды екеуіде ұнатпаса да, тазалықты ұстанады. Олар үйді таза ұстап, бір-бірінің шекарасынан асып кетпейді. Сарышаян өзімен-өзі қалғанды ұнатса, Тоқтылар - ұйқысын қандырып, демалады. Сондықтан Сарышаян жуыну бөлмесінде, Тоқтыларға жатын бөлмесінде өзін жайлы сезінеді. Әр түрлі жыныстағы жұлдызды белгілердің бір-біріне нейтралды қарым-қатынасты ұстануы қиынға соғады. Сондықтан олар отбасымен, жұбымен бірге араласқаны дұрыс.

Сарышаян мен Тоқтының ғаламшары - Марс. Бұл планета оларды мықты жұпқа немесе жауға айналдыруы мүмкін. Мінездерінің ерекшелігін, бір-бірінің қызығушылығы мен мақсатқа жете білуін ескере отырып, олар махаббатта, достықта, жұмыста баланс таба алатын, мықты жұп бола алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2022871-toqty-men-sarysayan-maxabbatta-dostyqta-zane-qyzmette-ozara-qalai-til-tabysady/