Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маусым айына арналған Таро жұлдыз жорамалы

Опубликовано:

Таро карталары
Таро карталарындағы бейнелер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаз мезгілі рухани өзгерістің, жаңа іс пен серіктестердің және имидж өзгерісінен басталады. Зодиак белгілерін бұл айда не күтіп тұр? Тарологтар Анна Аржеванидзе мен Виктория Штелльхорн жасаған болжамды назарға ұсынамыз.

Тоқтыларға арналған Таро жұлдыз жорамалы

Тоқты үшін жаздың алғашқы айы Алты асатаяқ, Сәттілік дөңгелегі және Тұз текшелері карталарымен басталады. Мұның мағынасы маусым айы қуанышты оқиғаларға толы болады дегенді білдіреді.

2023 жылдың маусым айы бойынша Тоқтыларға арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай? Болып жатқан жағдайларға қарай жеңіс, даму, материалдық және рухани принциптердің тепе-теңдігі, сенімділік пен келісім болуы мүмкін. Күш пен шабыттың көтерілуі бұрынғы жетістіктердің әрі қарай дамуына ықпал етеді. Маусым айы махаббат әлемінде жағымды жайттармен жалғасады.

Торпақ үшін 2023 жылдың маусым айына арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай?

Торпақ сенімді, табысты әрі білім алуға, ақпаратты қабылдауға және үйренуге әркез дайын тұрады. Айдың бірінші жартысы жаңа істермен, саяхатпен, келіссөздермен байланысты болады. Ал екінші жартысы жұмыс және күнделікті тұрмыспен өтеді. Денсаулық жағдайы қуантады, махаббат бойынша жаңа танысулар күтеді.

Перспективалық болжамды таролог Виктория Штелльхорн құрастырды. Болжам Қылыштар патшайымы, Сайқымазақ үлкен арканасы және Паж таяғы Таро карталарына негізделген.

Егіздер үшін маусым айындағы Таро жұлдызнамасы

Ауа белгісін бұл айда қызмет, қарым-қатынас және денсаулық ахуалы бойынша өркендеу күтеді. Арман-тілектер орындалып, жоспарлар жүзеге асады. Бұл Бесбұрыш үштігі, Қылыштар төрттігі және Бесбұрыш төрттігі карталарымен көрсетілген.

2023 жылдың маусым айы бойынша Егіздерге арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай? Маусым айында Егіздер ерекше күш-қуатқа ие болып, ақша мен мүлік жағдайын нығайтады. Әрбір ісі әдеттегідей кезең-кезеңімен жалғаса береді. Көпшілігі демалысқа шығады немесе санаторийлерге барады. Қарым-қатынас бойынша татулық күтеді. Егіздер бұл айда мейлінше оқшауланып, жалғыз демалғанды қалайды.

Шаяндарға арналған 2023 жылдың маусым айындағы Таро жұлдыз жорамалы қандай?

Өзіңізді сенімді, дұрыс әрекет етуге дайын сезінесіз. Маусым айының бірінші жартысында мерекелер мен көпшілік алдында өнер көрсетуді күтіңіз. Ал екінші жартысында шаруаларыңызды ретке келтіріп, жақсы қорытындылайсыз. Маусым айында өміріңізді ептілікпен басқара отырып, өз қолыңызға алуға тура келеді. Мұндай болжамды үлкен аркана - Патша мен Әділдік, сондай-ақ кіші аркана - Ыдыстар тоғыздығы болжайды.

Арыстанға арналған маусым айындағы Таро жұлдыз жорамалы

От белгісі маусым айында өзіне сенімді әрі не қалайтынын және оған қалай қол жеткізуге болатынын нақты біледі. Бұған Сиқыршы, Паж және Ыдыстар ондығы үлкен арканалары арқылы болжам жасалды.

2023 жылдың маусым айы бойынша Арыстандарға арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай? Арыстан қалай болғанда да қалаған дүниесіне қол жеткізіп, болашағы зор жобалар арқылы өмірін жақсартқысы келеді. Жаңа ай танысулар мен жақсы әсерге толы болмақ. Айдың соңы үйдегі жайлылық пен бақыт құшағында аяқталады. Арыстанды саяхат пен жағымды эмоциялар күтіп тұр.

Саяхатшы жұп
Саяхатқа шыққан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш үшін 2023 жылдың маусым айына арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай?

Бикеш барлығын алдын-ала жоспарлайды, бюджетін бақылай отырып, таңдау жасайды. Ол кіммен және қайда тұру керегін, қандай кәсіппен айналысуды және қандай бағытқа қарай қадам жасау қажет екенін шешеді. Бұл адалдықты және ішкі түйсікті талап етеді. Маусым айы белсенділікпен аяқталады, көздеген барлық мақсат орындалады.

Бикешке артқа қарамай, мұқият алға жылжу керек. Бұл жөнінде Қылыштар пажы, Ғашықтар үлкен арканасы және Таяқтар патшайымы айтады.

Таразылар үшін 2023 жылдың маусым айындағы Таро жұлдыз жорамалы

Ауа белгісі маусым айында қаржы және материалдық мәселелермен айналысады. Бұл жайлы Паж және Бесбұрыш ондығы, сондай-ақ Қылыштардың пажы көрсетуде.

