Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай белгі сүйгенін кездестіреді: 2023 жылдың маусымына арналған махаббат жұлдызнамасы

Опубликовано:

Бір-біріне ғашық жандар. Көрнекі сурет
Бір-біріне ғашық жандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күн мен Меркурийдің Шаянда, Шолпанның Арыстанда болуы романтикаға, отбасылық арақатынасқа әсерін тигізетіні сөзсіз. Астролог Джессика Адамс әр жұлдызды белгінің маусым айында жеке өміріне қатысты болжам жасады.

Тоқтылардың махаббат жұлдызнамасы

Шаяндағы Меркурий Тоқтылардың ренішке бой алдырып, сынды көтере алмауына әсер етеді. Дене бітіміңізге, имиджіңізге, өзіңізді бағалауыңызға көңіл бөліңіз. Маусымның екінші жартысында жұмыстың көптігінен махаббатқа уақыт тапшы болады. Астролог Александр Леттман Тоқтылар үшін бұл ай өте қызықты болады деп болжайды. Сүйіктісі барлар некеге тұрып, үйленуге қадам жасайды. Ал басы бос тоқтылар жалғыз өзі саяхаттауға шығып, өзіне тең адамдарға ғашық болады.

Торпақтардың махаббат жұлдызнамасы

Берік жұп үшін өзімшілдік жақсы серік болмайды. Астролог Джессика Адамс торпақтарға 2023-2024 жылдары қарым-қатынасын реттеуге кеңес береді. Меркурийдің әсері салдарынан сүйген адамымен тіл табысуда қиындықтар туындауы мүмкін, сондықтан жұбыңызды ренжітіп алмауға тырысыңыз. Жалғызбастылар өте тартымды адаммен танысады. Айдың үшінші бөлігі сөз салып, махаббатыңызды білдіруге өте қолайлы кезең. Маусымда бұрын жүрген адамыңызбен арадағы түсініспеушіліктерді талқылауға қолайлы ай.

Егіздердің махаббат жұлдызнамасы

Астролог Тена Стюарттың пікірінше, Егіздердегі Меркурий оларға барлық есікті ашып береді. Танысыңыз, сезіміңізді білдіріңіз, ренжісіп қалсаңыз жұбыңызбен татуласыңыз. Бұл айда Егіздер алдағы өміріне белсенді түрде жоспар құрады. Жұбыңызға жоспарларыңызды бөлісіңіз. Шынайы ашыла білгендер өзін бақыттырақ сезінетін болады. Басы бостар үшін айдың соңы қызыққа толы.

Қос ғашық. Көрнекі сурет
Қос ғашық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндардың махаббат жұлдызнамасы

Күннің Шаянға өтуі олардың отбасына, туыстарына, балаларына, ата-аналарына көңіл бөлуіне оң ықпал етеді. Астрологтар Тали мен Офира Эдут бұл кезеңді жіберіп алмауға кеңес береді. Ұрпақ жалғастыруға деген ынтасы пайда болса таң қалмаңыз. Демалысыңызды жұбыңызбен, үйде өткізген дұрысырақ. Басы бос шаяндар достарының ортасынан жаңа адаммен танысады. Бұл таныстықтың арты әдемі романға айналып кетуі де мүмкін.

Арыстандардың махаббат жұлдызнамасы

Бұл ай Арыстандарға ерекше естеліктер қалдыратыны сөзсіз. Махаббат тақырыбы бұл айдың негізгі мәселесі болмақ. Әдемі болып жүруге, кездесуге баруға, сезім білдіруге деген ынта пайда болады. Маусымның алғашқы жартысы бала көтеруге қолайлы. Егіздердегі Меркурий таныстықтарыңызды ұлғайтып, жұп ішіндегі сұрақтардың шешілуіне ықпал етіп, кекілжіңдердің алдын алады. Басы бос Арыстандар жаңа таныстықтардан, жаңа роман құруға тырысады.

Бикештердің махаббат жұлдызнамасы

Маусымда Бикештерді отбасылық мерекелер, жеке өмірдегі өзгерістер күтіп тұр. Көбі ескі жұптарымен ажырасып, жаңа махаббатарын кездестіріп, некеге тұрады. Жұбыңызға көп ақыл айтудан аулақ болыңыз. Меркурий Егіздерде болған кезеңде неке келісімшартына тұрған дұрыс. Сүйіктіңізбен өз қиялыңызбен бөлісіп, қажеттіліктеріңізге көңіл бөліңіз. Қарым-қатынасқа жаңашылдық енгізіп, жақсы сезімдерге бөленіңіз.