Таразылар үшін 2023 жылдың маусым айындағы Таро жұлдыз жорамалы қандай? Таразылар ақша табумен, жинақтаумен және оқумен шұғылданады. Тағдырдың тарту ететін барлық мүмкіндігін пайдаланады. Байлықты, қанағатшылдықты сезінеді. Отбасында бәрі тұрақты, қауіпсіз, таза. Бұл ай мақсат пен құндылықтарды қайта қараумен аяқталады.

2023 жылдың маусым айы бойынша Сарышаянға арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай?

Маусым айы эмоцияға өте бай болады, бірақ оның бәрі қуаныш әкелмеуі ықтимал. Көптеген арман, күмән мен жоспарлар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мұндай болжамды Жетілік және Ыдыстар сегіздігі, сондай-ақ, Күш үлкен арканасы көрсетті.

Маусым айында тоқыраудан шығу, эмоционалдық жетілу болады. Сарышаян жұмыс орнын, серіктестерін өзгертеді, өзі күшейе түседі әрі сергек болады. Ол ерік-жігерін жұдырықтай жинап, барлық кедергіні жеңіп, жаңа серпіліспен шешім қабылдайды.

Ұжымдастар суреті
Жиынға қатысқан ұжымдастар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер үшін маусым айына арналған Таро жұлдызнамасы

Бұл ай Мергендер үшін кәсіби біліктілікті арттыру және қаржылық даму кезеңі болмақ. Мұндай болжамды таролог Ева Лехтцер және Бесбұрыш патшасы, Әділдік үлкен арканасы мен Күйме карталары жасады. Тһе Tarot Guide мұны ерік-жігер арқылы кедергілерді жеңу картасы деп атайды.

Мергендер үшін 2023 жылдың маусым айына арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай? Маусым айында тәлімгермен, көшбасшымен немесе досыңызбен өзара әрекет жасаңыз. Қаржылық деңгейіңізді арттырып, сеніміңізді нығайтыңыз. Емтихан тапсырыңыз, тексеруден өтіңіз, құжаттарды реттей отырып, кәсіби деңгейіңізді арттырыңыз. Табыстың өсуін, әр түрлі жерлерден түсетін ақшаны күтіңіз. Көпшілігі көшеді және көлік сатып алады.

2023 жылдың маусым айы бойынша Тауешкіге арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай?

Маусымда Тауешкілер адамдарға, қаржыға және жағдайларға байланысты тәуелділіктен арылу үшін таңдау жасауға мәжбүр болады. Мұны Ғашықтар үлкен арканасы, Бестік және Бесбұрыш тоғыздығы дәлелдейді. Айдың нәтижелері толығымен шешім қабылдауға және өзіңізге деген махаббатқа байланысты болады.

Маусым айында өміріңізді жақсарту үшін жайлылық аймағынан шығу керек. Қажетсіз адамдар мен оқиғалар өткен күндердің еншісінде қалады. Молшылық, өзін-өзі қамтамасыз ету сезімін беретін іс пайда болады. Басқалардың пікірі мен күмән келтіруіне мән бермеңіз, батыл түрде алға ұмтылыңыз.

Маусым айы бойынша Суқұйғышқа арналған Таро жұлдыз жорамалы

Оны өмірдің барлық бағыты бойынша бұдан былай кейінге қалдыруға болмайтын өзгерістер күтуде. Бұған таролог Анна Аржеванидзенің болжамындағы Мұнара үлкен арканасы, Бесбұрыш төрттігі және Рыцарь таяқтары дәлел.

2023 жылдың маусым айы бойынша Суқұйғышқа арналған Таро жұлдыз жорамалы қандай? Ескірген стереотиптер, ойлар мен идеялар жойылады. Жаңа адамдар мен оқиғаларға жол ашып, өткеннен бас тарту қажет. Ішкі күй шырмаулы, бірақ Суқұйғыш өзгерістерге құшақ жая ашылуы керек. Күш-қуат көтерілуі мүмкін, бұл маусым айында көздеген барлық мақсатқа жетуге көмектеседі.

Балықтар үшін 2023 жылдың маусым айындағы Таро жұлдыз жорамалы қандай?

Балықтар ескі күндерді артқа қалдырып, өзгерістерге толы өмірдің жаңа кезеңін бастайды. Олар кімді жақсы көретінін, кімге қамқорлық танытатынын, неге ұмтылатынын және қандай дүниеге қол жеткізгісі келетінін түсінеді. Болашақты өзгертуге бағытталған сәтті әрекеттер үшін күш-қуат та жеткілікті болады. Маусым рухани өсумен және өмірдің әдемі әрі ғажайып екенін түсінумен тәмамдалады.

Су белгісі үшін жаз серпіліспен және өмірдің жаңа кезеңіне енуден басталады. Мұндай болжамды Ыдыстар сегіздігі, Сиқыршы және Абыз әйел карталары айтады.

Танымал тарологтардың айтуынша, маусым айы зеріктірмейді. Жаздың алғашқы айы ең батыл жоспарларды жүзеге асыру үшін көп мүмкіндік пен күш береді. Маусымның әлеуетін пайдаланып, өз ресурсыңызға және Таро карталарының болжамына сүйене отырып, мақсаттарыңызға қарай жылжи түсіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2022955-mausym-aiyna-arnalgan-taro-zuldyz-zoramaly/