Су жағасындағы ғашықтар. Көрнекі сурет
Су жағасындағы ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразылардың махаббат жұлдызнамасы

Отбасының толығуын күтіңіз. Қамқорлық танытып, мазалап жүрген сұрақтардың шешімін табуға тырысыңыз. Басы бос таразылар үшін жаңа таныстықты достыққа, одан әрі некеге ұластыру мүмкіндігі бар. Таразылардың жеке өмірі бұл айда жылулыққа толы. Берік жұптар үшін маусым ерекше жағымды кезең болмақ. Көп жұптар саяхатқа аттанып, демалуға мүмкіндік алады. Қарым-қатынастағы кез келген өзгеріске дайын болыңыз. Мойныңызңа артық міндеттеме алуға асықпаңыз, жауапкершіліктен қорықпаңыз.

Сарышаяндардың махаббат жұлдызнамасы

Сүйіктіңізбен татуласудың жолын ішкі түйсігіңіз сездіреді. Отбасылы Сарышаяндарда барлығы жақсы болады, ал жалғызбастылар жұбын табады. Жұмыста немесе кеште өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндік бар. Сыртқы келбетіңізге, имиджіңізге назар аударыңыз. Жағымсыз мінезіңізбен күресетін уақыт келген секілді. Бұл өзгерістер жаныңызға жақын адамыңызды табуға септігін тигізеді.

Мергендердің махаббат жұлдызнамасы

Маусым айында Мерген және оның жұбында қуанышты ортақ сәттер, көп болып, алға жаңа мақсаттар қойып, соған ұмтылады. Махаббат жайлы кейбір сұрақтарды ақылмен шеше білгендер айдың соңында туындауы мүмкін даулы мәселеден құтылып кете алады. Жалпы маусым Мергендер үшін романтика мен татуласу айы. Реніштерді артта қалдырып, арақатынасыңызды нығайтуға көңіл бөліңіз. Бір-біріне сенімді жұптар үйлену тойына дайындала берсе болады. Үй алғысы келетіндер мақсатына жетіп, жалғызбастылар жұбын оңай таба алады.

Жартас үстінде отырған жұп. Көрнекі сурет
Жартас үстінде отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тауешкілердің махаббат жұлдызнамасы

Бұрынғы әріптестеріңізбен заңға байланысты сұрақтарды шешуге тура келеді. Тауешкілер келісе алады. Қарым-қатынасын жаңғыртқысы келетіндер, ескі қателігінен сабақ алуы керек. Жаздың шырайын бұзғыңыз келмесе ұрыспаңыз, өзіңізді сабырлы ұстауға тырысыңыз. Маусымда құрылған ортақ жоспарларыңызды жүзеге асыруға қыркүйек айы қолайлы. Басы бос Тауешкілер айдың бірінші жартысында сүйіктісін кездестіріп, махаббатта жолы болады.

Суқұйғыштың махаббат жұлдызнамасы

Астролог Дипа Кочхар Суқұйғыштар үшін ай даудан басталады деп ескертеді. Оны басу үшін қамқорлық пен махаббат танытыңыз. Басы бос жандар шілдеде өз теңін табады. Оларға спортпен, диатамен шұғылданған абзал. Екі жұп ортақ шешім арқылы қосылса немесе айырылысатын болса ай сәтті болады. Жаңа танысқандар бірден бірге тұруға асықпаңыз. Бір-біріңізді сынап, ортақ хобби, ортақ мақсат қоя біліңіз.

Балықтардың махаббат жұлдызнамасы

Меркурий кезеңі өткен соң Балықтар жақсылап демалғысы келеді. Күннің Шаянға өтуіне байланысты алдамшы сезімге сеніп қалмаңыз. Қарым-қатынастағы қиыншылықтарды шешіп, ондай жағдайларды болдырмауға тырысыңыз. Махаббатқа деген мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Айдың екінші немесе үшінші бөлігі сезімге толы болады. Өзімшілдігіңізді басып, жұбыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Басы бос Балықтар өзіне қызықты жанмен таныстықты бастайтын уақыты туындады, жаңа жұбыңызды ескі достарыңыздың ортасынан іздеңіз. Сіздің назарыңызға, махаббатыңызға мұқтаж және бұрыннан сізді күтіп жүрген жан бар. Соны тани біліңіз.

Маусым танысуға, неке қиюға, бала тууға өте қолайлы мезгіл. Арақатынасты түзетіп, кешірім сұрағысы келетіндер үшін де бұл оңай ай болмақ. Жұлдыздардың кеңесіне назар аударсаңыз, бұл айда махаббат сізді табатыны сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2023052-qai-belgi-suigenin-kezdestiredi-2023-zyldyn-mausymyna-arnalgan-maxabbat-zuldyznamasy/